Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексі 94-бабының 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған:
1) Субсидиялау қағидалары;
2) алып тасталды - ҚР Үкіметінің 02.06.2025 № 400 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
3) алып тасталды - ҚР Үкіметінің 02.06.2025 № 400 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
4) алып тасталды - ҚР Үкіметінің 02.06.2025 № 400 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
5) Кепілдік беру қорлары шеңберінде кепілдік беру қағидалары;
6) алып тасталды - ҚР Үкіметінің 02.06.2025 № 400 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
7) Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілері үшін мемлекеттік гранттар беру қағидалары;
8) Инженерлік инфрақұрылым жүргізу қағидалары бекітілсін.
9) алып тасталды - ҚР Үкіметінің 02.06.2025 № 400 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 02.06.2025 № 400 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігіне жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
О. Бектенов |
| Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 17 қыркүйектегі № 754 қаулысымен бекітілген |
Cубсидиялау қағидалары
Ескерту. Қағидалар жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 02.06.2025 № 400 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Субсидиялау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 94-бабының 3-тармағына сәйкес әзірленді және қаржыландырудың мынадай түрлері үшін субсидиялауды ұсыну тәртібін айқындайды:
1) екінші деңгейдегі банктер берген кредиттер;
2) лизинг компанияларының лизингтік мәмілелері;
3) ислам банктерінің/ислам лизинг компанияларының кірісін құрайтын тауардың үстеме бағасы және жалдау төлемінің бөліктері;
4) краудфандингтік платформа арқылы берілген қарыздар.
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) айналым қаражатын толықтыруға арналған мақсат – кәсіпкердің қаржы құралын пайдалануы, мұндай пайдалану кәсіпкердің операциялық (ағымдағы) қызметін жаңартылатын/жаңартылмайтын негізде қамтамасыз етумен байланысты болады және салықтық міндеттемелерді, зейнетақы аударымдары мен әлеуметтік аударымдарды, кедендік төлемдерді/алымдарды/баждарды төлеуді жоққа шығарады;
2) банк – осы Қағидаларды іске асыру шеңберіндегі қызметті жүзеге асыратын екінші деңгейдегі банк (бұдан әрі – ЕДБ);
3) банк-төлем агенті – лизинг компаниясының қаржы агенттігімен келісілген және лизинг компаниясының жобалар бойынша субсидияларды аударуға және есептен шығаруға арналған арнайы шотын жүргізу жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын уәкілетті банкі;
4) банктік кредит (бұдан әрі – кредит) – банктік қарыз шартының негізінде мерзімділік, ақылылық, қайтарымдылық, қамтамасыз етілу және кредитті нысаналы пайдалану шартымен банк кәсіпкерге беретін ақша сомасы;
4-1) бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган – бюджетті атқару, республикалық бюджеттің және өз құзыреті шегінде жергілікті бюджеттердің, бюджеттен тыс қорлардың атқарылуы бойынша бухгалтерлік есепке алуды, бюджеттік есепке алу мен бюджеттік есептілікті жүргізу саласында басшылықты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шектерде салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
5) жоба – мемлекеттік қаржылай қолдау ұсынылып отырған қызмет шеңберінде кіріс алуға бағытталған және Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін бастамашылық қызмет ретінде кәсіпкер жүзеге асыратын іс-қимыл мен іс-шаралар жиынтығы (бір жоба аясында бірнеше банктік кредит алуға/лизинг мәмiлелерін жасасуға болады);
6) жобаны іске асыру – кәсіпкер жүзеге асыратын және қаржы институтының шешімінде айқындалған мақсаттар мен шарттарға қол жеткізуге бағытталған іс-қимыл мен іс-шаралар жиынтығы, оның ішінде шығатын тауардың болуы, қызметтер көрсету, лизинг нысанасын пайдалану; негізгі құралдарды сатып алуға, және (немесе) салуға, және (немесе) жаңғыртуға, және (немесе) реконструкциялауға, және (немесе) күрделі жөндеуге мақұлданған жобалар бойынша – қаржы институтының шешіміне сәйкес объектіні пайдалануға қабылдау актісінің болуы және кәсіпкердің мәлімделген қызметті жүзеге асыруы;
7) инвестициялық мақсаттар (бұдан әрі – инвестициялар) – негізгі құралдарды сатып алу, және (немесе) салу, және (немесе) жаңғырту, және (немесе) реконструкциялау, және (немесе) күрделі жөндеу, биологиялық және (немесе) материалдық емес/материалдық активтерді сатып алу (осы анықтамада көрсетілген мақсаттарға байланысты ақы төлеу шоттарына сәйкес негізгі құралдардың/биологиялық/материалдық/материалдық емес активтердің құнына енгізілген қосылған құн салығы бойынша шығыстар да инвестицияға жатады);
8) исламдық қаржыландыру шеңберіндегі жалдау төлемі – мүлікке меншік құқығы шартта көзделген сәтке дейін ислам лизинг компаниясында/ислам банкінде қалатын қаржыландыру шарты (ислам лизингі) негізінде жалға берілген мүлікті пайдаланғаны үшін кәсіпкер (қаржыландыруды алушы) ислам лизинг компаниясының немесе ислам банкінің пайдасына жүзеге асыратын тұрақты төлем;
9) ислам банкі (бұдан әрі – ИБ) – осы Қағидаларды іске асыру шеңберінде "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 4-1-тарауында көзделген банк қызметін лицензия негізінде жүзеге асыратын екінші деңгейдегі банк;
10) ислам банкі/ислам лизинг компаниясы беретін қаржыландыру (бұдан әрі – қаржыландыру) – ислам банкі/ислам лизинг компаниясы кәсіпкерге беретін тауар үшін төлемді (бұдан әрі – үстеме баға)/жалдау төлемін кейінге қалдыру немесе бөліп төлеу;
11) ислам лизинг компаниясы (бұдан әрі – ИЛК) – акционерлік қоғам нысанында құрылған, банк болып табылмайтын, өз қызметін "Қаржы лизингі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 2-1-тарауына сәйкес жүзеге асыратын, ислам лизинг компаниялары қаржыландырған кезде осы Қағидаларды іске асыру шеңберінде қатысатын заңды тұлға;
12) ислам лизингі шарты – ислам лизинг компаниясы мен кәсіпкер арасында жасалған жазбаша келісім, оның шарттары бойынша ислам лизинг компаниясы мүлікті (лизинг нысанасын) кәсіпкерге лизинг (жалдау төлемі) шарттарында береді;
13) кәсіпкер – Кодекске сәйкес айқындалатын және жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлік субъектісі мәртебесіне ие шағын кәсіпкерлік, оның ішінде микрокәсіпкерлік субъектісі, оның ішінде әлеуметтік кәсіпкерлік субъектісі – сауда саласындағы қызметті (ЭҚЖЖ кодтары 45.1, 45.3, 45.4, 46, 47), сондай-ақ жылжымайтын мүлікке байланысты қызметті (ЭҚЖЖ коды 68) қоспағанда, кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастырылатын әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізілімінде көрсетілген қызметке сәйкес дара кәсіпкерлер және заңды тұлғалар (орта және ірі кәсіпкерлік субъектілерін қоспағанда);
14) краудфандинг – "Астана" халықаралық қаржы орталығының аумағында тіркелген Қазақстан Республикасындағы лицензияланған инвестиция және қарыз краудфандингтік платформасы;
15) кредиттік шарт – қаржы институты мен кәсіпкер арасында жасалған жазбаша келісім, оның талаптары бойынша қаржы институты кәсіпкерге номиналды мөлшерлемемен кредит береді (кредиттік шартқа кредиттік желі ашу туралы келісім де жатады);
16) қайта қаржыландыру – қаржы құралы бойынша қаражатты, кәсіпкерге бұрын берілген қаржы құралдарын ауыстыру, бұл ретте қайта қаржыландыру сомасына сот тәртібімен де, соттан тыс тәртіппен де берешекті өндіріп алуға байланысты сыйақыны, айыппұлдарды, өсімпұлдарды және өзге де төлемдерді есепке алмағанда негізгі борыш қана кіреді;
17) қаржыландыру шарты – ислам банкі мен кәсіпкер арасында жасалған жазбаша келісім, оның талаптары бойынша ислам банкі кәсіпкерге – тауарды сатып алушыға немесе сатушыға коммерциялық кредит береді (бас қаржыландыру келісімі де қаржыландыру шартына жатады, оның шеңберінде ислам банкі мен кәсіпкер коммерциялық кредит беру (қаржыландыру) туралы бөлек шарттар жасасады);
18) қаржы лизингі шарты – ЛК/ЕДБ пен кәсіпкер арасында жасалған жазбаша келісім, оның талаптары бойынша ЛК/ЕДБ кәсіпкерге қаржы лизингін береді;
19) қаржы агенттігі – "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Қор);
20) қаржы агенттігінің уәкілетті органы – қызметін өзіне қаржы агенттігінің жарғысымен, қаржы агенттігінің кредиттік саясатымен берілген және қаржы агенттігінің ішкі құжаттарында бекітілген өкілеттіктер шеңберінде жүзеге асыратын, тұрақты жұмыс істейтін алқалы орган;
21) қаржы институты – ЕДБ/ЛК/ИБ/ИЛК/краудфандинг;
21-1) қаржы институтының ақпараттық жүйесі – екінші деңгейдегі ақпараттық жүйе, ол арқылы бірінші деңгейдегі жүйенің форматтық-логикалық бақылаудан кейінгі бақылау қолданылатын кәсіпкерлердің қаржыландыруға арналған өтініштерін қабылдау, өңдеу және бірінші деңгейдегі жүйеге өтініштер туралы мәліметтерді беру жүзеге асырылады;
22) қаржы құралын нысаналы пайдалану – шарт бойынша алынған кредитті кәсіпкердің осы Қағидалардың шарттарына сәйкес келетін мақсаттарға пайдалануы (қаржы құралын нысаналы пайдалану кәсіпкердің активке/жұмыстарға/көрсетілетін қызметтерге ақы төлегенін, оларды толық көлемде алғанын және (немесе) осы Қағидалардың шарттарына сәйкес басқа да мақсаттарға қол жеткізгенін растайтын тиісті құжаттар жиынтығымен расталады);
23) қарыз – шағын кәсіпкерлік және микрокәсіпкерлік субъектілерін белгілі бір мерзімге сыйақымен кредиттеу (бұдан әрі – номиналды мөлшерлеме);
24) қарыз шарты – краудфандинг, кәсіпкер және инвестор арасында жасалған жазбаша келісім, оның талаптары бойынша инвестор кәсіпкерге қарыз береді;
25) Қордың уәкілетті органы – Қордың құзыреті мен өкілеттіктеріне кіретін мәселелер бойынша шешім қабылдауға құқығы бар қаржы агенттігінің тұрақты жұмыс істейтін алқалы органы;
26) лизинг компаниясы (бұдан әрі – ЛК) – қызметін осы Қағидаларды іске асыру шеңберінде жүзеге асыратын лизингтік мәмілеге қатысушы;
27) лизингтік мәміле (лизинг) – лизингке қатысушылардың азаматтық құқықтар мен міндеттерді белгілеуге, өзгертуге және тоқтатуға бағытталған, келісілген іс-қимыл жиынтығы;
28) мемлекеттік даму институттары – экономиканың түрлі салаларында мемлекеттік қолдау шараларын көрсететін ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық холдингтер, акцияларының бақылау пакеттері ұлттық басқарушы холдингке немесе ұлттық холдингке тиесілі акционерлік қоғамдар;
29) өңірлік үйлестіруші – кәсіпкерлік саласындағы жергілікті атқарушы органның облыс (астана, республикалық маңызы бар қалалар) әкімі айқындайтын құрылымдық бөлімшесі;
30) субсидиялар – кредиттік шарт/қаржы лизингі шарты/ қаржыландыру шарты/ислам лизингі шарты/қарыз шарты (бұдан әрі – шарт) негізінде кредиттер/лизингтік мәмілелер/қаржыландыру/қарыз (бұдан әрі – қаржы құралы) бойынша кәсіпкерлерді субсидиялау шеңберінде қаржы институтына қаржы агенттігі төлейтін өтеусіз және қайтарымсыз негіздегі мерзімді төлемдер;
31) субсидиялау – қаржы агенттігінің қаржы институттары үшін кәсіпкерлерге:
кредит/лизинг бойынша сыйақы мөлшерлемесі;
қаржыландыру бойынша үстеме баға/жалдау төлемі;
қарыз бойынша сыйақы мөлшерлемесі бөлігінде субсидия беру нысаны;
32) субсидиялау туралы келісім – қаржы институты мен қаржы агенттігі арасында жасалатын, субсидиялауды іске асыру шеңберінде тараптардың әрқайсысының құқықтары мен міндеттерін айқындайтын жазбаша келісім;
32-1) тіркеуші – бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайтын, бірінші деңгейдегі жүйе пайдаланылып жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау шараларының пайдаланылуы мен оларды алушыларды мониторингтеуді техникалық сүйемелдеу қамтамасыз етілетін, жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын заңды тұлға;
32-2) тіркеуші ақпараттық жүйе (бұдан әрі – бірінші деңгейдегі жүйе) – кәсіпкерлердің өтінімдерінің эталондық электрондық тізілімін қамтитын, екінші деңгейдегі ақпараттық жүйелермен интеграцияланған жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау шаралары мен оларды алушыларды мониторингтеу жүйесі, онда форматтық-логикалық бақылаудан кейінгі бақылау арқылы кәсіпкерлерге қатысты шектеу өлшемшарттарының болмауы жөніндегі талаптарға олардың сәйкес келуі тексеріледі;
33) уәкілетті орган – Кодекстің 85-бабының 3-тармағына және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі туралы ереженің 13-тармағының 17) тармақшасына сәйкес кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган;
34) үлестес/байланысты тұлғалар – "Акционерлік қоғамдар туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 64-бабының 1, 1-1 және 2-тармақтарына, "Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 12-1-бабының 1 және 2-тармақтарына сәйкес жеке және заңды тұлғалар;
34-1) шектеу өлшемшарттары – мемлекеттік қолдау шараларын алушыларды бірінші деңгейдегі жүйеде тексеру өлшемшарттары;
35) экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуіші (бұдан әрі – ЭҚЖЖ) – экономикалық қызмет түрлерін жіктеу және кодтау тәртібін белгілейтін ұлттық жіктеуіш.
Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 13.01.2026 № 12 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
3. Субсидиялау жергілікті және/немесе республикалық бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
Республикалық бюджет есебінен субсидиялау үшін көзделген қаражатты уәкілетті орган қаржы агенттігінің арнайы шотына аударуға жасалатын шарт негізінде қаржы агенттігіне аударады.
Жергілікті бюджет есебінен субсидиялау үшін көзделген қаражатты өңірлік үйлестіруші осы Қағидаларға 1-1-қосымшаға сәйкес субсидиялау үшін қаражат аударуға жасалатын шарт негізінде қаржы агенттігінің арнайы шотына аударады.
Қаржы институты қаржы агенттігіне субсидия сомаларын аудару үшін ағымдағы шот ашады.
Заңды тұлғалардың банктік шоттарын ашуға және жүргізуге құқығы жоқ қаржы институттары қаржы агенттігімен келісу бойынша қаржы институты субсидия аудару үшін ағымдағы шот ашатын банк-төлем агентін айқындайды.
Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 13.01.2026 № 12 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
4. Республикалық бюджеттен субсидиялауға қаражат жеткіліксіз болған кезде өңірлік үйлестіруші жергілікті бюджет қаражаты есебінен белгіленген тәртіппен субсидиялау үшін қосымша қаражат бөлуді қамтамасыз етеді.
5. Қаржы агенттігі субсидия алған жобалар бойынша тиімділіктің жалпы кешенді жылдық талдамалық есебін (бұдан әрі – есеп) қалыптастыру мақсаты үшін есепті жылдан кейінгі жылдың шілдесінен кешіктірмей есеп нәтижелерін уәкілетті органға жібереді.
6. Уәкілетті орган осы Қағидалар шеңберінде қызметтер көрсеткені үшін қаржы агенттігіне онымен жасалатын шарт негізінде республикалық бюджет қаражаты есебінен ақы төлейді.
Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 13.01.2026 № 12 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
7. Субсидиялау:
1) моторлы көлік құралдарын және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дәрілік зат ретінде тіркелген, құрамында спирті бар медициналық мақсаттағы өнімдерді (бальзамдардан басқа) шығаруды көздейтін жобаларды қоспағанда, жобалары акцизделетін тауарларды/өнімдерді шығаруға бағытталған;
2) тау-кен өндіру өнеркәсібі мен карьерлерді игеру жобасын іске асыруды жоспарлап отырған;
3) акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан көп пайызы тікелей немесе жанама түрде мемлекетке, ұлттық басқарушы холдингке, ұлттық холдингке, ұлттық компанияға тиесілі;
4) меншік нысаны "Коммерциялық емес ұйымдар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабына сәйкес жекеменшік мекеме ретінде ресімделген;
5) кредит есебінен сатып алынған активті оны сатқан тұлғаға сатуды/сыйға тартуды/сенімгерлік басқаруға/жалға/өтеусіз пайдалануға беруді жүзеге асырған және/немесе жүзеге асыруды жоспарлап отырған, оның ішінде кәсіпкердің кәсіпорнын осы тұлғаға қосу немесе осы тұлғамен біріктіру нысанында қайта ұйымдастыруды іске асыратын және/немесе болашақта жоспарлайтын (жобаларды мониторингтеу барысында осы тармақшада көрсетілген жағдайлар анықталса, субсидиялау тоқтатылады және бұған дейін төленген субсидиялар қайтарылады);
6) жеке кәсіпкерлік субъектісі ретінде қызметін тоқтатқан немесе тоқтатып қойған кәсіпкерлер бойынша жүзеге асырылмайды (кәсіпкерлік субъектісі қызметінің мәртебесі eSalyk порталында тексеріледі);
7) бірінші деңгейдегі ақпараттық жүйеде олар бойынша шектеу өлшемшарттары айқындалған кәсіпкерлер бойынша жүзеге асырылмайды.
Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 13.01.2026 № 12 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
8. Кәсіпкерлердің Кодекстің 24-бабының 4-тармағында көрсетілген қызмет түрлері бойынша іске асырылатын жобалары және осы Қағидалар шеңберінде:
1) мемлекеттік даму институттары, сондай-ақ акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу пайызынан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен үлестес тұлғалар кредитор болып табылатын;
2) бюджет қаражаты есебінен арзандатылған;
3) ұйымдардың, сондай-ақ кәсіпорындардың үлестерін, акцияларын мүліктік кешен ретінде сатып алуға бағытталған;
4) овердрафт түріндегі;
5) қайтарымды, қайталама немесе сублизинг бойынша;
6) ломбардтардың, микроқаржы, факторинг ұйымдарының және лизинг компанияларының қызметіне бағытталған;
7) мыналарды:
үлестес/байланысты тұлғаның құрылыс қызметті жүзеге асыруын растайтын құжат болған жағдайда жаңа және (немесе) жұмыс істеп тұрған объектілерді (ғимараттарды, құрылысжайлар мен олардың кешендерін, коммуникацияларды) салуды (оның ішінде кеңейту, жаңғырту, техникалық жаңарту, реконструкциялау, реставрациялау, күрделі жөндеу);
Қазақстан Республикасының аумағында ресми дистрибьютор болып табылатын үлестес/байланысты тұлғалардан тауарлар, жұмыстар және көрсетілетін қызметтер сатып алуды;
тауарды, шикізатты және/немесе материалдарды үлестес/байланысты тұлға өндірген жағдайда осындай тауарларды, шикізатты және/немесе материалдарды үлестес/байланысты тұлғалардан сатып алуды қоспағанда, үлестес/байланысты тұлғалардан жылжымайтын мүлік объектілері түріндегі негізгі құралдарды, тауарларды, активтерді, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуға бағытталған;
8) бұған дейін қосымша жаңғыртусыз сатып алынатын жобаның 20 %-ынан аз субсидия алған дайын және пайдалануға берілген/қолданыстағы жобаны сатып алуға бағытталған қаржы құралдары;
9) салықтық міндеттемелерді, зейнетақы аударымдары мен әлеуметтік аударымдарды, кедендік төлемдер мен алымдарды, жалақы, үй-жайларды жалға алуға, коммуналдық көрсетілетін қызметтерге және өзге де көрсетілетін қызметтерге ақы төлеуге, сондай-ақ кредиттерге/қаржы лизингіне/қаржыландыру шарттарына және өзге де мақсаттарға қызмет көрсету бойынша ағымдағы төлемдерді төлеу бойынша есеп айырысу жүргізуге бағытталған қаржы құралдары;
10) мемлекет меншігіндегі жер учаскесінде құрылыс салуды және үшінші тұлғалардың жалдауындағы жылжымайтын мүлік объектісіне жөндеу жұмыстарын/ жаңғырту/реконструкциялау жүргізуді қоспағанда, кейіннен үшінші тұлғаларға ресімделетін мүлікті/активтерді сатып алуға, сондай-ақ үшінші тұлғаларға тиесілі жер учаскесінде объект салуды жүзеге асыруға бағытталған қаржы құралдары субсидияланбайды.
