«Катонқарағай ауданы бойынша білім бөлімі» ММ-нің қамқоршылық және қорғаншылық органының 2023 жылы көрсеткен мемлекеттік қызметтер бойынша есебі

ҚР Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 24 сәуірдегі № 158 бұйрығымен бекітілген Отбасы және балалар саласында мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына сәйкес, қамқоршылық және қорғаншылық бөлімі мемлекеттік қызметтің 10 түрін көрсетеді.

 2023 жылы барлығы 101 мемлекеттік  қызмет көрсетілді.

-Баланы (балаларды) патронаттық тәрбиелеуге беру және патронат тәрбиешілерге берілген баланы (балаларды) асырап-бағуға ақшалай қаражат төлеуді тағайындау-0,

- Баланы қабылдайтын отбасына тәрбиелеуге баланы (балаларды) беру және оларды күтіп-бағуға ақшалай қаражат төлеуді тағайындау-0,

-ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жетім баланы және (немесе) баланы асырап алуға байланысты біржолғы ақшалай төлемді тағайындау-1 ("Электрондық үкімет "веб-порталы),

Он жасқа толған баланың пікірін есепке алу туралы қорғаншы және қамқоршы органның шешімін беру-22 (мемлекеттік орган),

Ата-ана құқықтарынан айырылған, балаға теріс әсер етпейтін ата-аналарға баламен кездесуге рұқсат беру-0,

-жетім балаға (жетім балаларға) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаға (балаларға) қамқоршылық немесе қорғаншылық белгілеу-4 (мемлекеттік корпорация),

- Қорғаншыларға немесе қамқоршыларға жетім баланы (жетім балаларды) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы (балаларды) асырап-бағуға жәрдемақы тағайындау-3(мемлекеттік корпорация),

-Қорғаншылық және қамқоршылық жөнінде анықтама беру-2, ("Электрондық үкімет" веб-порталы),

-  Кәмелет жасқа толмаған балалардың мүлкіне иелік ету үшін анықтамалар беру-38 ("Электрондық үкімет" веб-порталы),

- бала асырап алуға тілек білдірген адамдарды есепке қою-0.

Дата публикации
02 апреля 2024