Ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалармен жүргізілген жұмыс туралы ақпарат 2023 жыл қыркүйек

Ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалармен  жүргізілген  жұмыс туралы ақпарат

2023 жыл қыркүйек

 

Катонқарағай ауданы бойынша қазіргі уақытта 23 бала қорғаншы және қамқорлыққа алынған. Олардың 15- жетім, 8-сі ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балалар, оның ішінде  ата-аналар құқығынан құқығынан айырылғандардың балалары -5, сотпен әрекетке  қабілетсіз деп деп танылған-1, ата-ана құқығынан шектелген-1, ұзақ уақытқа ем қабылдап жатқан-1.

 

колледж

Мектеп жасындағылар

барлығы

6

17

23

Қорғаншылық пен қамқорлыққа алынған балалардың әрқайсысының қажеттілігін өтеуіне ай сайын  10 МРП (34500 тг) көлемінде жәрдемақы төленеді. Қамқоршылар жылына екі рет қамқорлық және қорғаншылық әдіскеріне жәрдемақының жұмсалуы туралы есеп беріп отырады және мәліметтер республикалық базаға енгізіледі.

Жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар туралы РБД деректер қорына есептегі 23  оқушы және 19 қамқоршы туралы мәліметтер толық енгізілген.  Әр баланың тіршілік ету жағдайы сынып жетекшілері, мектеп психологтары және тәрбие ісінің меңгерушілерімен зерттеліп,тұрмыс жағдайын тексеру актілері толтырылады.

23 баланың ешқайсысының меншік құқығында бекітілген тұрғын үйі жоқ.  Жалпы үлестік меншік құқығында жылжымайтын мүлікке-2 баланың үлесі бар. Олардың үлестік меншік құқығы мен жылжымайтын мүлік объектісіне шектеу  салынған. Сондықтан балаларды иеліктен шығару, оның ішінде үйді айырбастау немесе сыйға тарту бойынша мәмілелер жасауға жол берілмейді. Барлық 18 жасқа дейінгі жетім балалар мен ата– анасының қамқорлығынсыз қалған балалар мұқтаждар қатарынан мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй алу үшін дер кезінде есепке қойылған.

Аудан бойынша  "Жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, жиырма тоғыз жасқа толмаған, кәмелетке толғанға дейін ата-анасынан айырылған, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар" санаты бойынша  мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй алу үшін барлығы 80 бала есепке қойылған. Соңғы 3 жылда аудан бойынша кезекте тұрғандардың осы санаты үшін 8 пәтер бөлінді.

2022-2023  оқу жылында ата - анасының қамқорлығынсыз қалған  4 бала анықталып,   оларға қамқорлық (қорғаншылық)  тағайындалды,  1 баланы қамқоршысы асырап алды.  Өмірлік қиын жағдайдағы 6 бала анықталып, олар Бұқтырма кентіндегі «Алтай ауданының  кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына» орналастырылды. Солардың  4-і  ата-аналарына қайтарылса, 1 бала «Үміт» балалар үйіне орналастырылды,   1 баланың  статусын анықтау жұмыстары жүргізілуде (уақытша Өскемендегі балалар үйінде).

 

 

2022/23 оқу жылындағы қамқорлықтағы балалардың еңбекке орналасуы туралы мәлімет

сыныбы

оқушы саны

колледж

11- сынып

0

 

9- сынып

1

1(КАТК) грант

Бұл категориядағы балалар оқулықпен, ыстық тамақпен және  мектеп формасымен  толықтай қамтамасыз етілді.  Осы санаттағы және аз қамтылған отбасынан шыққан 18 оқушыға Президенттік  және облыс әкімінің «Жасыл шырша» мерекесі өткізіліп, нетбуктер мен Ертегілер кітабы тарту етілді. Жалпыға бірдей білім беру қорынан аяқ киіммен, Жаңа жыл мерекесіне орай сұраныстарына байланысты қыстық киімімен және жаңа оқу жылында мектеп формасына бөлінген ақшалай қаражатпен қамтамасыз етілді.

 

 

Шығыс Қазақстан облысы

білім басқармасының

«Катонқарағай ауданы бойынша

білім бөлімі» ММ басшысы                                                          Г.Кошенова

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Орынд.Г.Раимжанова

87234129055

 

 

Дата публикации
07 ноября 2023