Ескерту. 8-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 13.01.2026 № 12 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
9. Қаржы құралдары ұлттық валютада беріледі.
9-1. Мемлекеттік қолдау шараларының пайдаланылуын мониторингтеу екі деңгейлі жүйеде жүзеге асырылады, оған мыналар кіреді:
1) бірінші деңгей – кәсіпкерлердің өтінімдерінің эталондық электрондық тізілімін қамтитын, екінші деңгейдегі ақпараттық жүйелермен интеграцияланған тіркеуші ақпараттық жүйе, онда форматтық-логикалық бақылаудан кейінгі бақылау арқылы кәсіпкерлерге қатысты шектеу өлшемшарттарының болмауы жөніндегі талаптарға олардың сәйкес келуі тексеріледі;
2) екінші деңгей – кәсіпкерлерден мемлекеттік қолдау шараларына өтінімдерді қабылдау, оларды форматтық-логикалық бақылауды қолдана отырып өңдеу және өңделген өтінімдерді бірінші деңгейге беру жүзеге асырылатын салалық мемлекеттік немесе мемлекеттік емес ақпараттық жүйелер.
Кәсіпкерлер тіркеушіге дербес деректерді жинауға, өңдеуге, сақтауға, жүктеп шығаруға және пайдалануға келісім береді.
Ескерту. 1-тарау 9-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 13.01.2026 № 12 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
9-2. Кәсіпкерлердің өтінімдері екінші деңгейдегі жүйеге келіп түскен кезде екінші деңгейдегі жүйе бірінші деңгейдегі жүйеге кәсіпкерге қатысты шектеу өлшемшарттарының болмауы жөніндегі талаптарға оның сәйкес келуін тексеруге сұрау салу жібереді.
Бірінші деңгейдегі жүйе кәсіпкерге қатысты шектеу өлшемшарттарының болмауы жөніндегі талаптарға оның сәйкес келуін тексеру нәтижесімен жауап қайтарады.
Шектеу өлшемшарттары жоқ деген жауап алынған кезде өтінім одан әрі өңделеді.
Өтінімде көрсетілген мәліметтерді және өтінімді өңдеу мәртебесін екінші деңгейдегі жүйе бірінші деңгейдегі жүйеге береді.
Ескерту. 1-тарау 9-2-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 13.01.2026 № 12 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
2-тарау. Субсидиялау тәртібі
1-параграф. Субсидия беру шарттары
10. Осы Қағидалардың 7, 8, 9-тармақтарында көрсетілген талаптарды сақтай отырып, осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес экономикалық қызметтің басым түрлерінде және тіркелген жері ескерілмей меншікті жобаларын іске асыратын және (немесе) іске асыруды жоспарлап отырған кәсіпкерлер, сондай-ақ осы Қағидалардың 2-тармағының 13) тармақшасына сәйкес әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілері субсидиялауға қатысушылар болып табылады.
Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 13.01.2026 № 12 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
11. Субсидиялау инвестициялық тиімді жаңа жобаларды іске асыру, айналым қаражатын толықтыру үшін қаржы институты беретін жаңа қаржы құралдары бойынша жүзеге асырылады.
Инвестициялық тиімді жаңа жобалар деп кәсіпкерлердің 2 (екі) қаржы жылынан кейін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің/салық декларациясының деректері, оның ішінде міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) әлеуметтік аударымдар жөніндегі және (немесе) бюджетпен есеп айырысудың жай-күйі туралы дербес шоттан үзінді көшірмеге сәйкес деректер негізінде төленетін салықтардың (корпоративтік табыс салығының/жеке табыс салығының) міндетті түрде және жұмыс орындарының орташа жылдық санының 10 %-ға ұлғаюын көздейтін жобалары түсініледі. Бұл ретте субсидиялау басталған күнге қарамастан, келесі қаржы жылының басталуы тиімділік көрсеткіштерін есептеу кезіндегі есепті күн болып табылады.
Бұл ретте жоғарыда көрсетілген көрсеткіштерді субсидиялау түрінде тікелей қолдау алған/алатын кәсіпкер растайды.
Кәсіпкерлердің айналым қаражатын толықтыру мақсаттарына бағытталған қаржы құралдары бойынша осы тармақта көзделген талаптар қолданылмайды.
12. Қаржы агенттігінің автоматтандырылған сервисі арқылы шарттың/төлем графигінің көшірмелері немесе шарт бойынша деректері қаржы агенттігіне жіберілген күнге дейін 12 (он екі) ай ішінде қаржы институты бұдан бұрын берген жаңа қаржы құралдары да субсидияланады.
Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 13.01.2026 № 12 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
13. Бір кәсіпкер үшін субсидиялауға жататын қаржы құралының сомасы, оның ішінде онымен үлестес тұлғалар/компаниялар бойынша субсидиялау жүзеге асырылатын барлық қолданыстағы қаржы құралдарын ескергенде 200 (екі жүз) миллион теңгеден аспайды.
Негізгі борышты ішінара/толық мерзімінен бұрын өтеген кезде жаңа қаржы құралдарына осы Қағидаларда белгіленген сома шегінде субсидияны қайта алуға жол беріледі.
Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 13.01.2026 № 12 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
14. Субсидиялау номиналды мөлшерлемесі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (бұдан әрі – ҚР ҰБ) белгілеген және 4 (төрт) пайыздық тармаққа ұлғайтылған базалық мөлшерлемеден тұратын қаржы құралы бойынша жүзеге асырылады.
Субсидиялау мөлшері номиналды мөлшерлеменің 40 %-ын құрайды, номиналды мөлшерлемеден айырманы кәсіпкер төлейді, бұл ретте кәсіпкер үшін мөлшерлеме кемінде 12,3 %-ды құрайды. ҚР ҰБ белгілеген базалық мөлшерлеме 16,5 %-дан төмендеген жағдайда кәсіпкер төлейтін мөлшерлеме 12,3 % деп белгіленеді, ал айырмасын қаржы агенттігі субсидиялайды.
Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің жобалары бойынша субсидиялау номиналды мөлшерлемемен жүзеге асырылады, оның 11,3 %-ын кәсіпкер төлейді, ал айырмасын қаржы агенттігі субсидиялайды.
Номиналды мөлшерлемені есептеу кезінде ҚР ҰБ белгілеген және кәсіпкердің жобасы бойынша қаржы институты шешім шығарған кезде қолданыста болатын базалық мөлшерлеме ескеріледі.
15. Қаржы құралы бойынша субсидиялау мерзімі субсидиялау мерзімін ұзарту құқығынсыз 3 (үш) жылды құрайды.
16. Краудфандингті қоспағанда, қаржы институты:
1) шарттардың кәсіпкер бастамасымен өзгеруіне байланысты болған;
2) кәсіпкердің қаржы құралы бойынша міндеттемелерді бұзуы себебінен алынатын;
3) тәуелсіз бағалау, сақтандыру жүргізуге, кепіл шартын тіркеуге және ауыртпалықты жоюға байланысты болған;
4) есеп айырысу-кассалық қызмет көрсету бойынша төлемдерді қоспағанда, осы Қағидалар шеңберінде субсидия берілетін қаржы құралдары бойынша қандай да бір комиссия, алым және (немесе) өзге де төлем (бұдан әрі – комиссия) алмайды.
Қаржы институты қолданыстағы қаржы құралын субсидиялау туралы шешім қабылдаған жағдайда қаржы институты краудфандингті қоспағанда, кәсіпкерге осы тармақта көзделген қаржы институты тарапынан алынуы мүмкін комиссиялардан басқа ағымдағы жылдың басынан бастап қаржы институты ағымдағы жылы субсидиялау туралы шешім қабылдаған күнге дейінгі кезеңде ұсталған комиссияларды, алымдарды және/немесе өзге де төлемдерді өтейді. Бұл ретте осы комиссиялар, алымдар және/немесе өзге де төлемдер барлық тараптар шартқа нақты қол қойған күннен бастап 3 (үш) ай ішінде кәсіпкерге өтелуге тиіс.
Ескерту. 16-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 13.01.2026 № 12 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
17. Субсидиялау жүзеге асырылатын инвестициялық жобаларды іске асыру мерзімі субсидиялау басталған күннен бастап 24 (жиырма төрт) айдан аспауға тиіс.
Мынадай:
1) табиғи дүлей апат, соғыс, эпидемия және жобаның орындалуына әсерін тигізетін басқа да болжанбаған оқиғалар сияқты форс-мажорлық мән-жайлар;
2) жобаны іске асыру басталған кезде болжау мүмкін болмаған және бейімделу үшін қосымша уақытты талап ететін заңнамадағы елеулі өзгерістер;
3) жобаны іске асыру процесінде туындаған техникалық, экономикалық немесе өндірістік қиындықтардың субсидия алатын кәсіпкер тарапынан атүсті қарау немесе немқұрайлылық нәтижесі болмауы шартымен, осы қиындықтарға байланысты күтпеген мән-жайлар орын алған кезде осы Қағидаларда белгіленген мерзім өткеннен кейін 1 (бір) қаржы жылынан аспайтын қосымша мерзім беруге жол беріледі.
2-параграф. Қаржы институтына арналған лимитті айқындау
18. Қаржы институттарына арналған лимиттерді Қордың уәкілетті органы жыл сайын бекітеді. Бұл ретте Қордың уәкілетті органының қаржы институттарына арналған лимиттерді жыл ішінде қайта қарауына жол беріледі.
19. Лимит бөлуге қатысу үшін қаржы институты мына талаптарға сай келеді:
1) ҚР ҰБ-ның пруденциалдық және өзге де нормативтерін орындау;
2) қаржы агенттігінің басқару органы бекітетін ішкі құжаттарға сәйкестік.
20. Қатысушы лизинг компанияларына қойылатын ең төмен талаптар, атап айтқанда:
1) жүгінген кезден бастап және субсидиялау лимиті мерзімінің соңына дейін айдың күнтізбелік соңғы күнінің соңындағы жағдай бойынша лизинг компанияның меншікті капиталы 1 (бір) миллиард теңгеден төмен емес;
2) негізгі қызметтің өтінім беретін жылдың алдында кемінде 1 (бір) жыл жүзеге асырылуы.
21. Лимит айқындалғаннан кейін қаржы институты мен қаржы агенттігі арасында субсидиялау туралы келісім жасалады, онда мыналар көрсетіледі:
1) лимиттерді игеру мерзімдері;
2) субсидиялауды төлеу тәртібі;
3) жобалардың іске асырылуын мониторингілеуді жүзеге асыру;
4) босаған лимиттерді субсидиялау тоқтатылған жобалар арасында қайта бөлу шарттары (қаражатты нысаналы пайдаланбау/жобаның және/немесе кәсіпкердің осы Қағидалардың шарттарына сәйкес келмеуі).
Өзге шарттар тараптардың келісуі бойынша айқындалады және жазбаша нысанда ресімделеді.
22. Субсидиялау үшін жергілікті/республикалық бюджет қаражаты болмаған жағдайда шарттар/төлем графигі немесе шарттар бойынша деректер қаржы агенттігінің автоматтандырылған сервисіне қабылданбайды.
Ескерту. 22-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 13.01.2026 № 12 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
3-параграф. Субсидиялауды ұсыну тәртібі
23. Кәсіпкер қаржы институтына қаржы құралын ұсынуға өтініммен жүгінеді.
24. Қаржы институты жобаның қаржы-экономикалық тиімділігіне кешенді бағалау/сараптама жүргізеді.
25. Қаржы институты жоба осы Қағидалардың 1-тарауының 7, 8 және 9-тармақтарында, 2-тарауының 1 және 2-параграфтарында көрсетілген шарттарға сәйкес келмеген жағдайларда дәлелді негіздемесімен субсидия беруден бас тартады.
26. Қаржы институты қолданыстағы қаржы құралы бойынша кәсіпкердің шартта көзделген негізгі борыш пен сыйақыны уақтылы өтеу бойынша міндеттемелерді орындамағаны үшін айыппұлдар мен өсімпұлдарды субсидиялау берілгенге дейін есептен шығарады.
Ескерту. 26-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 13.01.2026 № 12 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
27. Қаржы институты қаржы құралын беру туралы оң шешім қабылдаған жағдайда және субсидиялау шеңберінде шарт жасасқаннан кейін қаржы институты қаржы агенттігіне:
1) қаржы агенттігінің автоматтандырылған сервисіне шарттың/төлем графигінің көшірмесін немесе шарт бойынша деректерді береді, бұл ретте ұсынылатын құжаттарда субсидиялау мерзімінің басталуы қаржы агенттігіне жіберілетін күнге дейін күнтізбелік 30 (отыз) күннен аспайтын мерзімге белгіленеді;
2) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша хабархат (деректер қаржы агенттігінің автоматтандырылған сервисіне жіберілген жағдайда хабархат талап етілмейді);
3) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша кәсіпкердің өтінімі бойынша өтініш-сауалнама береді.
Ескерту. 27-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 13.01.2026 № 12 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
28. Шартқа қол қойған кезде кәсіпкер өзіне қаржы құралын нысаналы пайдалану бойынша және/немесе жобаның осы Қағидалардың талаптарына сәйкестігі тұрғысынан міндеттеме қабылдайды. Кәсіпкер осы міндеттемелерді орындамаған кезде субсидиялау тоқтатылады, кәсіпкер қаржы агенттігіне төленген субсидия сомасын өтейді.
29. Шартқа қол қойылу шамасына қарай қаржы институты қаржы агенттігіне осы Қағидалардың 27-тармағын ескеріп, төлемдерді жүзеге асыру үшін құжаттар топтамасын ұсынады.
30. Жобалар бойынша субсидиялар тиісті өңірлік үйлестірушіден/уәкілетті органнан қаражат болған кезде төленеді.
Бюджетте субсидиялауға қаражат болмаған жағдайда кәсіпкер субсидияланатын және субсидияланбайтын бөлігін төлеуді жүргізеді. Бюджет қаражаты түскен кезде қаржы агенттігі кәсіпкерге субсидияланатын бөлігін төлем графигіне сәйкес өтейді.
31. Субсидиялау үшін көзделген қаражатты қаржы агенттігі қаржы институты ұсынған шарттың төлем графигін ескеріп, алдыңғы кезеңдер үшін субсидиялардың өтелуін ескере отырып, қаржы институтының/банк-төлем агенттігіндегі ағымдағы шотқа ай сайын аванстық төлемдермен (айына бір рет/бірнеше рет) аударады.
Субсидиялауға көзделген бюджет қаражаты түскен кезде бірінші кезекте ағымдағы қаржы жылы 5 (бес) миллиард теңгеге дейінгі жобалар бойынша төлемдерді жүргізуге қажетті сома резервке қойылады. Қалған қаражат қолжетімді қаржыландыру шегінде басымдық тәртібімен субсидия мөлшері ең аз жобалардан бастап, одан әрі артуына қарай, қаражат толық игерілгенге дейін, 5 (бес) миллиард теңгеден жоғары жобалар бойынша субсидиялар төлеуге жіберіледі.
Қарыз шарты бойынша субсидиялау үшін көзделген қаражатты аударуды қаржы агенттігі кәсіпкердің қарыз бойынша толық төлемді (негізгі борыш, субсидияланатын және субсидияланбайтын бөлік) жүргізу фактісі туралы краудфандингті хабардар ету негізінде краудфандинг ұсынған қарыз шартының төлем графигін ескеріп, алдыңғы кезеңдер үшін субсидиялар бар болса, олардың өтелуін ескере отырып, банк-төлем агентіндегі ағымдағы шотқа аударады. Субсидиялар қаржы агенттігінің шотында кәсіпкер жоспарлы төлемді өтейтін күні қаражат болған кезде аударылады.
Қаржы институты алынатын субсидиялар сомасын осы Қағидалардың нормаларын ескере отырып өзі есептейді. Қаржы агенттігі көрсетілген есеп-қисаптарды тексермейді.
Субсидиялау үшін көзделген қаражатты аудару кезінде қаржы агенттігі электрондық пошта арқылы қаражатты аудару туралы құжаттың көшірмесін жібере отырып, қаржы институтын да сонымен бір мезгілде хабардар етеді. Хабарламада қаржы институтының атауы, өңір, кәсіпкердің атауы, субсидиялар сомасы және төлем жүргізілген кезең көрсетіледі.
Ескерту. 31-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 13.01.2026 № 12 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
32. Кәсіпкерлердің жобалары бойынша субсидиялау үшін көзделген қаражатты аударуды қаржы институтының/банк-төлем агентінің кредиттік рейтингі төмендеген және қаржылық жағдайы нашарлауының өзге де белгілері болған жағдайда (бір немесе бірнеше жағдайдың басталуы), оның ішінде:
халықаралық рейтингтік агенттіктердегі кредиттік рейтинг Standard&Poors рейтингтер шкаласы бойынша "В" деңгейінен төмендеген;
К4 коэффициентінің мәні 0,4 деңгейінен төмендеген;
қатарынан 2 (екі) ай бойы пруденциалдық нормативтер бұзылған кезде қаржы агенттігі кәсіпкердің қаржы құралы бойынша толық төлем (негізгі борыш, субсидияланатын және субсидияланбайтын бөлік) жасауы фактісі туралы қаржы институтының хабарламасы негізінде не шарттың төлем графиктерін негізге ала отырып, қысқа мерзімді кезеңге субсидияланатын бөлігі бойынша кәсіпкердің алдағы міндеттемелерін жабатын төлемдермен жүзеге асырады.
Қаржы институтының/банк-төлем агентінің жоғарыда көрсетілген көрсеткіштері түзетілген жағдайда қаржы агенттігі субсидиялау үшін көзделген қаражатты аударуды шарттың төлем графиктерін ескере отырып, аванстық төлемдермен (айына бір рет/бірнеше рет) жүзеге асырады.
Қарыз шарты бойынша банк-төлем агентінде жоғарыда көрсетілген көрсеткіштер түзетілген жағдайда қаржы агенттігінің субсидиялау үшін көзделген қаражатты аударуы кәсіпкердің қарыз бойынша толық төлемді (негізгі борыш, субсидияланатын және субсидияланбайтын бөлік) қарыз шартының төлем графигін ескере отырып жүргізу фактісі туралы краудфандингтің хабарламасы негізінде банк-төлем агентіндегі ағымдағы шотқа жүзеге асырылады.
33. Қаржы институты қаржы агенттігінің хабарламасы негізінде қаржы агенттігінің хабарламасында көрсетілген кәсіпкерлердің жобалары бойынша субсидия сомасын қаржы агенттігінің ағымдағы шотынан/банк-төлем агентінің ағымдағы шотынан есептен шығарады.
Қаржы институты қаржы агенттігінің ағымдағы шотынан/банк-төлем агентінің ағымдағы шотынан қаржы агенттігі қаражат аударғаны туралы хабарламаға сәйкес келмейтін/хабардар етілмеген субсидияларды есептен шығарған жағдайда қаржы институты субсидияларды қаржы агенттігінің ағымдағы шотына/банк-төлем агентінің ағымдағы шотына қаржы агенттігі жазбаша нысанда хабарлама алған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде қайтарады.
Ескерту. 33-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 13.01.2026 № 12 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
34. Қаржы институты субсидияларды шарттың төлем графигі бойынша жоспарлы төлемнен аспайтын қалдық сомасы шегінде ішінара мерзімінен бұрын өтеуге сәйкес есептелген, өзгертілген өтеу графиктері бойынша өтейді.
35. Кәсіпкер қаржы институтына субсидияланбайтын бөлікті төлеуді шартқа сәйкес өтеу графигі бойынша жүргізеді.
36. Кәсіпкердің қаржы құралы (негізгі борыш және субсидияланбайтын бөлік) бойынша төлемді толық төлеуді жүргізу фактісі бойынша қаржы институты қаржы агенттігінің ағымдағы шотынан кәсіпкердің қаржы құралы бойынша субсидияланатын бөлікті өтеу есебіне ақшаны есептен шығаруды:
1) кәсіпкер қаржы құралы бойынша жоспарлы төлемді өтеген күні қаржы агенттігінің шотында қаражат болған;
2) график бойынша өтеу күнінен кейін қаржы агенттігінен қаражат түскен кезде қаржы агенттігінің ағымдағы шотынан кәсіпкердің қаржы құралы бойынша субсидияланатын бөлікті өтеу есебіне ақшаны есептен шығаруды жүзеге асырады.
37. Қаржы институты кәсіпкер берешекті өтегенге дейін қаржы агенттігінің ағымдағы шотынан субсидияланатын бөлікті өтеу үшін қаражатты есептен шығармайды және кәсіпкер қаржы институты алдындағы төлемдерді төлеу жөніндегі міндеттемелерін қатарынан 3 (үш) ай бойы орындамаған жағдайда бұл туралы қаржы агенттігін 2 (екі) жұмыс күні ішінде тиісті хатпен хабардар етеді.
Ескерту. 37-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 13.01.2026 № 12 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
38. Қаржы институты қаржы құралы ұсынылғаннан кейін 2 (екі) жұмыс күні ішінде ресми хатпен/web-сервис арқылы осы Қағидалардың 13-тармағында көрсетілген қаржы құралының сомасы бойынша талапты сақтау үшін қарыз алушы туралы ақпаратты қаржы агенттігіне жіберуге міндетті.
