Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығы.
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылғы 21 қарашада № 14441
болып тіркелді.
Қазақстан Республикасының "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы"
Заңының 8-бабының 5-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі
төрағасының 06.08.2026 № 138 (13.08.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес қоса беріліп отырған Сыбайлас жемқорлық
тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізіудің үлгілік қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істер министрінің 2015 жылғы
29 желтоқсандағы № 18 "Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің
үлгілік қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілердің реестрінде №
12651 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылдың 15
қаңтарында жарияланған) бұйрығының күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас
жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат
департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік
тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік
тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде
ресми жариялауға жіберілуін;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркеу күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде
Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау
банкінде орналастыру үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "
Республикалық құқықтық ақпарат орталығының" шаруашылық жүргізу құқығындағы
Республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
4) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және
сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің интернет-ресурсында
орналастырылуын қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Мемлекеттік
қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің сыбайлас
жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелеріне жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін
.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік
қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа
қарсы іс-қимыл агенттігінің Төрағасы Қ. Қожамжаров
Қазақстан Республикасы
Мемлекеттік қызмет істері
және сыбайлас жемқорлыққа
қарсы іс-қимыл агенттігі
Төрағасының
2016 жылғы 19 қазандағы
№ 12 бұйрығымен
бекітілген