2026 жылғы 1-15 маусым аралығында әлеуметтік кәсіпкерлік тізіліміне енгізуге өтініштер қабылдау басталады.
Өтінім беру орны: - жеке кәсіпкер немесе заңды тұлғаның тіркелу орны бойынша «Балқаш қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ, Балқаш қ. Уәлиханов көшесі, 5, №11 кабинет.
Өтінімдерді қабылдау мерзімі: 2026 жылғы «1» маусымнан - 2026 жылғы «15» маусым аралығында жұмыс күндері сағат 9.00-18.30, түскі үзіліс сағат 13.00-14.30. (жергілікті уақыт).
Толық ақпарат: 8 (71036) 40332.
Мемлекеттік қызметтер
«Балқаш қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі»ММ 4 мемлекеттік қызмет көрсетеді:
Барлық мемлекеттік қызметтер «электрондық үкімет» веб-порталында орналастырылған стандарттарға сәйкес көрсетіледі.
«Балқаш қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі»ММ көрсететін мемлекеттік қызметтердің тізілімі және оларды көрсету тәсілдері қосымшада берілген.
2026 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша бөлімде заңды және жеке тұлғалардың атына 618 бірлік арнайы техника тіркелген, оның ішінде: тракторлар – 152 бірлік, трактор тіркемелері – 117 бірлік, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналары – 334 бірлік, қарда жүретін көліктер – 10 бірлік, квадроциклдер – 5 бірлік.
2025 жылы бөлім тарапынан 361 мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде жеке тұлғаларға – 189 қызмет, заңды тұлғаларға – 172 қызмет.
Бөліммен берілді: мемлекеттік нөмірлік белгілер – 98 дана, техникалық паспорттар – 104 дана, тракторист-машинист куәліктері – 37 дана, кепілді мемлекеттік тіркеу туралы куәліктер – 13 дана.
2025 жылы бөлім көрсеткен мемлекеттік қызметтер үшін жергілікті бюджетке 757 893,0 теңге түсті.
Мемлекеттік қызметтерді техникалық инспекция саласында көрсету мәселелері бойынша «Балқаш қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесіне келесі мекенжай бойынша хабарласуға болады: Қарағанды облысы, Балқаш қаласы, Уәлиханов көшесі, 5-үй, 10-кабинет (тел.: 8/71036/44162).
| № | Мемлекеттік қызметтің атауы | ОМО атауы | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | Өтініштерді қабылдауды және Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беруді жүзеге асыратын ұйымдардың атаулары және (немесе) "электрондық үкіметтің" веб-порталын және ұялы байланыстың абоненттік құрылғысын көрсету | Қызмет тікелей ЖАО көрсетіледі иә/жоқ | Қызметті ЖАО бақылауындағы ұйым көрсетеді иә/жоқ | Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны ("бір өтініш "қағидаты бойынша көрсетілетін электрондық/ қағаз/ проактивті) | Электрондық қызмет көрсету кезіндегі интернет ресурстардың атауы |
| 1 | Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерін, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), тіркеу есебінен шығару және тіркеу құжатын (телнұсқасын) және мемлекеттік нөмірлік белгі беру | АШМ | Облыстардың, Нұрсұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органы | 1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі; 2) электрондық үкіметтің"веб-порталы |
иә | жоқ | Электрондық (ішінара автоматтандырылған) немесе қағаз түрінде | www.elicense.kz . |
| 2 | Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерін, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды жыл сайынғы мемлекеттік техникалық байқаудан өткізу | АШМ | Облыстардың, Нұрсұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органы | 1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі; 2) электрондық үкіметтің"веб-порталы |
иә | жоқ | Электронды / қағаз түрінде | www.elicense.kz . |
| 3 | Кепілді мемлекеттік тіркеу( тіркеуден шығару), өзгерістерді, толықтыруларды тіркеу (оның ішінде меншік құқығының басқа тұлғаға ауысуы, талап ету құқығын басқаға беру, кейінгі кепіл (қайта кепіл)) және тіркелген кепілдің қолданылуын тоқтату,сондай-ақ тракторлардың және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдердің кепілін мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті немесе телнұсқасын беру, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерін, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, өтімділігі жоғары арнайы машиналар | АШМ | Облыстардың, Нұрсұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органы | 1)көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі, 2)"Азаматтарға арналған үкімет"мемлекеттік корпорациясы, 3)"электрондық үкіметтің"веб-порталы www.egov.kz |
иә | жоқ | Электронды / қағаз түрінде | www.egov.kz . |
| 4 | Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды жүргізу құқығына куәліктер беру | АШМ | Облыстардың, Нұрсұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органы | 1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі; 2) электрондық үкіметтің"веб-порталы |
иә | жоқ | Электрондық (ішінара автоматтандырылған) немесе қағаз түрінде | www.elicense.kz . |
2025 жылғы 1-15 желтоқсан аралығында әлеуметтік кәсіпкерлік тізіліміне енгізуге өтініштер қабылдау басталады.
Өтінім беру орны: - жеке кәсіпкер немесе заңды тұлғаның тіркелу орны бойынша «Балқаш қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ, Балқаш қ. Уәлиханов көшесі, 5, №11 кабинет.
Өтінімдерді қабылдау мерзімі: 2025 жылғы «1» желтоқсаннан - 2025 жылғы «15» желтоқсан аралығында жұмыс күндері сағат 9.00-18.30, түскі үзіліс сағат 13.00-14.30. (жергілікті уақыт).
Толық ақпарат: 8 (71036) 40332.