39. Қаржы агенттігінің қаржы институтына субсидиялар төлеуі қаржы институты және қаржы агенттігі арасындағы субсидиялау туралы келісімде көрсетілген рәсімдерге сәйкес жүзеге асырылады.
40. Тиісті уәкілетті органнан/өңірлік үйлестірушіден субсидиялау үшін түскен бюджеттен берілетін қаражат болмаған жағдайда, оның ішінде қаржы агенттігі белгілеген субсидиялау лимиті бар болса, қаржы агенттігі тиісті уәкілетті органнан/өңірлік үйлестірушіден қаражат алған кезге дейін қаржы институтынан осы Қағидалардың 27-тармағында көрсетілген құжаттарды қабылдамайды.
41. Кәсіпкердің қаржы құралы бойынша негізгі борышы мерзімінен бұрын ішінара өтелген жағдайда қаржы институты 2 (екі) жұмыс күні ішінде қаржы агенттігіне шартқа қосымша келісімнің көшірмесін не өзгертілген төлемдерді өтеу графигі бар және төленуге тиіс субсидия сомасы көрсетілген қаржы институтының электрондық форматтағы (XLS немесе XLSX) хатын жібереді.
Ескерту. 41-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 13.01.2026 № 12 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
42. Кәсіпкер күнтізбелік бір ай ішінде қаржы құралы бойынша негізгі борышты бірнеше рет мерзімінен бұрын ішінара өтеген жағдайда қаржы агенттігіне қаржы институтының осындай жағдайлар бойынша біріктірілген шартқа қосымша келісімнің көшірмесін не төлемдерді өтеудің өзгертілген графигі және төленуге тиіс субсидия сомасы көрсетілген электрондық форматтағы (XLS немесе XLSX) қаржы институтының хатын ұсынуына жол беріледі.
Бұл ретте хабарлау мерзімдері қаржы институты мен қаржы агенттігі арасындағы субсидиялау туралы келісімде көрсетілген.
43. Қаржы құралы бойынша негізгі борышты мерзімінен бұрын толық өтеген жағдайда қаржы институты 7 (жеті) жұмыс күні ішінде қаржы агенттігіне өзара есеп айырысуды салыстырып қарау актісін ұсынады.
44. Мынадай:
1) қаржы институты алдындағы шарт бойынша қаржы құралы толық өтелген (кәсіпкердің қаржы институтына қаржы құралын толық өтеген күні субсидиялау тоқтатылған күн болып саналады);
2) қаржы агенттігін субсидиялаудың тоқтатылғаны туралы хабардар ету жағдайларында субсидияларды төлеу тоқтатылады.
4-параграф. Субсидиялауды тоқтата тұру, тоқтату және қайта бастау
45. Қаржы агенттігі кәсіпкерді субсидиялауды қаржы институтының қолдаухаттары (хабарламалары), сондай-ақ мониторинг нәтижелері негізінде тоқтатады/қайта бастайды.
46. Қаржы институты төмендегі жағдайларды анықтаған кезден бастап 5 (бес) жұмыс күнінен кешіктірмей және (немесе) қаржы агенттігінің мониторинг туралы есебі негізінде жіберілген қаржы институтының хабарламасы негізінде қаржы агенттігі кәсіпкерді субсидиялауды осы жағдайлардың кез келгені орын алған күннен бастап тоқтата тұрады:
1) субсидиялау жүзеге асырылатын қаржы құралын нысаналы/ішінара нысаналы пайдаланбау, бұл ретте субсидиялау қаржы құралын нысаналы пайдаланбау сомасына барабар тоқтатылады;
2) жобаның және/немесе кәсіпкердің осы Қағидалардың шарттарына және/немесе қаржы институтының шешіміне сәйкес келмеуі;
3) егер орындаудың мүмкін болмауы еңсерілмейтін күш мән-жайларының, яғни төтенше және осы жағдайлар кезінде алдын алуға болмайтын мән-жайлардың (дүлей құбылыстар, әскери іс-қимылдар) салдарынан болған жағдайларды қоспағанда, кәсіпкердің шарттың төлем графигіне сәйкес қаржы институтының алдындағы төлемдерді төлеу жөніндегі міндеттемелерді қатарынан 3 (үш) ай бойы, сондай-ақ қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның өкімінің және (немесе) өзге құжатының және (немесе) актісінің негізінде орындамауы (бұдан әрі – ахуал);
4) ахуал әрекет еткен кезеңде туындаған жағдайларды қоспағанда, шарттың өтеу графигіне сәйкес қаржы институтының алдында лизингтік төлемдерді енгізу жөніндегі міндеттемелерді кәсіпкердің қатарынан 2 (екі) және одан да көп рет орындамауы;
5) кәсіпкердің шоттарындағы ақшаға тыйым салу (шоттағы ақшаның талап қою талаптарын толық көлемде қамтамасыз етуге жеткілікті болуы шартымен талап қоюды қамтамасыз ету жөніндегі шаралар ретінде шоттардағы ақшаға тыйым салуды қоспағанда) және/немесе кәсіпкердің шоты бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру;
6) Қазақстан Республикасының қаржы лизингі туралы заңнамасында көзделген жағдайларда борышкерден лизинг нысанасын талап ету;
7) қаржы институты шешім қабылдаған күннен бастап 2 (екі) қаржы жылынан кейін кәсіпкерлердің салық декларациясының деректері, оның ішінде міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) әлеуметтік аударымдар жөніндегі деректер негізінде бюджетке төленетін салықтарды (корпоративтік табыс салығы/жеке табыс салығы) және жұмыс орындарының орташа жылдық санын 10 %-ға ұлғайту жөніндегі міндеттемелерді орындамауы;
8) субсидиялау жүзеге асырылатын инвестициялық жобаларды іске асыру мерзімін бұзу;
9) жеке кәсіпкерлік субъектісі ретінде кәсіпкер қызметінің тоқтатып қойылуы/тоқтатылуы.
47. Қаржы агенттігі осы Қағидалардың 46-тармағында көрсетілген фактілер белгіленгеннен кейін 20 (жиырма) жұмыс күні ішінде қаржы институтының хабардар етуі негізінде субсидиялауды тоқтатады/тоқтатуды кейінге қалдырады не қайта бастайды.
Бұл ретте қаржы агенттігінің хабарламасында субсидиялауды тоқтату/қайта бастау туралы негіздеме көрсетіледі.
48. Кәсіпкер қайтыс болған жағдайда қаржы институты кәсіпкердің қайтыс болғаны туралы мәліметтерді (ақпаратты) алғаннан кейін 2 (екі) жұмыс күні ішінде қаржы агенттігіне тиісті хабарлама жібереді, ол 5 (бес) жұмыс күні ішінде мұрагердің (мұрагерлердің) мұрагерлік құқығы басталған кезге дейін субсидиялауды уақытша тоқтату жөніндегі ақпаратты қаржы агенттігі уәкілетті органының қарауына шығарады. Мұрагердің (мұрагерлердің) мұрагерлік құқығы басталған жағдайда субсидиялауды қайта бастау туралы мәселе қаржы агенттігі уәкілетті органының қарауына шығарылады.
Ескерту. 48-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 13.01.2026 № 12 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
49. Қаржы құралы нысаналы/ішінара нысаналы пайдаланылмаған, жоба және/(немесе) кәсіпкер осы Қағидалардың шарттарына сәйкес келмеген кезде қаржы агенттігі субсидиялауды тоқтатады, бұл ретте субсидиялау қаржы құралын нысаналы пайдаланбау сомасына барабар тоқтатылады. Қаржы құралының нысаналы пайдаланылуын растайтын қаржы құралының қалған бөлігі бойынша және кәсіпкер қаржы құралын нысаналы пайдаланбау мөлшеріне барабар төленген субсидиялар сомасын қайтарған жағдайда субсидиялау төлем графигіне сәйкес жалғасады. Қаржы құралын толық нысаналы пайдаланбау анықталған немесе жоба (немесе) кәсіпкер осы Қағидалардың шарттарына сәйкес келмеген жағдайларда субсидиялау төленген субсидиялар сомасы толық қайтарыла отырып, субсидиялау мерзімі басталған күннен бастап тоқтатылады.
Қаржы агенттігіне қайтарылған субсидиялардың сомалары субсидияларды одан әрі төлеу үшін пайдаланылады.
50. Қаржы агенттігі 5 (бес) жұмыс күні ішінде кәсіпкер субсидиялауды тоқтата тұруға негіз болған себептерді жойған жағдайда қаржы институтын субсидиялаудың қайта басталғаны туралы хабардар етеді.
51. Кәсіпкерді субсидиялау қайта басталған жағдайда қаржы агенттігі оларға тоқтата тұру кезеңінде төленбеген субсидияларды төлейді, осы Қағидалардың 46-тармағының 3), 4), 5) тармақшаларында көрсетілген себептер бойынша субсидиялау тоқтатыла тұрған жағдайда қаржы агенттігі субсидиялау қайта басталған кезде кәсіпкер мерзімін өткізіп алған күннен бастап төленуге тиіс субсидияларды төлейді.
52. Кәсіпкерді субсидиялау тоқтатылған жағдайда қаржы агенттігі 5 (бес) жұмыс күні ішінде тиісті хатпен кәсіпкерге және қаржы институтына хабарлама жібереді, онда тоқтатудың себебін көрсетеді.
53. Осы Қағидалардың 48-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, қаржы агенттігінің субсидиялауды тоқтату туралы жазбаша хабарламасы бар қаржы құралдары қайта бастауға жатпайды.
54. Субсидиялау тоқтатылған жағдайда қаржы институты қолданыстағы қаржы құралы бойынша кәсіпкерге қаржы құралының бұрын қолданыста болған шарттарын (оның ішінде номиналды мөлшерлемені, комиссияларды және өзге де шарттарды) белгілеп береді. Бұл ретте қаржы агенттігі 10 (он) жұмыс күні ішінде қаржы институтына өзара есеп айырысуды салыстырып тексеру актісін ұсынады.
Егер қаржы агенттігі өтелетін сомасы көрсетілген өзара есеп айырысуды салыстырып тексеру актісіне қол қою үшін қаржы институтына жіберген кезден бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде қаржы институты қол қойылған өзара есеп айырысуды салыстырып тексеру актісін не дәлелді қарсылықтарын ұсынбаған жағдайда өзара есеп айырысуды салыстырып тексеру актісінде көрсетілген соманы қаржы институты таныды деп есептеледі және қаржы агенттігінің шотына қайтарылуға тиіс.
Ескерту. 54-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 13.01.2026 № 12 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
55. Субсидиялауды қайта бастау кәсіпкер осы Қағидалардың 46-тармағының 3), 4), 5) тармақшалары бойынша бұзушылықтарды жойған жағдайда және қаржы агенттігінің субсидиялауды тоқтату туралы шешіміне дейін қаржы институты мен қаржы агенттігі арасындағы субсидиялау туралы келісімде көзделген шарттарға сәйкес жүзеге асырылады.
3-тарау. Жергілікті атқарушы органдардың қаражаты есебінен субсидиялау 1-параграф. Субсидия беру шарттары
56. Өңірді дамытудың экономикалық тиімділігі мақсатында өңірлік үйлестіруші қызмет түрлерін, басым салалар тізбесін, кәсіпкерлік субъектілерінің санаттарын, аумақтық қамтуды қоса алғанда, қолдау көрсетілетін жобалардың тізбесін көрсетіп, жеке кәсіпкерлік субъектілерін (бұдан әрі – ЖКС) субсидиялау шарттарын көздейді.
Өңірлік үйлестіруші қаржы агенттігіне жоба бойынша жазбаша нысанда мынадай ақпаратты қамтитын хабарлама жібереді:
ЖКС атауы;
кәсіпкерлік субъектісінің санаты;
ЭҚЖЖ бойынша сала;
жобаның атауы және құны;
кредиттің мақсаты;
қаржыландыру түрі (жаңартылатын және/немесе жаңартылмайтын негіздегі кредиттік желі);
ЕДБ атауы;
кредиттің ең көп сомасы;
кредит валютасы, номиналды мөлшерлеме және субсидияланатын бөлік;
кредит және субсидиялау мерзімі (айлармен);
жобаны субсидиялаудың бүкіл мерзіміне бөлінетін жалпы субсидия сомасы.
Қаржы агенттігі осы Қағидалардың 7, 8, 9-тармақтарында көрсетілген талаптарды сақтай отырып, жазбаша хабарламада көрсетілген шарттар шегінде субсидиялауды жүзеге асырады.
Жасалған субсидиялау шарттары бойынша міндеттемелерді орындау үшін өңірлік үйлестіруші жергілікті бюджетте ЖКС-ті қолдауға бағытталған жобаларды субсидиялаудың бүкіл мерзіміне қаражат көздейді.
Бұл ретте өңірлік үйлестіруші:
жобаны қосу туралы хабарламада көрсетілген субсидиялаудың бүкіл мерзіміне субсидияларды уақтылы және толық қаржыландыруды қамтамасыз етуге;
жергілікті бюджет жобасында субсидиялар қолданысының бүкіл кезеңіне қаражат бөлуді көздеуге міндеттенеді.
57. Субсидиялау инвестициялық тиімді жаңа жобаларды іске асыру, айналым қаражатын толықтыру үшін ЕДБ беретін жаңа кредиттер бойынша жүзеге асырылады.
Жаңа тиімді инвестициялық жобалар деп 2 (екі) қаржы жылынан кейін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің/салық декларациясының деректері, оның ішінде міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) әлеуметтік аударымдар және (немесе) бюджетпен есеп айырысулардың жай-күйі туралы дербес шоттан үзінді көшірмеге сәйкес деректер негізінде төленетін салықтарды (корпоративтік табыс салығы/жеке табыс салығы) міндетті түрде және жұмыс орындарының орташа жылдық санын 10 %-ға ұлғайтуды көздейтін ЖКС жобалары түсініледі. Бұл ретте тиімділік көрсеткіштерін есептеу кезінде субсидиялаудың басталу күніне қарамастан, келесі қаржы жылының басталуы есепті күн болып табылады.
Бұл ретте жоғарыда көрсетілген көрсеткіштерді субсидиялау түрінде тікелей қолдау алған/алатын ЖКС растайды.
Айналым қаражатын толықтыру мақсаттарына бағытталған ЖКС кредиттері бойынша осы тармақта көзделген талаптар қолданылмайды.
58. Қаржы институты бұрын 12 (он екі) ай ішінде берген жаңа кредиттер де субсидиялауға жатады.
59. Кредит сомасы, субсидиялау мерзімі, субсидиялау жүзеге асырылатын ЭҚЖЖ бойынша сала өңірлік үйлестірушімен келісу бойынша белгіленеді.
60. Субсидиялау номиналды мөлшерлемесі ҚР ҰБ белгілеген және 4 (төрт) пайыздық тармаққа ұлғайтылған базалық мөлшерлемеден тұратын кредиттер бойынша жүзеге асырылады.
ЖКС 12,5 %-ды төлейді, ал айырмасын қаржы агенттігі субсидиялайды.
61. ЕДБ:
1) кредиттеу шарттарының ЖКС бастамасымен өзгеруіне байланысты болған;
2) ЖКС-тің кредит бойынша міндеттемелерді бұзуы себебінен алынатын;
3) есеп айырысу-кассалық қызмет көрсету бойынша төлемдерді қоспағанда, кредитке байланысты қандай да бір комиссия алмайды.
ЕДБ субсидия берілгенге дейін осы Қағидалардың осы тармағында көзделмеген комиссияларды ұстап қалған, 12 (он екі) ай ішінде берілген кредит субсидияланған жағдайда ЕДБ субсидиялау басталған кезден бастап 3 (үш) ай ішінде ЖКС-ке ұстап қалынған комиссияларды өтейді.
62. Жеңілдікті кезеңнің мерзімі кредит берілген күннен бастап 12 (он екі) айдан аспайды.
63. Субсидиялау жүзеге асырылатын инвестициялық жобаларды іске асыру мерзімі субсидиялау басталған күннен бастап 24 (жиырма төрт) айдан аспауға тиіс.
Мынадай:
1) табиғи дүлей апат, соғыс, эпидемия және жобаның орындалуына әсерін тигізетін басқа да болжанбаған оқиғалар сияқты форс-мажорлық мән-жайлар;
2) жобаны іске асыру басталған кезде болжау мүмкін болмаған және бейімделу үшін қосымша уақытты талап ететін заңнамадағы елеулі өзгерістер;
3) жобаны іске асыру процесінде туындаған техникалық, экономикалық немесе өндірістік қиындықтардың субсидия алатын ЖКС тарапынан атүсті қарау немесе немқұрайлылық нәтижесі болмаса, осы қиындықтарға байланысты күтпеген мән-жайлар орын алған кезде осы Қағидаларда белгіленген мерзім өткеннен кейін 1 (бір) қаржы жылынан аспайтын қосымша мерзім беруге жол беріледі.
2-параграф. Субсидия беру үшін қатысушылардың өзара іс-қимыл жасасуы
64. ЖКС ЕДБ-ның оң шешімімен осы Қағидалардың 56-тармағына сәйкес жоба бойынша жазбаша нысанда хабардар ете отырып, қаржы агенттігіне жүгінеді, оған:
1) осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш-сауалнама;
2) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама (кәсіпкердің қолымен және мөрмен (бар болса) расталған көшірмесі), ЖКС-ті мемлекеттік тіркеу туралы хабарлама;
3) мыналарды:
қаржы агенттігі субсидиялау туралы шешім қабылдаған күннен бастап 2 (екі) қаржы жылынан кейін төленетін салықтарды (корпоративтік табыс салығын/жеке табыс салығын) ұлғайту жөніндегі кезеңдерді және салық декларациясының деректері, оның ішінде міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) әлеуметтік аударымдар жөніндегі деректер негізінде жұмыс орындарының орташа жылдық санын 10 %-ға ұлғайтуды:
4) ЕДБ-ның оң шешімін (ЕДБ шешімі хаттамасынан үзінді көшірме) қамтитын ЖКС жобасының бизнес-жоспары қоса беріледі;
5) ЖКС өтінім берген кезде сұратылатын кезең үшін салық берешегінің жоқ екені туралы анықтаманың болуы талап етіледі.
65. ЖКС жобасы осы Қағидалардың 56-тармағына сәйкес хабарламада жазбаша нысанда көрсетілген шарттарға және (немесе) ұсынылған материалдар осы Қағидалардың шарттарына сәйкес келмеген және (немесе) құжаттар топтамасы толық ұсынылмаған не белгіленген нысандарға сәйкес келмейтін құжаттар ұсынылған жағдайда қаржы агенттігі 1 (бір) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттар бойынша нақты кемшіліктерді көрсете отырып, ЕДБ-ға/ЖКС-ке ұсынылған құжаттарды пысықтау үшін қайтарады.
ЖКС және (немесе) ұсынылған материалдар осы Қағидалардың шарттарына сәйкес келген және (немесе) құжаттар топтамасы бойынша кемшіліктер болмаған жағдайда қаржы агенттігі құжаттар топтамасын алғаннан кейін төртінші жұмыс күні ЖКС жобасын қаржы агенттігі уәкілетті органының отырысына шығарады.
66. Қаржы агенттігі жоба осы Қағидалардың шарттарына, сондай-ақ осы Қағидалардың 1-тарауының 7, 8 және 9-тармақтарында көрсетілген шарттарға сәйкес келмеген жағдайларда дәлелді негіздемесімен субсидия беруден бас тартады.
67. Қаржы агенттігі уәкілетті органының отырыстарын өткізу тәртібі және мүшелер саны қаржы агенттігінің уәкілетті органы бекітетін ішкі нормативтік құжаттарда айқындалады.
68. Қаржы агенттігінің уәкілетті органы жобаларды тиісті қаржы жылында субсидиялау үшін өңірлік үйлестірушіден бюджет қаражаты болған жағдайда ғана қарайды.
69. ЖКС жобасын қаржы агенттігінің уәкілетті органы құжаттар топтамасымен ақпарат түскен күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қарайды.
70. Қаржы агенттігінің уәкілетті органы отырыстың шешімін қабылдағаннан кейін қаржы агенттігі 1 (бір) жұмыс күні ішінде хаттама ресімдеп, оған қол қояды және шешім оң болған жағдайда ЕДБ-ға және ЖКС-ке осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ілеспе хатпен хаттамадан үзінді, шешім теріс болған жағдайда осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ілеспе хатпен хаттамадан үзінді жібереді.
71. Қаржы агенттігінің уәкілетті органы оң шешімінің қолданылу мерзімі қаржы агенттігінің уәкілетті органы шешім қабылдаған күннен бастап 6 (алты) айды құрайды.
3-параграф. Кәсіпкердің "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы электрондық өтінім беруі
72. ЖКС осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша осы Қағидалардың 56-тармағына сәйкес жазбаша нысанда жоба бойынша хабарлама бере отырып, "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы электрондық өтінім береді, оған мыналар қоса беріледі:
1) ЖКС жобасын іске асыру бизнес-жоспары не жоба бойынша сараптамалық қорытынды (ЕДБ тиісті жұмыскерінің техникалық-экономикалық қорытындысы /экономикалық қорытындысы, бұл құжаттар болмаған жағдайда жобаның мәнін ашатын басқа құжаттар), сондай-ақ жоба тиімділігінің орындалу кезеңдері (ЖКС жобасының бизнес-жоспарында саланың, кіші саланың атауы; қызметтің негізгі түрі (ЭҚЖЖ кодын көрсете отырып); 3 (үш) жыл ішінде заттай мәнде шығарылатын өнім номенклатурасы; өтініш берушінің белгіленген қуаты (заттай және ақшалай мәнде); қуаттардың ағымдағы жүктемесі (пайыз); өндірістік жабдықтың ағымдағы тозуы (пайыз); ағымдағы еңбек өнімділігі (мың теңге/адам және мың АҚШ доллары/адам) көрсетіледі);
2) осы Қағидалар шеңберінде қатысуға мүмкіндік беретін шарттарда ЖКС кредиті бойынша кредит беру немесе номиналды мөлшерлемені төмендету мүмкіндігі туралы оң шешімі бар ЕДБ хатының сканерленген көшірмесі.
73. ЖКС жөніндегі, оның ішінде заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу/қайта тіркеу туралы анықтама және дара кәсіпкерді тіркеу туралы хабарлама, кәсіпкерлік субъектісінің санаты жөніндегі мәліметтер, бюджетке төленетін міндетті төлемдер бойынша берешегінің жоқ екені туралы мәліметтер автоматты түрде "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерде айқындалады.
74. ЖКС құжаттардың топтамасын толық ұсынбаған жағдайда ақпараттық жүйе оның өтінімін тіркеуге қабылдамайды.
75. ЖКС электрондық өтінімі ақпараттық жүйе арқылы мақұлданған жағдайда:
1) тіркелген өтінім осы Қағидалардың шарттарына сәйкестігі тұрғысынан қарау үшін қаржы агенттігіне жіберіледі;
2) қаржы агенттігі ЖКС-тен түскен өтінімді қарайды.
76. Қаржы агенттігі материалдарды өтінім тіркелген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қарайды.
77. Қаржы агенттігі жоба осы Қағидалардың шарттарына, сондай-ақ осы Қағидалардың 1-тарауының 7, 8 және 9-тармақтарында көрсетілген шарттарға сәйкес келмеген жағдайларда дәлелді негіздемесімен субсидия беруден бас тартады.
78. ЖКС және (немесе) ұсынылған материалдар осы Қағидалардың шарттарына сәйкес келген жағдайда толық құжаттар топтамасы бар электрондық өтінім қаржы агенттігі уәкілетті органының қарауына жіберіледі.
79. Қаржы агенттігі уәкілетті органының отырысында ЖКС өтінімдерін қарау осы Қағидалардың 3-тарауының 2-параграфына сәйкес жүзеге асырылады.
80. Қаржы агенттiгi уәкiлеттi органының шешiмi қолданылу мерзімі қаржы агенттігінің уәкiлеттi органы шешiм қабылдаған күннен бастап 6 (алты) ай болатын тиiстi хаттамамен ресiмделедi.
81. Қаржы агенттігі ақпараттық жүйе арқылы тиісті хатпен бірге хаттамадан үзінді көшірмені жүктейді және 3 (үш) жұмыс күні ішінде электрондық құжат нысанында ЖКС-тің "жеке кабинетіне" жібереді. Қаржы агенттігі осымен бір мезгілде ЕДБ-ға ілеспе хатпен хаттамадан үзінді көшірмені жібереді.
82. Қатысушылардың субсидия ұсыну кезіндегі одан арғы өзара іс-қимылы осы Қағидалардың 3-тарауының 4-параграфына сәйкес жүзеге асырылады.
4-параграф. Субсидия беру тәртібі
83. ЕДБ қаржы агенттігінен қаржы агенттігі уәкілетті органының шешімін алғаннан кейін және субсидиялау туралы оң шешім болған кезде қаржы агенттігі, ЕДБ және ЖКС арасында осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес жергілікті атқарушы органдардың қаражаты есебінен субсидиялау шарты (бұдан әрі – субсидиялау шарты) жасалады, оған сәйкес қаржы агенттігі ЕДБ-ға субсидиялау шартының өтеу графигіне сәйкес субсидия төлеуді жүзеге асырады.
84. ЕДБ қолданыстағы кредит бойынша уақтылы өтеу жөніндегі міндеттемелерді (бар болса) орындамағаны үшін айыппұлдар мен өсімпұлдарды субсидиялау шартына қол қойылған кезге дейін есептен шығарады.
85. Субсидиялау шартын:
1) ЕДБ қаржы агенттігінен хаттама/шешім алған кезден бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде;
2) қаржы агенттігі ЕДБ-ден субсидиялау шартын алған кезден бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде жасайды.
Субсидиялау шарты қағаз жеткізгіште/электрондық нысанда жасалады, бұл ретте субсидиялау шартының электрондық нысанына Қазақстан Республикасының электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы заңнамасына сәйкес электрондық цифрлық қолтаңба қойылады.
86. Тиісті өңірлік үйлестірушіден субсидиялау үшін бюджет қаражаты болмаған жағдайда субсидиялау шартына қол қойылмайды.
87. Егер ЕДБ осы Қағидалардың 85-тармағының 1) тармақшасында белгіленген мерзімдерде субсидиялау шартын уақтылы жасаспаса, ЕДБ кідірту себептерін түсіндіре отырып, қаржы агенттігін ресми хатпен хабардар етеді.
88. Егер шарттың және (немесе) субсидиялау шартының талаптары қаржы агенттігі уәкілетті органының шешіміне, осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келмесе, қаржы агенттігі субсидиялау шартына қол қоймайды. Бұл ретте қаржы агенттігі ЕДБ-ны және ЖКС-ті 1 (бір) жұмыс күні ішінде бұл туралы хабардар етеді.
89. ЕДБ ескертулерді жойған жағдайда қаржы агенттігі субсидиялау шартына қол қояды.
90. ЕДБ қаржы агенттігінің ескертулерімен келіспеген жағдайда қаржы агенттігі ЕДБ-ның келіспеу себептері түсіндірілген ресми хат келіп түскен күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде түпкілікті шешім қабылдау үшін осы мәселені қаржы агенттігі уәкілетті органының қарауына шығарады.
91. Субсидиялау шарты оған ЖКС, ЕДБ және қаржы агенттігі қол қойған күннен бастап күшіне енеді. Бұл ретте субсидиялау шартында субсидиялау мерзімінің басталуы субсидиялау шартына қол қойылған күнге дейін күнтізбелік 30 (отыз) күннен аспайтын, бірақ қаржы агенттігі шешім қабылдаған күннен ерте болмайтын мерзімге белгіленуі мүмкін.
92. Субсидияларды төлеу күнін ЖКС, ЕДБ өзі айқындайды. Егер кредит бойынша номиналды мөлшерлемені есептеу қаржы агенттігі қол қойған субсидиялау шартында көрсетілген субсидиялау мерзімі басталған күннен кейінгі күннен басталса, субсидиялау мерзімі басталған бірінші күн субсидиялау кезеңіне қосылмайды.
93. Қаржы агенттігі субсидиялау шартына қол қойғаннан кейін субсидия төлейді.
Жобалар бойынша субсидиялар тиісті өңірлік үйлестірушінің қаражаты болған кезде төленеді.
94. Субсидиялауға қаражат болмаған жағдайда ЖКС қол қойылған субсидиялау шарттары бойынша субсидияланатын және субсидияланбайтын бөлікті төлеуді жүргізеді, бюджет қаражаты түскен кезде қаржы агенттігі төлем графигіне сәйкес субсидияларды өтейді.
95. ЕДБ қаржы агенттігіне субсидиялар сомаларын аудару үшін ағымдағы шот ашады.
96. Қаржы агенттігі субсидиялау шартының төлем графигін ескере отырып, субсидиялау үшін көзделген қаражатты ай сайын аванстық төлемдермен (айына бір рет/бірнеше рет) ЕДБ-дағы ағымдағы шотқа аударуды жүзеге асырады.
97. ЖКС жобалары бойынша субсидиялау үшін көзделген қаражатты аударуды ЕДБ кредиттік рейтингі төмендеген және қаржы жағдайы нашарлауының өзге де белгілері (бір немесе бірнеше жағдайдың басталуы) болған жағдайда, оның ішінде:
халықаралық рейтингтік агенттіктердегі кредиттік рейтинг Standard&Poors рейтингтер шкаласы бойынша "В" деңгейінен төмендеген;
К4 коэффициентінің мәні 0,4 деңгейінен төмендеген;
қатарынан 2 (екі) ай бойы пруденциялық нормативтер бұзылған кезде қаржы агенттігі ЖКС-тің кредиті бойынша толық төлем (негізгі борыш, сыйақының субсидияланатын және субсидияланбайтын бөлігі) жасауы фактісі туралы ЕДБ-ның хабарламасы негізінде не субсидиялау шарттарына төлем графиктерін негізге ала отырып, қысқа мерзімді кезеңге арналған субсидияланатын бөлік бойынша ЖКС-тің алдағы міндеттемелерін жабатын төлемдермен жүзеге асырады.
ЕДБ-де жоғарыда көрсетілген көрсеткіштер түзетілген жағдайда қаржы агенттігінің субсидиялау үшін көзделген қаражатты аударуы субсидиялау шартының төлем графигін ескере отырып, аванстық төлемдермен (айына бір рет/бірнеше рет) жүзеге асырылады.
98. ЕДБ қаржы агенттігінің хабарламасы негізінде қаржы агенттігінің ағымдағы шотынан ЖКС жобалары бойынша субсидия сомасын есептен шығаруды жүзеге асырады.
Бұл ретте ЕДБ шартқа субсидияларды өтеуді төлем графигі бойынша жоспарлы төлемнен аспайтын қалдық сомасы шегінде ішінара мерзімінен бұрын өтеуге сәйкес есептелген, өзгертілген өтеу графигі бойынша жүзеге асырады.
99. ЖКС шартқа сәйкес өтеу графигі бойынша ЕДБ-ға субсидияланбайтын бөліктің төлемін жүргізеді.
100. ЖКС-тің кредит бойынша төлемді (негізгі борыш пен субсидияланбайтын бөлікті) толық төлеуді жүргізу фактісі бойынша ЕДБ:
1) кредит бойынша кәсіпкер жоспарлы төлемді өтеген күні қаржы агенттігінің шотында қаражат болған;
2) график бойынша өтеу күнінен кейін қаржы агенттігінен қаражат түскен кезде қаржы агенттігінің ағымдағы шотынан ақшаны кәсіпкердің кредиті бойынша субсидияланатын бөлікті өтеу есебіне есептен шығаруды жүзеге асырады.
101. ЕДБ ЖКС берешекті өтегенге дейін субсидияланатын бөлікті өтеу үшін қаражатты қаржы агенттігінің ағымдағы шотынан есептен шығармайды және бұл туралы қаржы агенттігін ЖКС ЕДБ алдындағы төлемдерді төлеу жөніндегі міндеттемелерді қатарынан 3 (үш) ай бойы орындамаған жағдайларда 2 (екі) жұмыс күні ішінде тиісті хатпен хабардар етеді.
102. ЖКС-тің кредиті бойынша негізгі борыш ішінара мерзімінен бұрын өтелген жағдайда ЕДБ 2 (екі) жұмыс күні ішінде қаржы агенттігіне шартқа қосымша келісімнің көшірмесін не төлемдерді өтеудің өзгертілген графигі бар және төленуге тиіс субсидия сомасы көрсетілген ЕДБ-ның электрондық форматтағы (XLS немесе XLSX) хатын жібереді.
ЖКС-тің кредиті бойынша негізгі борыш күнтізбелік ай ішінде бірнеше рет мерзімінен бұрын ішінара өтеген жағдайда қаржы агенттігіне осындай жағдайлар бойынша біріктірілген шартқа қосымша келісімнің көшірмесін не төлемдерді өтеудің өзгертілген графигі және төленуге тиіс субсидия сомасы көрсетілген электрондық форматтағы (XLS немесе XLSX) ЕДБ-ның хатын ұсынуына жол беріледі.
103. Кредит бойынша негізгі борыш мерзімінен бұрын толық өтелген жағдайда ЕДБ 7 (жеті) жұмыс күні ішінде қаржы агенттігіне өзара есеп айырысуды салыстырып тексеру актісін ұсынады.
104. Егер ЕДБ қолданыстағы банктік қарыз шартының талаптарын (кредит сомасы және (немесе) номиналды мөлшерлеме, жеңілдікті кезең, ЖКС атауын өзгерту/борышты аудару) өзгерткен жағдайда ЕДБ қаржы агенттігіне кредиттер бойынша тиісті хабарлама жібереді, ол өз кезегінде 7 (жеті) жұмыс күні ішінде құжаттардың толық топтамасымен қоса қолданыстағы қаржыландыру шарттарына талаптардың өзгеруі жөніндегі ақпаратты қаржы агенттігі уәкілетті органының қарауына шығарады. Қараудың нәтижелері бойынша қаржы агенттігінің уәкілетті органы қаржыландырудың қолданыстағы шарттарына өзгерістер енгізудің мүмкіндігі/мүмкін еместігі туралы шешім қабылдайды, ол қаржы агенттігі уәкілетті органының шешімі қабылданған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде хаттамамен ресімделеді. Бұл ретте қаржыландыру шарттарында жасалған өзгерістер хаттамада/шешімде нақты көрсетіледі.
Қаржы агенттігінің уәкілетті органы шешім қабылдағаннан кейін 1 (бір) жұмыс күні ішінде қаржы агенттігі ЕДБ-ға және ЖКС-ке хаттамадан үзінді көшірме жібереді.
105. ЕДБ қолданыстағы шарт талаптарындағы өзге де өзгерістер туралы қаржы агенттігін тиісті хатпен хабардар етеді, ол өз кезегінде құжаттардың толық топтамасын алған күннен бастап 7 (жеті) жұмыс күні ішінде қазіргі қаржыландыру талаптарына енгізілетін өзгерістер бойынша шешім қабылдайды және қаржыландыру талаптарына енгізілген өзгерістерді хатпен келіседі немесе келісуден бас тартады. Бұл ретте қаржыландыру шарттарында болған өзгерістер келісу (келісуден бас тарту) хатында анық көрсетіледі.
106. Осы Қағидаларды іске асыру шеңберінде субсидиялауға бөлінген және ағымдағы қаржы жылы өңірлік үйлестірушілер/қаржы агенттігі пайдаланбаған қаражат жобаларды, оның ішінде кезекті қаржы жылында мақұлданған жобаларды кезекті қаржы жылында субсидиялауға пайдаланылады.
107. Субсидия төлеу шарт бойынша кредит ЕДБ алдында толық өтелген жағдайда тоқтатылады (ЖКС-тің ЕДБ кредитін толық өтелген күні субсидиялау тоқтататылған күн болып есептеледі).
108. Субсидиялауды тоқтата тұру, тоқтату және қайта бастау тәртібі осы Қағидалардың 2-тарауының 4-параграфына сәйкес жүзеге асырылады.
4-тарау. Жобалардың іске асырылуын мониторингілеу
109. Осы Қағидалар шеңберінде кәсіпкерлер/ЖКС жобаларының іске асырылуын мониторингілеуді қаржы агенттігі кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган бекіткен Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау шаралары шеңберінде іске асырылатын жобаларға мониторинг жүргізу қағидаларына сәйкес жүзеге асырады.
Қаржы агенттігінің функцияларына мыналар кіреді:
1) қаржы институты ұсынатын деректер мен құжаттар негізінде шарт жасалған кәсіпкердің/ЖКС-тің қаржы құралын нысаналы пайдалануын мониторингтеу;
2) қаржы институты ұсынатын деректер негізінде кәсіпкердің/ЖКС-тің төлем тәртібін мониторингтеу;
3) жобаның іске асырылуын (қаржы лизингі шарты бойынша лизинг нысанасын пайдалануды) мониторингтеу;
4) жобаның және (немесе) кәсіпкердің/ЖКС-тің осы Қағидалардың шарттарына және (немесе) қаржы агенттігінің/қаржы институтының шешіміне сәйкес келуін мониторингтеу.
Ескерту. 109-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 13.01.2026 № 12 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
5-тарау. Өтпелі ережелер
110. Бұрын бекітілген кәсіпкерлікті қолдау бағдарламалары шеңберінде мақұлданған жобалар бойынша шешімдер қаржы агенттігінің уәкілетті органы бұрын мақұлдаған шарттарға сәйкес олар бойынша міндеттемелер толық орындалғанға дейін қолданыста болады. Субсидиялау республикалық және жергілікті бюджеттердің қаражаты есебінен жүзеге асырылады. Субсидиялау үшін бөлінген және бұрын қолданыста болған кәсіпкерлікті қолдау бағдарламалары шеңберінде жергілікті және/немесе республикалық бюджеттерден аударылған қаражатты қаржы агенттігі толық игерілгенге дейін пайдаланады.
Бұрын бекітілген кәсіпкерлікті қолдау бағдарламасы/бұрын бекітілген кәсіпкерлікті қолдау бағдарламалары – Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 24 желтоқсандағы № 968 қаулысымен бекітілген "Бизнестің жол картасы-2025" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 12 қазандағы № 728 қаулысымен бекітілген 2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 11 желтоқсандағы № 820 қаулысымен бекітілген Басым жобаларға кредит беру және қаржылық лизинг тетігі, "Мемлекеттік қолдауға жататын жеке кәсіпкерлік субъектілері қызметін жүзеге асыратын экономика салаларын мемлекеттік қаржылай қолдау қағидаларын, нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2023 жылғы 21 қарашадағы № 410-НҚ, Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2023 жылғы 22 қарашадағы № 412, Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің 2023 жылғы 22 қарашадағы № 299, Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің 2023 жылғы 22 қарашадағы № 327, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2023 жылғы 22 қарашадағы № 401, Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2023 жылғы 22 қарашадағы № 450-НҚ, Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрінің 2023 жылғы 22 қарашадағы № 16, Қазақстан Республикасы Көлік министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 23 қарашадағы № 91, Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2023 жылғы 23 қарашадағы № 84, Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2023 жылғы 23 қарашадағы № 347, Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2023 жылғы 23 қарашадағы № 572/НҚ, Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2023 жылғы 23 қарашадағы № 598 және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 23 қарашадағы № 167 бірлескен бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33681 болып тіркелген).
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 17 қыркүйектегі № 754 қаулысы шеңберіндегі Сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау қағидалары, Ислам банктері кәсіпкерлік субъектілерін қаржыландырылған кезде ислам банктерінің кірісін құрайтын тауардың үстеме бағасы мен жалдау төлемінің бөліктерін субсидиялау қағидалары, Кәсіпкерлік субъектілері шығарған облигациялар бойынша купондық сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау қағидаларына сәйкес 2025 жылғы 16 маусымға дейін мақұлданған жобалар қаржы агенттігінің уәкілетті органы бұрын мақұлданған шарттарға сәйкес, кәсіпкерлер олар бойынша өз міндеттемелерін толық орындағанға дейін қолданылады.
Бұрын бекітілген кәсіпкерлікті қолдау бағдарламалары шеңберінде қаржы агенттігінің уәкілетті органы мақұлдаған жобалар және 2025 жылғы 16 маусымға дейін мақұлданған жобалар бойынша кепілгерге, қосалқы қарыз алушыға, қаржы құралының мақсаты мен мерзіміне, қаржы құралының сомасын азайтуға, номиналды мөлшерлемеге, қаржы институтына, кейінге қалдыруға/жеңілдікті кезеңге, өтеу күніне, өтеу шарттарына, айналым қаражатын толықтыру мақсатына арналған лимиттің жаңартылатындығына/жаңартылмайтындығына қатысты ағымдағы шарттарға өзгерістер енгізуге, кәсіпкердің атауын, ЭҚЖЖ кодын өзгертуге жол беріледі.
Ескерту. 110-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 13.01.2026 № 12 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
110-1. Бұрын бекітілген кәсіпкерлікті қолдау бағдарламалары шеңберінде мақұлданған жобалар және 2025 жылғы 16 маусымға дейін мақұлданған жобалар бойынша субсидиялау шарттары мен қосылу шартының нысандарын Қордың уәкілетті органы бекітеді, олардың талаптары бойынша кәсіпкерлердің кредиттері/лизингтік мәмілелері бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін өтеу үшін субсидиялар кезең-кезеңімен төленеді.
Ескерту. 5-тарау 110-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 13.01.2026 № 12 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
111. Кәсіпкердің ағымдағы міндеттемелерін қайта қаржыландыру кезінде субсидиялау мерзімі қаржы агенттігі қайта қаржыландыру жүзеге асырылған қаржы институтына бірінші субсидиялау шартына қол қойған кезден бастап белгіленеді.
Субсидиялау кезінде қайта қаржыландыруға жол берілмеген қаржы құралдарын қоспағанда, субсидиялау бойынша қаржы агенттігінің мақұлдауын алған кәсіпкерлердің жобалары бойынша бұрын мақұлданған субсидиялау шарттарында басқа қаржы институттарына қайта қаржыландыруға жол беріледі.
112. Егер қаржы институты қолданыстағы шарттың талаптарын (қаржы құралының сомасы және (немесе) номиналды мөлшерлеме, жеңілдікті кезең, кәсіпкердің атауын өзгерту/борышты аудару) өзгерткен жағдайда қаржы институты хабарламаны қаржы агенттігіне жібереді.
Қаржы агенттігі шарттардың өзгеруі жөніндегі ақпаратты 7 (жеті) жұмыс күні ішінде құжаттардың толық топтамасымен қоса қаржы агенттігі уәкілетті органының қарауына шығарады. Қараудың нәтижелері бойынша қаржы агенттігінің уәкілетті органы өзгерістер енгізудің мүмкіндігі/мүмкін еместігі туралы шешім қабылдайды, ол 2 (екі) жұмыс күні ішінде хаттамамен ресімделеді.
Қаржы агенттігінің уәкілетті органы шешім қабылдағаннан кейін Қаржы агенттігі 1 (бір) жұмыс күні ішінде хаттамадан үзінді көшірмені қаржы институтына жібереді.
Шарт талаптарының өзге де өзгерістері туралы қаржы институты тиісті хатпен қаржы агенттігін хабардар етеді, ол өз кезегінде 7 (жеті) жұмыс күні ішінде жасалған өзгерістерді хатпен келіседі немесе келісуден бас тартады.
Бұл ретте жасалған өзгерістер (келісуден бас тарту) келісу хатында анық көрсетіледі.
| Субсидиялау қағидаларына 1-қосымша |
Экономикалық қызметтің басым түрлерінің тізбесі
Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 13.01.2026 № 12 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Жүктеу
|
Р/с |
Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуішінің коды |
Атауы |
|
1 |
2 |
|
|
1. Өңдеу өнеркәсібінде |
||
|
1 |
10 |
Тамақ өнімдерінің өндірісі |
|
2 |
11.06 |
Уыт өндірісі |
|
3 |
11.07 |
Алкогольсіз сусындар, минералды сулар және шөлмекке құйылған басқа да сулар өндірісі |
|
4 |
13 |
Текстиль бұйымдарының өндірісі |
|
5 |
14 |
Киім өндірісі |
|
6 |
15 |
Былғары және соған жататын өнім өндірісі |
|
7 |
16 |
Жиһаздан басқа, ағаш және тоз бұйымдарының өндірісі; сабаннан және тоқуға арналған материалдардан жасалған бұйымдар өндірісі |
|
8 |
17 |
Қағаз және қағаз өнімдерінің өндірісі |
|
9 |
20 |
Химия өнеркәсібі өнімдерінің өндірісі |
|
10 |
21 |
Негізгі фармацевтикалық өнімдер мен фармацевтикалық препараттар өндірісі |
|
11 |
22 |
Резеңке және пластмасса бұйымдарының өндірісі |
|
12 |
23 |
Өзге де бейметалл минералдық өнімдер өндірісі* |
|
13 |
24 |
Металлургия өндірісі** |
|
14 |
25 |
Машиналар мен жабдықтардан басқа дайын металл бұйымдарын шығару |
|
15 |
26 |
Компьютерлер, электрондық және оптикалық жабдықтар шығару |
|
16 |
27 |
Электр жабдықтарын шығару |
|
17 |
28 |
Басқа топтамаларға енгізілмеген машиналар мен жабдықтар шығару |
|
18 |
29 |
Автомобильдер, тіркемелер және жартылай тіркемелер шығару |
|
19 |
30 |
Басқа көлік құралдарын шығару |
|
20 |
31 |
Жиһаз өндірісі |
|
21 |
32 |
Өзге де дайын бұйымдар өндірісі |
|
22 |
33 |
Машиналар мен жабдықтарды жөндеу және орнату |
|
2. Көрсетілетін қызметтер және өзге де қызмет түрлері бойынша |
||
|
Ауыл, орман және балық шаруашылығы |
||
|
23 |
01 |
01.11 "Дәнді дақылдарды (күріштен басқа), бұршақ және майлы дақылдарды өсіруді" қоспағанда, өсімдік және мал шаруашылығы, аңшылық және осы салаларда қызметтер көрсету *** |
|
24 |
03 |
Балық аулау және балық өсіру *** |
|
Көлік және қоймаға жинау |
||
|
25 |
49.41 |
Жүк автомобиль көлігінің қызметі |
|
26 |
52 |
Жүктерді қоймаға жинау және қосалқы көлік қызметі |
|
Тұру және тамақтану бойынша көрсетілетін қызметттерді ұсыну |
||
|
27 |
55.10 |
Қонақүйлердің және тұруға арналған соған ұқсас орындардың қызметтер көрсетуі**** |
|
28 |
55.20 |
Демалыс күндерінде және қысқа мерзімді тұрудың өзге де кезеңдеріне баспана беру***** |
|
29 |
55.30 |
Кемпингтердің, автофургондарға және тұруға арналған автотіркемелерге арналған тұрақтардың қызметтер көрсетуі |
|
Жылжымайтын мүлікпен жасалатын операциялар |
||
|
30 |
68.20.8 |
Жеке меншік немесе жалға алынған қойма үй-жайларын жалдау (қосалқы жалдау) және басқару****** |
|
Білім беру |
||
|
31 |
85 |
Білім беру******* |
|
Денсаулық сақтау және халыққа әлеуметтік қызмет көрсету |
||
|
32 |
86 |
Денсаулық сақтау саласындағы қызмет******** |
* тауарлық бетон өндірісін қоспағанда (экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуішінің (бұдан әрі – ЭҚЖЖ) коды "23.63");
** шойын, болат және ферроқорытпа өндірісін (ЭҚЖЖ коды "24.10"), ядролық отынды қайта өңдеуді (ЭҚЖЖ коды "24.46"), шойын құюды (ЭҚЖЖ коды "24.51"), болат құюды (ЭҚЖЖ коды "24.52") қоспағанда;
*** ЭҚЖЖ кодында ауыл шаруашылығы тауарларын өндіру, қайта өңдеу, консервациялау көзделген;
**** бес жұлдызды отельдерді қоспағанда;
***** апартаменттерді, пәтерлерді және тұрғын үйлерді, жеке тұрғын үй құрылысы бойынша жер учаскелерін қоспағанда;
****** ЭҚЖЖ кодында қойма үй-жайлары мен қойма алаңдарын жалға беру көзделген;
******* мынадай белгілердің бірі бар:
орта білімге мемлекеттік білім беру тапсырысы көзделмеген;
операциялық және (немесе) инвестициялық шығындарды өтеу көзделген жекеменшік мектептерді;
сондай-ақ 85.53 "Көлік құралдарын жүргізушілерді даярлау мектептерінің қызметі", 85.59 "Басқа топтамаларға енгізілмеген білім берудің өзге де түрлері" ЭҚЖЖ кодтарын қоспағанда;
******** элиталық белгілері бар және негізінен халықтың кірісі жоғары сегментіне қызмет көрсетуге бағдарланған денсаулық сақтау объектілерін қоспағанда. Мұндай жобаларға, соның ішінде:
тек VIP-көрсетілетін қызметтер (жайлылығы жоғары палаталар, премиум сервис және өзгелері) көзделген;
көрсетілетін қызметтердің құны орташа нарықтық көрсеткіштерден едәуір асып түсетін;
халықтың қалың бұқарасы үшін базалық медициналық көрсетілетін қызметтер қолжетімді емес жеке медициналық мекемелер де кіруі мүмкін.
| Субсидиялау қағидаларына | |
| 1-1-қосымша | |
| Нысан |
Субсидиялау үшін қаражат аударуға арналған үлгілік шарт
_________ қаласы 20___ жылғы "___" ________
Бұдан әрі "өңірлік үйлестіруші" деп аталатын "_________________________"
мемлекеттік мекемесі атынан _____________________ негізінде әрекет ететін
______________________ бір тараптан және бұдан әрі "қаржы агенттігі" деп
аталатын "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" акционерлік қоғамы атынан
____________________ негізінде әрекет ететін __________________________
екінші тараптан, бірлесіп "Тараптар" деп аталатындар:
1) Қазақстан Республикасының Бюджет кодексін;
2) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексін;
3) "Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың кейбір шаралары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 17 қыркүйектегі № 754 қаулысын (бұдан әрі – қаулы) назарға ала отырып,
төмендегілер туралы субсидиялау үшін қаражат аударуға арналған осы шартты (бұдан әрі – шарт) жасасты:
1. Шарттың нысанасы
1. Осы шарттың талаптары бойынша өңірлік үйлестіруші жергілікті бюджет қаражаты есебінен субсидиялау үшін көзделген қаражатты қаржы агенттігіне аударады.
Аудару сомасы секвестрленген жағдайда қайтару сомасы мен қаражатты қайтаруға арналған деректемелері көрсетілген өңірлік үйлестірушінің тиісті хаты негізінде қаражат өңірлік үйлестірушіге қайтарылады.
2. Тараптардың құқықтары және міндеттері
2. Қаржы агенттігі:
1) осы шартта белгіленген міндеттемелерді орындау мерзімдерінің сақталуын бақылауды жүзеге асыруға және олардың уақытында орындалуын талап етуге;
2) өңірлік үйлестірушінің осы шарт бойынша ақшалай қаражатты уақтылы аударуын бақылауға және талап етуге;
3) өңірлік үйлестірушіден қажетті қаражатты алғанға дейін банкке/даму банкіне/ислам банкіне/лизингтік компанияға/исламдық лизингтік компанияға субсидия аудармауға;
4) қаулыға сәйкес субсидия төлеуді тоқтатуға құқылы.
3. Қаржы агенттігі:
1) қаржы институттары қаулы шеңберінде ашқан арнайы ағымдағы шотқа субсидиялар сомасын аударуға;
2) өңірлік үйлестірушіге кәсіпкерлерді субсидиялау үшін қаражат аудару қажеттілігінің туындағаны туралы хабарлауға;
3) қаулы шеңберінде көзделген мониторингті жүргізуге;
4) бюджеттен субсидиялау үшін қаражат болған кезде кәсіпкердің құжаттарын қабылдауға және жобаларды қаржы агенттігінің уәкілетті органының қарауына шығаруға;
5) қаулы шеңберінде ай сайын/лизинг бойынша тоқсан сайын есепті айдан кейінгі айдың 25 (жиырма бесінші) күніне дейін өңірлік үйлестірушіге осы шартқа 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша субсидиялау туралы есеп жіберуге міндеттенеді.
4. Өңірлік үйлестіруші:
1) қаржы агенттігінен қаулы щеңберінде субсидиялауға аударылған ақшалай қаражаттың игерілуі туралы ақпаратты сұратуға;
2) қаржы агенттігінен қаулы шеңберінде субсидиялауға аударылған ақшалай қаражаттың нысаналы пайдаланылуын талап етуге құқылы.
5. Өңірлік үйлестіруші:
1) субсидиялау үшін көзделген қаражат түскен кезден бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде қаржы агенттігіне тиісті қаржы жылы қаулыны іске асыру үшін бөлінген соманың 50 %-ы мөлшеріндегі қаражатты қаржы агенттігі көрсеткен шоттарға аударуға және одан кейінгі төлемдерді қаржы агенттігінің өтінімдеріне сәйкес жүзеге асыруға;
2) қаржы агенттігінен өтінім алғаннан кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде қаржы агенттігіне төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарында көзделген субсидиялауға арналған қаражатты аударуға;
3) егер өтінімде көрсетілген субсидиялауға арналған қаражат сомасы төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарында көзделмеген жағдайда, өтінімді алған күннен бастап 1 (бір) ай ішінде төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарына өзгерістер енгізуге және субсидиялау үшін қаражат аударуға;
4) қаржы агенттігінің өтінімі болмаған жағдайда кәсіпкерлерді субсидиялау үшін көзделген қалған қаражатты аудармауға міндеттенеді.
3. Тараптардың жауапкершілігі
6. Осы Шартта Тараптардың әрқайсысы осы шарттан туындайтын міндеттемелерді орындамағаны және (немесе) тиісінше орындамағаны үшін Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес жауап береді.
7. Өңірлік үйлестіруші мен қаржы агенттігінің арасында тоқсан сайын есепті тоқсаннан кейінгі екінші айдың 15-күніне дейінгі мерзімде осы шарттың шеңберінде осы шартқа 2-қосымшаға сәйкес есепке жазылған қаражат пен субсидиялау көлемдері бойынша салыстырып тексеру актілеріне қол қойылады.
Қажет болған жағдайда осы шарт шеңберінде есепке жазылған қаражат пен субсидиялау көлемі бойынша салыстырып тексеру актілері электрондық форматта жіберіледі.
4. Еңсерілмейтін күш мән-жайлары
8. Еңсерілмейтін күш мән-жайлары – кез келген Тараптың шарт бойынша міндеттемелерді толық немесе ішінара орындауы мүмкін болмайтын мән-жайлар (дүлей құбылыстар, соғыс қимылдары, форс-мажорлық жағдайлар). Бұл ретте еңсерілмейтін күш мән-жайларының сипаты, әрекет ету кезеңі, басталу фактісі уәкілетті мемлекеттік органдардың тиісті құжаттарымен расталады.
9. Егер Тараптардың шарт бойынша өз міндеттемелерін орындамауы не тиісінше орындамауы еңсерілмейтін күш мән-жайлары салдарынан болса, олар жауапкершіліктен босатылады.
10. Еңсерілмейтін күш мән-жайлары басталған кезде шарт бойынша өзінің міндеттемелерін орындау мүмкіндігі болмаған Тарап олар басталған кезден бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде басқа Тарапқа осындай мән-жайлар туралы уақтылы хабарлайды.
11. Уақтылы хабарланбаған кезде Тарап басқа Тарапқа хабарламаудың немесе уақтылы хабарламаудың салдарынан келтірілген залалды өтеуге міндетті.
12. Еңсерілмейтін күш мән-жайларының басталуына байланысты шарттың орындалу мерзімі ол әрекет ететін кезеңге ұзартылады.
13. Егер мұндай мән-жайлар қатарынан 2 (екі) айдан астам уақытқа созылса, Тараптардың әрқайсысы шарт бойынша міндеттемелерін одан әрі орындаудан бас тартуға құқылы.
5. Дауларды шешу
14. Шартқа байланысты немесе одан туындайтын барлық даулар және келіспеушіліктер Тараптардың арасындағы келіссөздер арқылы шешіледі. Келіссөздер арқылы реттелмеген даулар Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес сот тәртібімен шешіледі.
6. Шарттың талаптарын өзгерту
15. Осы шарттың ережелері Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында көзделген тәртіппен өзгертілуі және (немесе) толықтырылуы мүмкін. Тараптардың келісуі бойынша жазбаша нысанда жасалған, Тараптардың уәкілетті өкілдері қол қойған және мөрмен (бар болса) бекітілген өзгерістер мен толықтырулар ғана жарамды және Тараптар үшін міндетті болып танылады.
7. Қорытынды ережелер
16. Тараптардың құқықтық мәртебесі өзгерген жағдайда шарт бойынша және шартты орындау үшін барлық құқықтар мен міндеттер, оның ішінде туындаған даулар мен келіспеушіліктерді реттеуге байланысты туындаған құқықтар мен міндеттер Тараптардың құқықтық мирасқорларына беріледі.
17. Осы шарт Тараптардың осы шарттың нысанасына байланысты толық өзара түсіністігін білдіреді және олардың арасында шарттың нысанасына қатысты болған барлық бұрынғы жазбаша немесе ауызша келісімдер мен уағдаластықтарды алмастырады.
18. Осы шарт Тараптардың әрқайсысы үшін қазақ және орыс тілдерінде 1 (бір) данадан, әрқайсысының заңды күші бірдей қазақ және орыс тілдерінде екі (2) бірдей данада жасалды.
19. Осы шарт барлық Тарап қол қойған күнінен бастап күшіне енеді және Тараптар шарт бойынша өздерінің міндеттемелерін толық орындағанға дейін қолданылады.
20. Осы шартта көзделмеген қалған барлық жағдайда Тараптар Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасын басшылыққа алады.
8. Тараптардың заңды мекенжайлары, банктік деректемелері және қолдары
Жүктеу
|
Өңірлік үйлестіруші |
Қаржы агенттігі "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" акционерлік қоғамы |
| Субсидиялау үшін қаражат аударуға арналған үлгілік шартқа 1-қосымша |
Нысан
______ жылғы ________ – _______ кезеңдегі субсидиялау туралы есеп
Жүктеу
|
Банктің/даму банкінің/ лизингтік компанияның/ микроқаржы ұйымының атауы |
Кәсіпкердің жүгінген орны |
Кәсіпкердің атауы |
Банктік қарыз шартының (БҚШ)/ қаржы лизинг шартының (ҚЛШ) (транш) нөмірі |
БҚШ/ ҚЛШ (транш) күні |
Кредит/лизинг (транш) сомасы, теңге |
|||||||
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
|||||||
|
Кредит/лизинг (транш) бойынша сыйақы мөлшерлемесі |
Субсидиялау шартының нөмірі |
Субсидиялау шартының күні |
Қаржы агенттігі кезең ішінде аударған субсидиялар сомасы, теңге |
Кезеңде қайтарылған субсидия сомасы, теңге |
||||||||
|
7 |
8 |
9 |
10 |
11 |
||||||||
| Субсидиялау үшін қаражат аударуға арналған үлгілік шартқа 2-қосымша |
Нысан
Құжат нөмірі Жасалған күні
Кәсіпорын, ұйым
"Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" АҚ
Есепке жазылған қаражат пен субсидиялау көлемі бойынша салыстырып тексеру актісі
Біз, төменде қол қоюшылар:
"Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" АҚ атынан ______________ бір тараптан және
_______________ (өңірлік үйлестірушінің атауы) атынан _______________
екінші тараптан _____________ (бағдарламаның атауы) шеңберінде
20__ жылғы ___ _____ жағдай бойынша осы есепке жазылған қаражат пен
субсидиялау көлемі бойынша салыстырып тексеру актісін жасастық:
Жүктеу
|
Кезең |
Жазба мәтіні |
"Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" АҚ (_______________ қаражаты есебінен (қаржыландыру көзінің атауы) |
Өңірлік үйлестірушінің атауы |
||
|
20___жылғы ___ ______ басындағы сальдо |
Дебет |
Кредит |
Дебет |
Кредит |
|
|
20__–__.__.20__ |
____ (бағдарламаның атауы) шеңберінде қаражаты есебінен ____ (қаржыландыру көзінің атауы) кредиттер бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялау |
||||
|
20__ __.__. |
Жергілікті атқарушы органнан (ЖАО) қаражат түсімі (қаржыландыру көзінің атауы) |
||||
|
20 ___ жылғы___ _ тоқсандағы айналым жиыны |
|||||
|
20___жылғы ____ ___ соңындағы сальдо______ |
|||||
Жүктеу
|
Өңірлік үйлестіруші |
Қаржы агенттігі |
|
Лауазымы _____________/Т.А.Ә. (бар болса) |
Лауазымы ___________/Т.А.Ә. (бар болса) |
|
Лауазымы ____________/Т.А.Ә. (бар болса) |
Лауазымы ___________/Т.А.Ә. (бар болса) |
|
Лауазымы ____________/Т.А.Ә. (бар болса) |
Лауазымы ___________/Т.А.Ә. (бар болса) |
|
Лауазымы _____________/Т.А.Ә. (бар болса) |
Лауазымы ___________/Т.А.Ә. (бар болса) |
Есепке жазылған қаражат пен субсидиялау көлемі бойынша салыстырып тексеру актісіне қатысты толық жазу
Құжат нөмірі Жасалған күні
Кәсіпорын, ұйым
"Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" АҚ
20__ жылдан __ ______ бастап 20__ жылғы __ ______ аралығында (қаржыландыру көзінің атауы) есепке жазылған қаражат пен субсидиялау көлемі бойынша салыстырып тексеру актісіне қатысты толық жазу
Жүктеу
|
Мазмұны |
Қарыз алушының атауы |
Қарыз алушының БСН |
Негізгі бағыт |
Субсидиялау шартының (СШ) /қосылу шартына қоса берілген графиктің нөмірі |
СШ/ қосылу шартына қоса берілген график күні |
Субсидияларды аудару/қайтару өкімінің нөмірі |
Субсидияларды аударуға/қайтаруға өкім берілген күн |
Күні |
"Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" АҚ (___________ қаражаты есебінен (қаржыландыру көзінің атауы) |
Өңірлік үйлестірушінің атауы |
||
|
Дебет |
Кредит |
Дебет |
Кредит |
|||||||||
|
20___жылғы ___ ______басындағы сальдо |
||||||||||||
|
Жергілікті атқарушы органнан (ЖАО) түсетін түсімдер |
||||||||||||
|
Екінші деңгейдегі банкке (ЕДБ) аудару |
||||||||||||
|
ЕДБ-ден қайтару |
||||||||||||
|
20 ___ жылғы___ _ тоқсандағы айналым жиыны |
||||||||||||
|
20___жылғы ___ ______ соңындағы сальдо |
||||||||||||
Ескертпе:
20__ жылғы "__"_____ жағдай бойынша _____________
(өңірлік үйлестірушінің атауы) ________ (сомасы жазбаша) теңге ________ тиын
мөлшеріндегі ____________________
(қаржыландыру көзінің атауы) қаражат "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" АҚ
есебіне жазылды.
20__ жылғы "___"______ жағдай бойынша "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" АҚ
___________ (қаржыландыру көзінің атауы) ___________ (сомасы жазбаша) теңге
__ тиын мөлшеріндегі қаражатты _______ (өңірлік үйлестірушінің атауы) қайтарды.
20__ жылғы "___"______ жағдай бойынша "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" АҚ
ЕДБ-ден ___________ (сомасы жазбаша) теңге ___ тиын мөлшерінде, оның ішінде:
_______________ қаражат есебінен (қаржыландыру көзінің атауы) бұрын төленген
субсидияларды қайтарды:
барлығы: _______ қайтарылды.
20__ жылғы "___"______ жағдай бойынша "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" АҚ
ЕДБ-ге ____________ (сомасы жазбаша) теңге ___ тиын мөлшерінде, оның ішінде:
__________ қаражат есебінен (қаржыландыру көзінің атауы) субсидиялар аударды:
барлығы: _______ аударылды.
20__ жылғы "___"______ жағдай бойынша "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" АҚ
ағымдағы шотындағы қаражаттың қалдығы _________________ (сомасы жазбаша)
теңге ____ тиынды құрайды, оның ішінде:
___________________ қаражатынан (қаржыландыру көзінің атауы):
барлығы: __________ .
Жүктеу
|
Қаржы агенттігі |
|
Лауазымы ___________/Т.А.Ә. (бар болса) |
|
Лауазымы ___________/Т.А.Ә. (бар болса) |
|
Лауазымы ___________/Т.А.Ә. (бар болса) |
|
Лауазымы ___________/Т.А.Ә. (бар болса) |
| Субсидиялау қағидаларына 2-қосымша |
Нысан
| "Даму" кәсіпкерлікті | |
| дамыту қоры" АҚ-ға |
Хабарлама-хат
"Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" АҚ (бұдан әрі – қор) мен ________АҚ (екінші деңгейдегі банктің (бұдан әрі – банк)/лизинг компаниясының атауы көрсетіледі) арасында қол қойылған 20__жылғы "___" ________ № ___ Субсидиялау туралы келісімнің шеңберінде банк/ лизинг компаниясы "_______________" дара кәсіпкерінің/жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің/акционерлік қоғамының/шаруа қожалығының (ДК/ЖШС/АҚ/ШҚ) (оның ішінде кредит бойынша қоса қарыз алушылар көрсетіледі) өтінімін қарап, төмендегі шарттармен* мақұлдағанын хабарлаймыз:
Жүктеу
|
Банктік қарыз шарты/Қаржы лизингі шарты/Қаржыландыру шарты/қарыз шарты** |
|
|
Қарыз алушының бизнес-сәйкестендіру нөмірі/жеке сәйкестендіру нөмірі (БСН/ЖСН) |
|
|
Қарыз алушының заңды және нақты (бар болса) мекенжайы |
|
|
Тіркелген күні (ДК/ЖШС/АҚ/ШҚ) |
|
|
Банктің/лизинг компаниясының атауы |
|
|
Қарыз алушы шотының нөмірі |
|
|
Бенефициар коды (КБЕ) |
|
|
Банкке/лизинг компаниясына/краудфандингке өтініш берілген күн |
|
|
Банктің/лизинг компаниясының/краудфандингтің уәкілетті органы шешімінің күні |
|
|
Қорландыру бағдарламасы |
|
|
Кредиттің/лизингтің/қаржыландырудың/қарыздың нысаналы мақсаты |
|
|
Осы шарт жасалған күнге кредит/лизинг/қаржыландыру/қарыз сомасы |
|
|
Кредит/лизинг/қаржыландыру/қарыз валютасы |
|
|
Кредит/лизинг/қаржыландыру/қарыз мерзімі (аяқталу күнін көрсете отырып, айлармен) |
|
|
Қаржы құралы бойынша номиналды мөлшерлеме |
|
|
Қаржыландыру саласы |
|
|
Жоба іске асырылатын жер (облыс, қаланы/ауданды міндетті түрде көрсете отырып) |
* шарттарды кесте нысанында қосуға жол беріледі
** көшірмесі қоса беріледі
Құрметпен,
___________ ____________ ____________________________________
(лауазымы) (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
| Субсидиялау қағидаларына 3-қосымша |
Нысан
Кәсіпкердің өтінімі бойынша өтініш-сауалнама
I. ЖОБА БОЙЫНША ЖАЛПЫ АҚПАРАТ
Жүктеу
|
Шарттар |
Жоба |
||
|
1 |
2 |
||
|
1 |
Кәсіпкердің атауы |
||
|
2 |
Кәсіпкердің бизнес-сәйкестендіру нөмірі/жеке сәйкестендіру нөмірі (БСН/ЖСН): |
||
|
3 |
Кәсіпкердің тіркелген күні |
||
|
4 |
Кәсіпкерлік субъектісі (Микробизнес/Шағын бизнес) |
||
|
5 |
Жоба саласының коды: |
||
|
6 |
Жобаның атауы |
1-мысал: Жүк тасымалдау қызметін ұйымдастыру. |
|
|
7 |
Жобаның қысқаша сипаттамасы |
жоба бойынша кредиттік қаражат жіберілетін қызмет (сипаттамасы/декодтау) |
|
|
8 |
Кредиттің/лизингтің/қаржыландырудың/қарыздың нысаналы мақсаты: |
Кредиттің/лизингтің/қаржыландырудың/қарыздың нысаналы мақсаты екінші деңгейдегі банктің/ лизинг компанияның/ислам банкінің/ислам лизинг компаниясының/краудфандингтің уәкілетті органының шешіміне сәйкес көрсетіледі |
|
|
9 |
Жоба іске асырылатын жер: |
||
|
10 |
Кәсіпкер қызметінің басқа түрлері: |
||
|
11 |
Қызметкерлер саны: |
Іс жүзінде: |
|
|
Жоспар: |
|||
|
12 |
Кредит беруші Банк/Лизинг компаниясы/краудфандинг: |
||
|
13 |
Өнім түрі (қаржыландыру): |
Мысал: жаңартылатын кредит желісі/жаңартылмайтын кредит желісі (ЖаңаКЖ/ЖКЖ)/Аралас қарыз және тағы да басқалары |
|
|
14 |
Кредит/лизинг/қаржыландыру/қарыз валютасы: |
||
|
15 |
Қаржыландыру көзі |
||
|
16 |
Жобаның құны |
Іске асырылатын жобаның жалпы құны (кредит қаражаты + меншікті қаражат) |
|
|
17 |
Субсидиялауға жататын кредит/лизинг/қаржыландыру/қарыз сомасы: |
||
|
18 |
Кредит/лизинг/қаржыландыру/ қарыз мерзімі: |
||
|
19 |
Субсидиялау мерзімі: |
||
|
20 |
Қаржы құралы бойынша номиналды мөлшерлеме: |
||
|
21 |
Субсидияланатын пайыздық мөлшерлеме: |
||
|
22 |
Негізгі борышты (НБ) өтеу тәртібі мен мерзімдері |
||
|
23 |
Өтеу тәртібі мен мерзімдері %% |
||
|
24 |
Өзге шарттар |
Мысал: |
|
|
25 |
Жобаның ерекше шарттары: |
Жоба бекітілгеннен кейін нақты кезеңге дейін орындалуы тиіс ерекше шарттар. |
|
II. БАҒДАРЛАМАНЫҢ ӨЛШЕМШАРТТАРЫ
Жүктеу
|
Үлестес компаниялардың болуы: |
|
|
Құрылтайшылар және қатысу үлесі: |
|
|
Кредиттер, пайыздық мөлшерлеме бюджет қаражаты есебінен арзандатылған |
Иә/жоқ |
III. ДЕКЛАРАЦИЯЛАР БОЙЫНША АҚПАРАТ
20__, 20__ және 20 _ жылдардағы 100/910 нысанды декларацияның көшірмелері берілді.
(салықтар бойынша преференциялар болған кезде салық декларациясының басқа да тиісті нысандары қабылданады)
(мың теңге)
Жүктеу
|
Жыл |
20_ |
20_ |
20_ |
Жылдық орташа табыс |
|
|
Жиынтық кіріс |
(1ж.+2ж.+3ж.)=/3 |
||||
|
Орташа жылдық кіріс бойынша бизнестің мөлшері (салық декларациясының деректеріне сәйкес) |
микробизнес/шағын бизнес |
||||
20__ жылғы 200/910 нысанды декларацияның көшірмелері ұсынылды.
(салықтар бойынша преференциялар болған кезде салық декларациясының басқа да тиісті нысандары қабылданады)
Жүктеу
|
Жұмыскерлер саны |
1-тоқсан |
2-тоқсан |
3-тоқсан |
4-тоқсан |
Жұмыскерлердің орташа саны |
|
|
Жабық соңғы қаржы жылы: _______ жыл |
4-тоқсандағы жұмыс орындарының жалпы саны/12 |
|||||
|
Жұмыскерлердің орташа саны бойынша бизнестің мөлшері (салық декларациясының деректеріне сәйкес) |
микробизнес/шағын бизнес |
|||||
| Субсидиялау қағидаларына 4-қосымша |
Нысан
Өтініш
Ескерту. 4-қосымша алып тасталды - ҚР Үкіметінің 13.01.2026 № 12 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
| Субсидиялау қағидаларына 5-қосымша |
Нысан
| Қайда: __________________ | |
| қаржы агенттігі | |
| Кімнен __________________ | |
| (бұдан әрі – кәсіпкер) |
№ __________сауалнама-өтініш
Ескерту. 5-қосымшаға өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 19.11.2025 № 981 қаулысымен.
Субсидиялау қағидаларына (бұдан әрі – Қағидалар) сәйкес Сізден кредит бойынша субсидиялау туралы мәселені қаржы агенттігінің _____________________ жөніндегі уәкілетті органының қарауына шығаруға бастама жасауыңызды сұраймын:
1. Жоба бойынша ақпарат
Жүктеу
|
Құрылтайшы(лар) туралы деректер |
|
|
Заңды мекенжайы |
|
|
Нақты мекенжайы |
|
|
Бірінші басшының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) |
|
|
Жобаның қысқаша сипаттамасы |
|
|
Жоба іске асырылатын жер (облыс, қала) |
|
|
Экономикалық қызмет түрі (ЭҚЖЖ сәйкес) |
|
|
Екінші деңгейдегі банктің атауы |
|
|
Кредит сомасы |
|
|
Кредиттің нысаналы мақсаты |
|
2. Кепілдіктер мен келісімдер
Кәсіпкер қаржы агенттігіне мынаны мәлімдейді және оған кепілдік береді:
1. Осы өтінішпен бірге не қаржы агенттігінің сұратуы бойынша қаржы агенттігіне берілетін (берілген) немесе ұсынылатын барлық деректер, ақпарат және құжаттама анық болып табылады әрі төменде көрсетілген күнгі шындыққа толық сәйкес келеді, көрсетілген деректер өзгерген жағдайда қаржы агенттігіне дереу хабарлауға міндеттенемін.
2. Қаржы агенттігінің алғаш талап етуі бойынша осы өтінішті қарау шеңберінде талап етілген банктік және коммерциялық құпияны қамтитын кез келген ақпарат пен құжаттарды, сондай-ақ бастапқы статистикалық деректерді беруге және ашуға міндеттенемін.
3. Қаржы агенттігі көрсетілген растаулар мен кепілдіктердің дұрыстығын тексермейді.
4. Кәсіпкерге жалған, толық емес және (немесе) анық емес мәліметтерді бергені үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жауапкершілік туралы ескертілді.
5. Кәсіпкердің жарғылық құзыреті осы өтінішке қол қоятын адамның осы өтінішті беруіне мүмкіндік беретінін кәсіпкер растайды.
6. Көрсетілген деректер мен ақпараттың анық еместігі анықталған жағдайда осы өтініштің көрсетілген деректердің анық еместігін растайтын мәліметтер анықталған кез келген кезеңде қабылданбайтынымен, бұл ретте қаржы агенттігінің қабылдамау себептерін хабарламайтынымен келісемін.
Осы арқылы кәсіпкер қаржы агенттігіне:
1. Қаржы агенттігі осы өтініште көрсетілген мәліметтерді, ақпаратты және кәсіпкер ұсынған құжаттарды мүдделі үшінші тұлғаларға (ақпарат алу құқығы Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген), сондай-ақ кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органға, қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органға, "Бәйтерек" ұлттық инвестициялық холдингі" акционерлік қоғамына бере алатынына.
2. Осы өтініште қамтылған барлық мәліметтер, сондай-ақ қаржы агенттігі талап еткен барлық құжаттар Қағидалар шеңберінде тек субсидиялау үшін ұсынылатынына.
3. Қаржы агенттігі кәсіпкер өзі туралы хабарлайтын кез келген ақпаратты тексеру құқығын өзіне қалдыратынына, ал кәсіпкер берген құжаттар және өтініштің түпнұсқасы субсидиялау берілмесе де, қаржы агенттігінде сақталатынына.
4. Қаржы агенттігінің осы өтінішті қарауға қабылдауы, сондай-ақ кәсіпкердің ықтимал шығыстары (субсидия алуға қажетті құжаттарды ресімдеуге және тағы сол сияқты) қаржы агенттігінің субсидия беру немесе кәсіпкер шеккен шығындарды өтеу жөніндегі міндеттемесі болып табылмайтынына.
5. Қаржы агенттігі кәсіпкердің өзінен немесе ЕДБ-дан алған ақпаратты жарнама науқанын жүргізу кезінде, қаржы агенттігінің ресми сайтында ақпарат орналастыру кезінде пайдаланатынына келісім береді.
6. Субсидиялау туралы мәселені қарау тәртібімен танысқанын және келісетінін, кейіннен қаржы агенттігіне наразылығы болмайтынын растайды.
3. Қосымшалар:
(________________________ бағыты бойынша көзделген құжаттар)
______________________________________________ ________________
(кәсіпкердің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) (қолы, күні)
| Субсидиялау қағидаларына 6-қосымша |
Нысан
Жүктеу
|
20__ жылғы "__" _____ |
Кәсіпкерлік субъектісі (бұдан әрі – КС) |
|
|
Көшірме: "_______________________" акционерлік қоғамы (екінші деңгейдегі банк)/жауапкершілігі шектеулі серіктестік (лизинг компаниясы) |
"Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" АҚ (бұдан әрі – Қор) КС-тың "__________" жобасы Субсидиялау қағидаларының (бұдан әрі – Қағидалар) _____________ бағыты шеңберінде субсидиялау мәселесі бойынша қаржы агенттігінің уәкілетті органының отырысында 20___ жылғы "___" _________ қаралғанын және мақұлданғанын хабарлайды.
Субсидиялау үшін бюджетте қаражат болмаған жағдайда Қор Қағидалардың 86-тармағына сәйкес субсидиялау шартына қол қоймайды.
Өңірлік филиал директоры ______________________________________
| Субсидиялау қағидаларына 7-қосымша |
Нысан
Жүктеу
|
20__ жылғы "__" _____ |
Кәсіпкерлік субъектісі (бұдан әрі – КС) |
||
|
Көшірме: "_______________________" |
"Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" субсидиялау мәселесі бойынша Субсидиялау қағидаларының ________ бағыты шеңберінде КС-тың "__________" жобасын қаржы агенттігі уәкілетті органының кезекті отырысында қарап, мынадай шешім қабылдады:
1. _____________________ бас тартылсын (бас тарту себебі).
2. _____________________ ұсынылсын.
Өңірлік филиал директоры ___________________________________
| Субсидиялау қағидаларына | |
| 8-қосымша |
Нысан
Жергілікті атқарушы органдардың қаражаты есебінен субсидиялаудың үлгілік шарты
Бұдан әрі "қаржы агенттігі" деп аталатын "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры"
акционерлік қоғамы атынан ______________________ негізінде әрекет ететін _________________________________ бір тараптан және бұдан әрі "банк" деп аталатын екінші деңгейдегі банк" атынан ______________________________ негізінде әрекет ететін __________________________________ екінші тараптан және бұдан әрі – "Алушы" деп аталатын ____________________________ атынан ________________________ негізінде әрекет ететін _______________________, бірлесіп "Тараптар", ал жеке алғанда "Тарап" деп не жоғарыда көрсетілгендей аталатындар:
"Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың кейбір шаралары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 17 қыркүйектегі № 754 қаулысымен бекітілген Субсидиялау қағидаларына (бұдан әрі – Субсидиялау қағидалары),
қаржы агенттігінің уәкілетті органы отырысының 20__ жылғы "___" _______ № ____ хаттамасына сәйкес осы жергілікті атқарушы органдардың қаражаты есебінен субсидиялау шартын (бұдан әрі – Шарт) жасасты.
1. Терминдер мен анықтамалар
1. Осы Шартта мынадай негізгі терминдер мен анықтамалар пайдаланылады:
1) банк – Субсидиялау қағидаларын іске асыру шеңберінде қызметті жүзеге асыратын екінші деңгейдегі банк;
2) қаржы агенттігінің уәкілетті органы – Алушының жобасын субсидиялау мүмкіндігі/мүмкін еместігі және тоқтатылуы/қайта басталуы туралы шешімді қарау және қабылдау жөніндегі ішкі актілерде өзіне берілген өкілеттіктер шегінде өз қызметін жүзеге асыратын, "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" акционерлік қоғамының тұрақты әрекет ететін алқалы органы;
3) субсидиялау шарты – қаржы агенттігі, банк және кәсіпкерлік субъектісі (бұдан әрі – кәсіпкер) арасында жасалған үш жақты жазбаша келісім, оның шарттары бойынша қаржы агенттігі банк берген кәсіпкердің кредиті бойынша сыйақы мөлшерлемесін ішінара субсидиялайды;
4) субсидиялар – субсидиялау шарттары негізінде кәсіпкерлерді субсидиялау шеңберінде қаржы агенттігі банкке төлейтін өтеусіз және қайтарымсыз негіздегі мерзімдік төлемдер;
5) субсидиялау – болашақта кәсіпкердің операциялық қызметіне қатысты белгілі бір шарттарды орындаудың орнына кредиттер бойынша сыйақы ретінде кәсіпкер банкке төлейтін шығыстарды ішінара өтеу үшін пайдаланылатын кәсіпкерлерді мемлекеттік қаржылық қолдау нысаны;
6) Субсидиялау қағидалары шеңберінде экономиканың басым секторлары – экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуішіне (бұдан әрі – ЭҚЖЖ) сәйкес экономиканың басым секторлары.
2. Шарттың нысанасы
2. Осы Шарттың талаптары бойынша қаржы агенттігі Алушының ________ (қаржы ұйымының атауы) мынадай шарттармен алынған кредит бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялауды жүзеге асырады:
Жүктеу
|
Банктік қарыз шарты |
20___ жылғы "__" ________ № |
|
Нысаналы мақсаты |
|
|
Субсидиялау мерзімі басталған күнге кредит сомасы |
|
|
Кредит валютасы |
|
|
Сыйақы мөлшерлемесі |
|
|
Жоба бойынша тиімділік өлшемшарттары* |
|
|
Талап* |
|
|
Ерекше шарттар |
Ескертпе* тиімділік өлшемшарттары/талап Субсидиялау қағидаларына сәйкес қабылданған қаржы агенттігінің уәкілетті органының шешіміне сәйкес белгіленеді.
3. Субсидиялау жергілікті бюджеттің қаражаты есебінен Субсидиялау қағидаларына сәйкес жүргізіледі.
4. Банк осы Шарт жасалғаннан кейін қаржы агенттігіне өтеу графигімен қоса Алушымен жасалған банктік қарыз шартын (лауазымды адамның қолымен және банктің мөрімен (бар болса) расталған көшірме) береді.
5. Субсидиялау Субсидиялау қағидаларының шеңберінде жүзеге асырылады.
6. Кредит бойынша ____________ мөлшеріндегі сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігі субсидияланады, бұл ретте ____________ мөлшеріндегі сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін қаржы агенттігі төлейді, ал сыйақы мөлшерлемесінің ________ мөлшеріндегі қалған бөлігін осы Шартқа қосымшаға (бұдан әрі – Қосымша) сәйкес нысан бойынша Алушы Субсидиялау шартының өтеу графигіне сәйкес төлейді.
7. Банк есептеген және Алушы мерзімі өткен берешек бойынша төлемеген сыйақылар субсидияланбайды.
8. Субсидиялау үшін көзделген қаражатты аударуды қаржы агенттігі Субсидиялау шартының өтеу графигіне сәйкес Қосымшаға сәйкес нысан бойынша банкте ашылған ағымдағы шотқа ай сайын аванстық төлемдермен (айына бір рет/бірнеше рет) жүзеге асырады.
Кәсіпкерлердің жобалары бойынша субсидиялау үшін көзделген қаражатты аударуды қаржы агенттігі субсидиялау шарттарының төлем графиктерін негізге ала отырып, кредиттік рейтинг төмендеген кезде және банктердің қаржылық жай-күйінің нашарлауының өзге де белгілері (бір немесе бірнеше жағдайдың басталуы) болған жағдайда, оның ішінде:
халықаралық рейтингтік агенттіктердің кредиттік рейтингі Standard&Poors рейтингтер шәкілі бойынша "В" деңгейінен төмен түскен жағдайда;
К4 коэффициентінің мәні 0,4 деңгейінен төмендеген жағдайда;
қатарынан 2 (екі) ай бойы пруденциалдық нормативтер бұзылған жағдайда Алушының кредит бойынша (негізгі борыш, сыйақының субсидияланатын және субсидияланбайтын бөлігі) толық төлем жүргізу фактісі туралы банктің хабарламасы негізінде не қысқа мерзімді кезеңге арналған сыйақының субсидияланатын бөлігі бойынша Алушының алдағы міндеттемелерін жабатын төлемдермен жүзеге асырады.
Банкте жоғарыда аталған көрсеткіштер түзетілген жағдайда қаржы агенттігі субсидиялау үшін көзделген қаражатты субсидиялау шартының төлем графигін ескере отырып, аванстық төлемдермен (айына бір рет/бірнеше рет) аударуды жүзеге асырады.
9. Субсидиялау мерзімінің басталуы: _____жыл.
10. Қаржы агенттігі осы Шартқа қол қойылғаннан кейін субсидияларды төлейді.
11. Тараптар осы Шарттың шеңберінде, егер төлем жасалатын күн демалыс күніне немесе мереке күніне түскен жағдайда, төлем одан кейінгі жұмыс күні жүргізіледі деп келісті.
3. Тараптардың құқықтары және міндеттері
12. Қаржы агенттігі:
1) осы Шарттың талаптарында банкте ашылған ағымдағы шотты субсидиялау үшін жеткілікті сомамен уақтылы толықтыруға;
2) уәкілетті органға есеп беру мақсатында Субсидиялау қағидалары шеңберінде іске асырылуын мониторингілеуді жүзеге асыруға;
3) бюджетте субсидиялауға қаражат болмаған жағдайда банкке хабарлауға;
4) Алушының кредит қаражатын нысаналы пайдаланбау және (немесе) оның жобасының Субсидиялау қағидаларының талаптарына сәйкес келмеу фактілері анықталған кезде оның төленген сыйақы сомасын өтеуін қамтамасыз ету шараларын қабылдауға, оның ішінде сот тәртібімен қабылдауға міндетті.
13. Қаржы агенттігі:
1) Субсидиялау қағидалары шеңберінде өңірлік үйлестірушіден қаражат алынбаған жағдайда субсидия аудармауға;
2) қаражаттың нысаналы пайдаланылуы тұрғысынан Алушыға тексеру жүргізуге құқылы. Алушыдан кредиттің нысаналы пайдаланылуын растайтын құжаттар мен мәліметтерді талап етуге;
3) банктен Алушы туралы, сондай-ақ Субсидиялау қағидаларына қатысатын банктік қарыз шартының іске асырылуы туралы құжаттарды және ақпаратты сұратуға және алуға;
4) банкке алдын ала жазбаша хабарлай отырып, банк пен Алушы арасындағы банктік қарыз шартында көзделген құқықтар шеңберінде Жоба іске асырылатын жерге жылына 1 (бір) реттен сиретпей барып, жобаның және (немесе) Алушының Субсидиялау қағидаларының талаптарына сәйкестігін мониторингілеуді, субсидиялау жүзеге асырылатын қаражаттың нысаналы пайдаланылуын мониторингілеуді жүзеге асыруға;
5) есепті қалыптастыру мақсатында осы Шарттың қолданылу мерзімі ішінде Субсидиялау қағидаларын іске асыру шеңберінде Алушыдан оның қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижелері туралы қажетті мәліметтерді қосымша сұратуға;
6) осы Шартта белгіленген, Тараптар үшін көзделген Алушының міндеттемелерді орындау мерзімдерін сақтауын бақылауды жүзеге асыруға және Алушының оларды уақтылы орындауын талап етуге;
7) банкке жазбаша хабарлай отырып, олардың жедел қызметіне араласпай, банкке бару арқылы осы Шарт міндеттемелерінің орындалуын тексеруді жүзеге асыруға;
8) жарнамалау науқанын өткізген кезде, ақпаратты қаржы агенттігінің ресми сайтында орналастыру кезінде осы Шартты орындау шеңберінде Алушыдан немесе банктен алынған Алушы туралы ақпаратты пайдалануға, сондай-ақ Алушының жазбаша келісімімен оны үшінші тұлғаларға беруге;
9) мынадай:
субсидиялау жүзеге асырылатын кредит нысаналы пайдаланылмаған (бұл ретте субсидиялау кредит қаражатын нысаналы пайдаланбау сомасына барабар түрде тоқтатыла тұрады);
жоба және (немесе) Алушы Субсидиялау қағидаларының талаптарына және (немесе) қаржы агенттігінің уәкілетті органының шешіміне сәйкес келмеген;
егер орындаудың мүмкін еместігі еңсерілмейтін күш мән-жайларының, яғни төтенше және осы жағдайлар кезінде алдын алуға болмайтын мән-жайлардың (дүлей құбылыстар, әскери іс-қимылдар) салдарынан болған, сондай-ақ қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган өкімінің және (немесе) өзге құжатының және (немесе) актісінің негізінде болған жағдайларды қоспағанда, Алушы банктік қарыз шартына/субсидиялау шартының төлем графигіне сәйкес төлемдерді төлеу бойынша банк алдындағы міндеттемелерді қатарынан 3 (үш) ай бойы орындамаған;
Алушының шоттарындағы ақшаға тыйым салынған (талап қоюды толық көлемде қамтамасыз ететін шоттағы ақша жеткілікті болған жағдайда талап-арызды қамтамасыз ету жөніндегі шаралар ретінде шоттардағы ақшаға тыйым салуды қоспағанда) және/немесе Алушының шоты бойынша шығыс операциялары тоқтатып қойылған;
Алушы осы Шарттың 2-тармағында көрсетілген тиімділік өлшемшарттарын орындамаған;
Субсидиялау қағидаларында белгіленген Алушының жеке кәсіпкерлік субъектісі ретіндегі қызметі тоқтатып қойылған/тоқтататылған;
Субсидиялау қағидаларында белгіленген инвестициялық жобаларды іске асыру мерзімі бұзылған;
осы Шарттың 18-тармағында көрсетілген фактілер анықталған кезде субсидиялауды тоқтатуға;
10) кредит қаражатын нысаналы пайдаланбау және (немесе) Алушы жобасының Субсидиялау қағидаларының талаптарына сәйкес келмеу фактілері белгіленген кезде осы Шарт шеңберінде алынған сыйақы мөлшерлемесінің субсидияланатын бөлігін өтеуді талап етуге;
11) Алушының кредиті бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау тоқтатылған жағдайда 10 (он) жұмыс күні ішінде банкке өзара есеп айырысуды салыстырып тексеру актісін ұсынуға құқылы.
14. Алушы:
1) банктік қарыз шарты бойынша өз міндеттемелерін уақтылы және толық көлемде орындауға;
2) банкке:
банктік қарыз шартына сәйкес өтеу графигіне сай субсидияланбайтын сыйақы мөлшерлемесі;
бюджетте субсидиялауға қаражат болмаған жағдайда, сондай-ақ осы Шарттың 8-тармағында көрсетілген жағдайларды ескере отырып, сыйақының субсидияланатын және субсидияланбайтын бөлігі бойынша сыйақы төлеуді жүргізуге;
3) қаржы агенттігіне кредиттің нысаналы пайдаланылуына, жобаның және (немесе) Алушының жоба іске асырылатын аумақта Субсидиялау қағидаларының талаптарына сәйкестігіне тексеру жүргізу құқығын беруге;
4) қаржы агенттігіне Субсидиялау қағидаларының, банктік қарыз шартының және осы Шарттың талаптарын орындауға байланысты құжаттар мен ақпарат беруге;
5) Тараптардың алдын ала жазбаша келісімінсіз осы Шарттың талаптары және оның іске асырылуы туралы ақпаратты үшінші тұлғаларға бермеуге және ашпауға;
6) мемлекеттік қолдау көрсетілетін қызмет түрлерінде айырмашылық болған жағдайда осы Шарт жасалған күннен бастап 90 (тоқсан) жұмыс күні ішінде статистика органдарында ЭҚЖЖ беруге және қаржы агенттігін хабардар етуге;
7) осы Шарт бойынша субсидиялау мерзімі кезеңінде жеке кәсіпкерлік субъектісі ретіндегі қызметі тоқтатып қойылған/тоқтатылған кезде қаржы агенттігіне және банкке жеке кәсіпкерлік субъектісі ретіндегі қызметі тоқтатып қойылған/тоқтатылған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде жазбаша хабарлама жіберуге;
8) Субсидиялау қағидалары шеңберінде іске асырылуына мониторинг жүргізу мақсаттары үшін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінен Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес салық құпиясы болып табылатын мынадай:
жылдық жиынтық кіріс туралы;
жұмыскерлердің есептелген кірістері (еңбекақы төлеу қоры) туралы;
жұмыскерлердің (адам) саны туралы;
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 2014 жылғы 18 қыркүйектегі № 403 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9756 болып тіркелген) сәйкес салықтар бөлінісіндегі түсімдер (1-санат) туралы мәліметтерді алуға қаржы агенттігіне келісім беру үшін өтініш беруге міндетті.
15. Алушы қаржы агенттігінен банкке субсидияланатын сыйақы мөлшерлемесінің бөлігінде субсидия төлеуді талап етуге құқылы.
16. Банк:
1) осы Шарт жасалғаннан кейін осы Шарт қолданылатын бүкіл мерзімге Алушының кредиті бойынша сыйақы мөлшерлемесін ұлғайтпауға;
2) осы Шарт Cубсидиялау қағидаларында көзделген мерзімдерде уақтылы жасалмаған жағдайда Cубсидиялау қағидаларында белгіленген мерзім күнінен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде қаржы агенттігін кешіктіру себептері түсіндірілген ресми хатпен хабардар етуге;
3) қаржы агенттігінің тиісті хабарламасы негізінде қаржы агенттігінің ағымдағы шотынан Алушының жобасы бойынша субсидиялар сомасын ай сайын есептен шығаруды жүзеге асыруға. Кредит бойынша жоспарлы төлемді Алушы нақты өтеген күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күн өткен соң сыйақы мөлшерлемесінің субсидияланатын бөлігін өтеу үшін қаржы агенттігінің ағымдағы шотынан субсидия сомалары есептен шығарылған жағдайда банк қаржы агенттігінің талап етуі бойынша айыппұл төлеу туралы талап қойылған кезде қолданыста болатын республикалық бюджет туралы заңға сәйкес белгіленетін 50 (елу) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде (бұдан әрі – АЕК) қаржы агенттігіне айыппұл төлейді;
4) шарттың төлем графигі бойынша жоспарлы төлемнен аспайтын қалдық сомасы шегінде ішінара мерзімінен бұрын өтеуге сәйкес есептелген өзгертілген өтеу графиктері бойынша субсидияларды өтеуге;
5) кредит бойынша төлемді Алушы уақтылы өтемеген, оның ішінде сыйақы мөлшерлемесінің субсидияланбайтын бөлігін уақтылы өтемеген немесе Алушы қатарынан 3 (үш) ай бойы банк алдындағы төлемдерді төлеу бойынша міндеттемелерін орындамаған жағдайда қаржы агенттігін 2 (екі) жұмыс күні ішінде хабардар етуге. Бұл ретте Алушы берешекті өтегенге дейін банк сыйақы мөлшерлемесінің субсидияланатын бөлігін өтеу үшін қаржы агенттігінің ағымдағы шотынан қаражатты есептен шығаруды жүргізбейді.
Осы тармақшада көзделген жағдайлар хабарланбаған/басталған күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күн өткен соң хабарланған жағдайда банк қаржы агенттігінің талап етуі бойынша қаржы агенттігіне айыппұл төлеу туралы талап қойылған кезде қолданыста болатын республикалық бюджет туралы заңға сәйкес белгіленетін 50 (елу) АЕК мөлшерінде айыппұл төлейді;
6) Алушының кредиті бойынша негізгі борыш мерзімінен бұрын ішінара/толық өтелген жағдайда қаржы агенттігіне 2 (екі) жұмыс күні ішінде хабарлауға міндетті. Алушының негізгі борышты мерзімінен бұрын ішінара/толық өтегені хабарланбаған/өтеген күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күн өткеннен кейін хабарланған жағдайда банк қаржы агенттігінің талап етуі бойынша қаржы агенттігіне айыппұл төлеу туралы талап қойылған сәтте қолданыста болатын республикалық бюджет туралы заңға сәйкес белгіленетін 50 (елу) АЕК мөлшерінде айыппұл төлейді.
Банк Алушының кредиті бойынша негізгі борыш мерзімінен ішінара/толық бұрын өтелген жағдайда қаржы агенттігіне 7 (жеті) жұмыс күні ішінде өзара есеп айырысуды салыстырып тексеру актісін ұсынуға міндетті. Бұл ретте банк салыстырып тексеру актісінде субсидиялардың іс жүзінде есептен шығарылған сомалары мен күндерін, ал қаржы агенттігі субсидиялардың аударылған сомалары мен күндерін көрсетеді;
7) Алушы субсидиялардың сомасын дербес төлеген жағдайда кейіннен қаржы агенттігі қаражатты өтеген кезде қаржы агенттігі хабарламасының негізінде субсидиялардың тиісті сомасын есептен шығаруды жүргізуге және Алушының ағымдағы шотына есепке жатқызуға;
8) сұрау салу бойынша қаржы агенттігіне Алушының субсидияланатын кредитінің төлем тәртібіне қатысты деректерді беруге;
9) жобаға мониторинг жүргізу үшін қажетті құжаттарды беруге, қаржы агенттігімен мониторингтік есептерге қол қоюға;
10) қаржы агенттігін осы Шарттың талаптарын орындауға әсерін тигізуі мүмкін мән-жайлар туындаған күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде барлық мән-жайлар туралы хабардар етуге;
11) осы Шарттың қолданылу мерзімі ішінде қаржы агенттігімен келіспей, кредиттің сомасын және (немесе) кредит бойынша сыйақының номиналдық мөлшерлемесін өзгертпеуге;
12) банк тарапынан Субсидиялау қағидаларында көзделген, өндіріп алынуы ықтимал комиссияларды қоспағанда, қаржы агенттігінің уәкілетті органы қолданыстағы кредитті субсидиялау туралы шешім қабылдаған жағдайда ағымдағы қаржы жылында бұған дейін алынған комиссияларды, алымдарды және (немесе) өзге де төлемдерді Алушыға өтеуге. Бұл ретте осы комиссиялар, алымдар және/немесе өзге де төлемдер Алушыға барлық тараптар бірінші Шартқа қол қойған нақты күннен бастап 3 (үш) ай ішінде өтеледі. Банк ағымдағы жылы алынған комиссияларды, алымдарды және/немесе өзге де төлемдерді Шарттың осы тармағында көрсетілген мерзімде Алушыға уақтылы өтемеген жағдайда банк қаржы агенттігіне айыппұл төлеу туралы талап қойылған кезде қолданыста болатын республикалық бюджет туралы заңға сәйкес белгіленетін 50 (елу) АЕК мөлшерінде айыппұл төлейді;
13) Алушы кредит бойынша негізгі борышты мерзімінен бұрын ішінара/толық өтеген жағдайда қаржы агенттігіне кредит бойынша негізгі борышты мерзімінен бұрын ішінара/толық өтеу фактісі туралы хабарлауға міндетті.
Алушының кредиті бойынша негізгі борыш мерзімінен бұрын ішінара өтелген жағдайда банк банктік қарыз шартына қосымша келісім жасасқан кезде қаржы агенттігіне негізгі борыш ішінара өтелген күннен бастап 7 (жеті) жұмыс күні ішінде төлемдерді өтеу графигін өзгертіп, субсидиялау шартына тиісті қосымша келісіммен қоса банктік қарыз шартына қосымша келісімнің көшірмесін жолдайды;
14) қаржы агенттігінен субсидиялар сомасын атаулы аудару туралы хабарлама алынбаған жағдайда Алушыға сыйақы мөлшерлемесін толық көлемде өтеу туралы хабарлауға міндетті.
17. Банк:
1) қаржы агенттігінен осы Шарттың шеңберінде көзделген субсидияларды уақтылы аударуды талап етуге;
2) Субсидиялау қағидаларында белгіленген негіздер бойынша қолданыстағы кредит бойынша субсидиялау тоқтатылған жағдайда Алушыға бұрын қолданыста болған қаржыландыру шарттарын (оның ішінде сыйақы мөлшерлемесін, комиссияларды, алымдарды және (немесе) өзге төлемдерді) белгілеуге;
3) Алушы бұрын төлеген және банк қайтарған комиссияларды, алымдарды және (немесе) қолданыстағы кредит бойынша өзге де төлемдерді қоспағанда, қолданыстағы кредит бойынша субсидиялау мерзімі аяқталған жағдайда Алушыға бұрын қолданыста болған қаржыландыру шарттарын белгілеуге құқылы.
4. Алушының растаулары мен кепілдіктері
18. Осы Шартқа қол қоя отырып, Алушы:
Алушы мен оның үлестес тұлғалары, қатысушылары немесе акционерлері, бенефициарлық меншік иелері осы Шартты жасасу күніне қандай да бір халықаралық санкцияларға ұшырамағанын, сондай-ақ Алушының қызметі Шарттың бүкіл қолданылу кезеңі ішінде мұндай санкцияларды бұзуға және/немесе айналып өтуге бағытталмайтынын;
осы Шарт қолданылатын кезде шығарылған елі тауарлардың жекелеген түрлерін Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің аумағына экспорттауға тыйым салуды белгілеген елдер болып табылатын тауарларды әкетуді жүзеге асырмайтынын растайды және соларға кепілдік береді. Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігі тауарлар тізбесін қалыптастырады және www.traderadar.kz ресми интернет-ресурсында ашық қолжетімділікте жариялайды.
19. Осы Шарттың 18-тармағында көрсетілген фактілер анықталған кезде қаржы агенттігі субсидиялауды тоқтатады.
5. Шарттың қолданылу мерзімі
20. Осы Шарт субсидиялау мерзімінің басталуы ескеріле отырып, Тараптар оған қол қойған күннен бастап күшіне енеді және 20__жылғы _____________ қоса алғанда, ал орындалмаған міндеттемелер бөлігінде – олар толық орындалғанға дейін қолданылады.
21. Қаржы агенттігі осы Шарттың 13-тармағының 9) тармақшасында және 18-тармағында көзделген фактілер анықталып, субсидиялауды тоқтату туралы шешім қабылданған жағдайда осы Шартты біржақты тәртіппен бұзады.
6. Жауапкершілік
22. Осы Шарт бойынша Тараптар осы Шарттан туындайтын міндеттемелерді орындамағаны және (немесе) тиісінше орындамағаны үшін осы Шартқа және Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес жауаптылықта болады.
23. Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына және банктік қарыз шартына сәйкес кредитті уақтылы және толық қайтару және сыйақы мөлшерлемесінің субсидияланбайтын бір бөлігін өтеу бойынша міндеттемелерді тиісінше орындамағаны үшін банк алдындағы бүкіл жауапкершілікті Алушы көтереді. Бұл ретте мұндай жауапкершілікті ешбір жағдайда қаржы агенттігіне жүктеуге болмайды.
7. Еңсерілмейтін күш мән-жайлары
24. Егер орындау еңсерілмейтiн күштің, яғни төтенше және алдын алуға болмайтын жағдайлардың (дүлей құбылыстар, әскери іс-қимылдар, форс-мажорлық мән-жайлар) салдарынан мүмкін болмаса, Тараптар осы Шарт бойынша өздерінің міндеттерін орындамағаны не тиісінше орындамағаны үшін жауапкершіліктен босатылады.
25. Еңсерілмейтін күш, яғни төтенше және алдын алуға болмайтын мән-жайлар туындаған кезде осы Шарт бойынша өз міндеттемелерін орындауға мүмкіндігі болмаған Тарап осындай жағдайлар орын алған кезден бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде екінші Тарапқа осындай мән-жайлар туралы уақтылы хабардар етеді. Бұл ретте форс-мажорлық мән-жайлардың сипаты, әрекет ету кезеңі, басталу фактісі уәкілетті мемлекеттік органдардың тиісті құжаттарымен расталады.
26. Уақтылы хабардар етілмеген жағдайда Тарап екінші Тарапқа хабардар етпеуі немесе уақтылы хабардар етпеуі салдарынан келтірілген зиянды өтейді.
27. Еңсерілмейтін күштiң, яғни төтенше және алдын алуға болмайтын мән-жайлардың басталуы осы Шартты орындау мерзімін олардың әрекет ету кезеңіне ұлғайтуға алып келеді.
28. Егер осындай мән-жайлар қатарынан 3 (үш) айдан астам уақытқа созылса, Тараптардың кез келгені осы Шарт бойынша міндеттемелерді одан әрі орындаудан бас тартуға құқылы.
8. Дауларды шешу
29. Осы Шартты орындауға байланысты туындаған қандай да бір дау болған жағдайда Тараптардың кез келгені барлық дауларды келіссөздер арқылы реттеуге күш-жігер салады.
30. Егер туындаған дауды келіссөздер арқылы шешу мүмкін болмаса, осы дау және оған қатысты басқа да мәселелер Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес шешіледі және реттеледі.
9. Құпиялылық
31. Осы арқылы Тараптар осы Шарттың талаптарына қатысты болатын ақпараттың, банктік құпияның, сондай-ақ қаржылық, коммерциялық және осы Шартты жасасу және орындау барысында өздері алған басқа да ақпараттың құпия болып табылатынымен және осы Шартта тікелей көзделген жағдайларды қоспағанда, үшінші тұлғаларға жария етуге болмайтынымен келіседі.
32. Тарап құпия ақпаратты осы Шартта, сондай-ақ Қазақстан Республикасының азаматтық және кәсіпкерлік заңнамасында тікелей көзделген жағдайларда үшінші тұлғаларға бере алады, оны жариялай алады немесе өзге жолмен тарата алады.
33. Тараптар осы Шарттың бар екенін және талаптарының құпиялылығын сақтау үшін барлық қажетті шараларды, оның ішінде құқықтық сипаттағы шараларды қабылдайды. Тараптардың лауазымды адамдары мен жұмыскерлеріне осы Шартты іске асыру барысында алынған мәліметтерді үшінші тұлғаларға жария етуіне не беруіне тыйым салынады.
34. Тараптардың кез келгені осы Шарттың талаптарын бұзып құпия ақпаратты жария еткен не таратқан жағдайда кінәлі Тарап Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында көзделген жауаптылықта болады.
10. Қорытынды ережелер
35. Алушы осы Шартқа қоя отырып, қаржы агенттігіне:
1) қаржы агенттігінің Алушының алдын ала жазбаша келісімінсіз субсидиялау жүзеге асырылатын осы Кредит шарты шеңберінде алынған ақпарат пен құжаттарды, оның ішінде банктік және коммерциялық құпияны мүдделі үшінші тұлғаларға беруіне;
2) қаржы агенттігінің бұқаралық ақпарат құралдарында Алушының атауын, жоба іске асырылатын өңірдің атауын, Алушы жобасының атауы мен сипаттамасын (оның ішінде кредит сомасын), сондай-ақ саланы жариялауына келісім береді.
36. Алушы қаржы агенттігіне мыналарды:
1) осы Шартта көрсетілген растаулар мен кепілдіктердің шынайы екенін және шындыққа сай келетінін;
2) қаржы агенттігі көрсетілген растаулар мен кепілдіктердің жарамдылығын тексеруге міндетті емес екенін;
3) Алушы өз бизнесіне, қаржылық жағдайына, активтеріне және өзінің міндеттемелері бойынша жауап беру қабілетіне кері әсерін тигізуі мүмкін ешқандай мән-жайлардан хабардар емес екенін мәлімдейді және оларға кепілдік береді.
37. Осы Шарттың ережелерін өзгертуге және (немесе) толықтыруға болады. Осы Шартта көзделген жағдайларды қоспағанда, Тараптардың келісуі бойынша жазбаша нысанда жасалған және Тараптардың уәкілетті өкілдері қол қойған өзгерістер мен толықтырулар ғана Тараптар үшін жарамды және міндетті болып танылады.
38. Осы Шарт Тараптардың әрқайсысы үшін қазақ және орыс тілдерінде 1 (бір) данадан бірдей 3 (үш) данада жасалды, олардың әрқайсысының заңдық күші бірдей. Осы Шарттың мемлекеттік және орыс тілдеріндегі мәтіндері арасында түсінбеушіліктер туындаған жағдайда Тараптар орыс тіліндегі мәтінді басшылыққа алады.
39. Осы Шартта көзделмеген барлық өзге жағдайда Тараптар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын басшылыққа алады.
11. Тараптардың заңды мекенжайлары, банктік деректемелері және қолдары
Жүктеу
|
Қаржы агенттігі "Даму" |
Банк _________________ |
Алушы |
|
Қазақстан Республикасы |
Қазақстан Республикасы |
Қазақстан Республикасы |
| Жергілікті атқарушы органдардың қаражаты есебінен субсидиялаудың үлгілік шартына қосымша |
Нысан
Субсидиялау шартының өтеу графигі Сәйкестендіру коды: (IBAN форматындағы бірегей 20 таңбалы код)
Жүктеу
|
Негізгі борышты өтейтін күн |
Негізгі борыштың қалдық сомасы |
Негізгі борыштың өтелетін сомасы |
Қаржы агенттігі төлейтiн сыйақы сомасы |
Алушы төлейтiн сыйақы сомасы |
Есептелген сыйақы сомасының жиыны |
|
Қаржы агенттігі "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" акционерлік қоғамы |
Банк |
Алушы |
|||
|
_____________________ |
______________________ |
_____________________ |
|||
|
Қазақстан Республикасы |
Қазақстан Республикасы |
Қазақстан Республикасы |
|||
| Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 17 қыркүйектегі № 754 қаулысымен бекітілген |
Сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау қағидалары
Ескерту. Қағидалар алып тасталды - ҚР Үкіметінің 02.06.2025 № 400 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
| Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 17 қыркүйектегі № 754 қаулысымен бекітілген |
Ислам банктері кәсіпкерлік субъектілерін қаржыландырылған кезде ислам банктерінің кірісін құрайтын тауардың үстеме бағасы мен жалдау төлемінің бөліктерін субсидиялау қағидалары
Ескерту. Қағидалар алып тасталды - ҚР Үкіметінің 02.06.2025 № 400 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
| Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 17 қыркүйектегі № 754 қаулысымен бекітілген |
Кәсіпкерлік субъектілері шығарған облигациялар бойынша купондық сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау қағидалары
Ескерту. Қағидалар алып тасталды - ҚР Үкіметінің 02.06.2025 № 400 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
| Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 17 қыркүйектегі № 754 қаулысымен бекітілген |
Кепілдік беру қорлары шеңберінде кепілдік беру қағидалары
Ескерту. Қағидалар жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 02.06.2025 № 400 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Кепілдік беру қорлары шеңберінде кепілдік беру қағидалары (бұдан әрі – Кепілдік беру қағидалары) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексі (бұдан әрі – Кодекс) 94-бабының 3-тармағына және 95-1-бабына сәйкес әзірленді, кәсіпкерлердің кредиттері/қаржы лизингі/шартты міндеттемелері/форвардтық шарттары/облигациялары/опциондары бойынша міндеттемелерді орындауды ішінара қамтамасыз ету ретіндегі кепілдіктер берудің тетігі мен шарттарын айқындайды.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 13.01.2026 № 12 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
2. Кепілдік беру осы Кепілдік беру қағидаларының шарттарына сәйкес 1-ші кепілдік беру қоры және 2-ші кепілдік беру қоры шеңберінде кәсіпкерлердің кредиттері/қаржы лизингі/шартты міндеттемелері/форвардтық шарттары/облигациялары/опциондары бойынша, оның ішінде "жасыл" жобаларды (қаржыландыру) іске асыру мақсаттары үшін жүзеге асырылады.
3. Шектеулер болмаған жағдайда осы Кепілдік беру қағидаларында көзделмеген өзге де мемлекеттік қаржылық қолдау шараларын алатын кәсіпкерлердің жобалары бойынша опциондық келісім шеңберіндегі кредиттеріне/қаржы лизингіне/шартты міндеттемелеріне/форвардтық шарттарына/облигацияларына/опциондарына да кепілдік беріледі.
4. Кепілдік беру кәсіпкерлерді қаржылай қолдау құралы болып табылады және кредиттік ресурстарды кеңейту мен оларға қолжетімділікті қамтамасыз ету үшін пайдаланылады.
5. Осы Кепілдік беру қағидаларында мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) айналым қаражатын толықтыруға арналған мақсат – кәсіпкердің операциялық (ағымдағы) қызметін салықтық міндеттемелерді, мемлекеттік бажды, кедендік төлемдерді/алымдарды, баждарды, әлеуметтік төлемдер мен аударымдарды төлеу мүмкіндігімен қамтамасыз етумен байланысты, сондай-ақ кез келген сақтандыру сыйлықақысын төлеуге кәсіпкердің кредитін/қаржы лизингін/шартты міндеттемесін/форвардтық шартын/облигацияларын/ опциондық келісімін пайдалану;
2) банк – осы Кепілдік беру қағидаларын іске асыру шеңберіндегі екінші деңгейдегі банк;
2-1) бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган – бюджетті атқару, республикалық бюджеттің және өз құзыреті шегінде жергілікті бюджеттердің, бюджеттен тыс қорлардың атқарылуы бойынша бухгалтерлік есепке алуды, бюджеттік есепке алу мен бюджеттік есептілікті жүргізу саласында басшылықты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шектерде салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
3) "жасыл" жобалар – бекітілген сыныптама (таксономия) негізінде айқындалған, Қазақстан Республикасының экология заңнамасына сәйкес қолда бар табиғи ресурстарды пайдалану тиімділігін арттыруға, қоршаған ортаға келеңсіз әсер ету деңгейін төмендетуге, энергия тиімділігін, энергия үнемдеуді арттыруға, климаттың өзгеру салдарын жұмсартуға және климаттың өзгеруіне бейімделуге бағытталған жобалар;
4) "жасыл" таксономия – қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган әзірлейтін және "Жасыл" облигациялар мен "жасыл" кредиттер арқылы қаржыландыруға жататын "жасыл" жобалардың сыныптамасын (таксономиясын) бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 31 желтоқсандағы № 996 қаулысымен (бұдан әрі – қаулы) бекітілген "жасыл" облигациялар мен "жасыл" кредиттер арқылы қаржыландыруға жататын "жасыл" жобалардың сыныптамасы;
5) жоба – мемлекеттік қаржылай қолдау ұсынылып отырған қызмет шеңберінде кіріс алуға бағытталған және Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін бастамашылық қызмет ретінде кәсіпкер жүзеге асыратын іс-қимыл мен іс-шаралар жиынтығы (бір жоба шеңберінде бірнеше кредит/қаржы лизингі шартын/шартты міндеттеме/форвардтық шарт/облигация/опциондық келісім алуға болады).
Бір мезгілде мынадай 2 (екі) өлшемшартқа сәйкес келсе, екі және одан көп жобалардың жиынтығы бір жоба деп саналады:
жоба бір объект ретінде (физикалық немесе технологиялық тұрғыдан тығыз байланысқан біртұтас ғимарат/құрылыс/объект болып табылады) іске асырылады;
жоба экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуішінің бір кіші сыныбы шеңберінде іске асырылады;
6) жобаның құны – жобалауға, құрылысқа, жабдықты сатып алуға, монтаждауға, іске қосу-реттеу жұмыстарына, персоналды оқытуға, маркетингке, айналым капиталын қалыптастыруға, сондай-ақ жобаны іске асырумен тікелей байланысты өзге де шығындарды қоса алғанда, жобаны жоспарланған операциялық көрсеткіштерге шыққанға дейін іске асыруға бағытталған қажетті күрделі салымдар мен өзге де шығыстардың жиынтығы. Жобаның құнына жеңілдікті кезең үшін есептелген сыйақы сомасын және құрылыс кезеңіне кепілдікті шығару үшін алынатын комиссияны қосуға жол беріледі;
7) инвестициялық мақсаттар (бұдан әрі – инвестициялар) – негізгі құралдарды сатып алу, және (немесе) салу, және (немесе) жаңғырту, және (немесе) реконструкциялау, және (немесе) күрделі жөндеу, биологиялық және (немесе) материалдық емес/материалдық активтерді сатып алу (осы анықтамада көрсетілген мақсаттарға байланысты ақы төлеу шоттарына сәйкес негізгі құралдардың/биологиялық/материалдық/материалдық емес активтердің құнына енгізілген қосылған құн салығы бойынша шығыстар да инвестицияға жатады);
8) кәсіпкер – өз қызметін осы Кепілдік беру қағидалары шеңберінде жүзеге асыратын, жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлік субъектісі мәртебесі бар шағын, орта және (немесе) ірі кәсіпкерлік субъектісі, сондай-ақ "Астана" халықаралық қаржы орталығының аумағында тіркелген заңды тұлға;
9) кепілдік – кәсіпкердің кепілдік беру сомасы шегінде кепілдік беру міндеттемесінен туындайтын кредиттік шарт/қаржы лизингі шарты/шартты міндеттеме/форвардтық шарт/облигациялар/опциондық келісім/жобаның құрылысын аяқтау туралы келісім (жоба бойынша барлық шығындарды және басқа да қаржылық және қаржылық емес міндеттемелерді төлеуді немесе олардың төленуін және өтелуін қамтамасыз ету) бойынша негізгі қарыздың бір бөлігін өтеу жөніндегі, акционерлерді/қатысушыларды (жобалық келісім) қолдау туралы міндеттемелерін орындауы үшін қаржы агенттігінің кредитор алдында жауап беру міндеттемесі;
10) кепілдік беру лимиті – қаржы агенттігі кредитор үшін белгілеген кепілдіктердің шекті сомасы, оның шегінде кредитор қаржы агенттігімен келісу рәсімдерінсіз кәсіпкерлерге қаржы агенттігі кепілдігін беру туралы шешім қабылдауға құқылы;
11) кепілдік міндеттеме – кәсіпкердің кредиттік шарт/қаржы лизингі шарты/шартты міндеттеме/форвардтық шарт/облигациялар/опциондық келісім және өзге де міндеттемелер бойынша міндеттемелерін орындауына қаржы агенттігінің кредитор алдында жауап беруіне шығаратын, қаржы агенттігінің уәкілетті органы бекітетін міндеттеме.
Кепілдік міндеттеме қағаз тасымалдағышта/электрондық құжат нысанында беріледі, бұл ретте кепілдік міндеттеменің электрондық нысанына Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес электрондық цифрлық қолтаңба қойылады;
12) кепілдік беру – кәсіпкердің кепілдік сомасы шегінде кепілдік міндеттемесінен туындайтын кредиттік шарт/қаржы лизингі шарты/шартты міндеттеме/форвардтық шарт/облигациялар/опциондық келісім бойынша негізгі қарыздың бір бөлігін төлеу жөніндегі міндеттемелерін және банктер алдындағы өзге де міндеттемелерін орындауы үшін қаржы агенттігінің кредиторлар алдында кепілдік беруі;
13) кешенді кәсіпкерлік лицензия (бұдан әрі – франчайзинг) – айрықша құқықтар кешенiнiң құқық иеленушiсi басқа тұлғаға оны өтеулi негiзде пайдалануға беретiн кәсiпкерлiк қызмет;
14) кепілдік беру қорына қатысушы – банк, лизинг компаниясы, ұлттық басқарушы холдингтің еншілес ұйымы, астық саласында мемлекеттік саясатты іске асыратын ұлттық компания және өзге де заңды тұлғалар;
15) консультациялық кеңес – қаржы агенттігінің 1-ші кепілдік беру қорының қатысушыларынан тұратын алқалы консультациялық-кеңесші органы;
16) кредитор – осы Кепілдік беру қағидаларын іске асыру шеңберіндегі банк, лизинг компаниясы, ұлттық басқарушы холдингтің еншілес ұйымы, астық саласында мемлекеттік саясатты іске асыратын ұлттық компания, халықаралық, оның ішінде мемлекет қатысатын қаржы институттары, шетелдік банктер және өзге де заңды тұлғалар;
16-1) кредитордың ақпараттық жүйесі – екінші деңгейдегі ақпараттық жүйе, ол арқылы бірінші деңгейдегі жүйенің форматтық-логикалық бақылаудан кейінгі бақылау қолданылатын кәсіпкерлердің қаржыландыруға арналған өтініштерін қабылдау, өңдеу және бірінші деңгейдегі жүйеге өтініштер туралы мәліметтерді беру жүзеге асырылады;
17) кредиттік шарт – кредитор мен кәсіпкер арасында жасалған жазбаша келісім, оның шарттары бойынша кепілдік беру қорына қатысушы кәсіпкерге кредит береді. Кредиттік шартқа қайта қаржыландырылатын қарыз жағдайында кредит желісін ашу туралы келісім/қосымша келісім де жатады.
Ислам банкі үшін кредиттік шарт қаржыландыру шарты – ислам банкі мен кәсіпкер арасында жасалған жазбаша келісім ретінде түсініледі, оның шарттары бойынша ислам банкі кәсіпкер-сатып алушыға немесе тауар сатушыға коммерциялық кредит берді. Қаржыландыру шартына қаржыландырудың бас келісімі де жатады, оның шеңберінде ислам банкі мен кәсіпкер коммерциялық кредит (қаржыландыру) беру туралы жеке шарттар жасасады. Коммерциялық кредит деп ислам банктерінің сауда делдалы ретінде кәсіпкерге тауардың бағасы мен тауарға үстемақыдан қалыптасатын тауарды сату бағасы бойынша тауарды төлем мерзімін кейінге қалдырумен немесе бөліп төлеумен сату арқылы кәсіпкердің сауда қызметін қаржыландыруы түсініледі;
18) кредит/қаржы лизингі шарты/опциондық келісім (бұдан әрі – кредит/қаржы лизингі шарты/қаржы лизингі/опциондық келісім) – кредитордың кредиттік шарттың/қаржы лизингі шартының/опциондық келісімнің негізінде кәсіпкерге мерзімділік, ақылылық, қайтарымдылық, қамтамасыз ету және нысаналы пайдалану шарттарымен, оның ішінде ақшалай талап етуді (факторинг) берумен қаржыландыру шарты шеңберінде беретін ақша сомасы. Кредиттік желі де банктік кредитке жатады.
Ислам банкі үшін кредит қаржыландыру – ислам банкі кәсіпкерге қаржыландыру шартына сәйкес беретін тауар үшін төлем мерзімін кейінге қалдыру немесе бөліп төлеу ретінде түсініледі;
19) кредиттің/қаржы лизингі шартының/опциондық келісімнің нысаналы пайдаланылуы – кәсіпкердің кредиттік шарт/қаржы лизингі шарты/опциондық келісім бойынша алынған кредитті/қаржы лизингін/ақша қаражатын осы Кепілдік беру қағидаларының талаптарына сәйкес келетін мақсаттарға пайдалануы (нысаналы пайдалану тиісті құжаттармен расталады, олар жиынтығында кәсіпкердің активті/жұмыстарды/көрсетілетін қызметтерді толық көлемде төлеуін, алуын және пайдалануын және (немесе) осы Кепілдік беру қағидаларында көзделген өзге де мақсаттарға қол жеткізуін растайды);
20) қайта қаржыландыру – кәсіпкерге бұрын берілген кредиттерді кредит қаражаты есебінен алмастыру, бұл ретте қайта қаржыландыру сомасына сыйақыны, айыппұлды, өсімпұлды және сот тәртібімен, сол сияқты соттан тыс тәртіппен берешекті өндіріп алуға байланысты өзге де төлемдерді есепке алмағанда, тек негізгі борыш кіреді;
21) қаржы агенттігі – "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" акционерлік қоғамы;
21-1) қаржы агенттігінің ақпараттық жүйесі – екінші деңгейдегі ақпараттық жүйе, ол арқылы бірінші деңгейдегі жүйенің форматтық-логикалық бақылаудан кейінгі бақылау қолданылатын кепілдік міндеттемелерді шығаруға өтініштерін қабылдау, өңдеу және бірінші деңгейдегі жүйеге өтініштер туралы мәліметтерді беру жүзеге асырылады;
22) қаржы агенттігінің жалғыз акционері – "Бәйтерек" ұлттық инвестициялық холдингі" акционерлік қоғамы;
23) қаржы агенттігінің уәкілетті органы – өз қызметін қаржы агенттігінің жарғысында, қаржы агенттігінің кредиттік саясатында өзіне берілген және қаржы агенттігінің ішкі құжаттарында бекітілген өкілеттіктер шегінде жүзеге асыратын, тұрақты жұмыс істейтін алқалы орган;
24) қаржы лизингі шарты – кредитор мен кәсіпкер арасында жасалған жазбаша келісім, оның талаптары бойынша кепілдік беру қорының қатысушысы кәсіпкерге қаржы лизингін береді;
25) лизинг компаниясы – өз қызметін осы Кепілдік беру қағидалары шеңберінде жүзеге асыратын лизингтік мәмілеге қатысушы;
26) лизингтік мәміле (лизинг)/қаржы лизингі – азаматтық құқықтар мен міндеттерді белгілеуге, өзгертуге және тоқтатуға бағытталған, лизингке қатысушылардың келісілген іс-қимыл жиынтығы;
27) мемлекеттік даму институттары – акцияларының бақылау пакеттері экономиканың түрлі салаларында мемлекеттік қолдау шараларын көрсететін ұлттық басқарушы холдингке немесе ұлттық холдингке тиесілі ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық холдингтер, ұлттық компаниялар, акционерлік қоғамдар;