Қарқаралылықтар «Таза Қазақстан» акциясы аясындағы жұмыстарды жалғастыруда. Бүгін көктемгі тазалық, көгалдандыру жұмыстары барысында қазақтың тұңғыш ғарышкері, батыр жерлесіміз Тоқтар Әубәкіровтің 80 жылдық мерейтойына орай, Қарқаралы қаласындағы батыр атындағы көше бойында 100 түп қарағай ағашы отырғызылды.
Шара басталмас бұрын, аудан әкімінің міндетін атқарушы Саят Қабиденұлы бұл акцияның мән-маңызына ерекше тоқталып, жерлестерді «Таза Қазақстан» акциясын бірлесе ұйымшылдықпен қолдауға шақырды және алдағы уақытта қала ішіне жасыл көшеттерді егу жұмыстары жалғасатынын атап өтті.
Денешынықтыру жаттығуларымен бой сергітіп алған қарқаралылықтар жұмысқа құлшына кірісіп, ұйымшылдықпен атқарып өтті. Қала басындағы мекемелер мен ұйымдар, депутаттар мен қоғамдастық өкілдері, ардагерлер мен ерікті жастар, жас отбасылар бірлесіп, іске асқан бірегей шара «Таза Қазақстан» акциясын қолдауға бағытталып, биыл 80 жасқа толатын Тоқтар Оңғарбайұлына деген игі тілекпен іске асты.
Ауданда тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды баспанамен қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасып келеді. 18 наурыз күні өткен салтанатты шарада кезекте тұрған отбасылар жаңа баспаналарына ие болды.
Аудан әкімінің міндетін атқарушы Саят Қабиденұлы қоныс той иелерін құттықтап, ізгі тілегін жеткізді.
Жалпы, өткен жылдан бері ауданның коммуналдық тұрғын үй қорын толықтыру мақсатында жеке кәсіпкерлер тарапынан 27 тұрғын үйдің құрылысы жүргізілген. Бұл үйлерде барлығы 80 пәтер қарастырылған. Құрылыс жұмыстары Қарқаралы қаласында, сондай-ақ Көктас ауылы мен Матақ ауылы ауылдарында жүзеге асырылды.
Қазіргі таңда 15 пәтер Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес сатып алынып, Отбасы банкі арқылы тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтарға кезең-кезеңімен берілуде.
Жаңа пәтер иелері атынан Алтын алқа иегері, тыл ардагері Омарова Шәмішкен ақ батасын беріп, қуанышқа ортақтасты. Қоныс тойын тойлаған отбасылар мемлекет тарапынан көрсетілген қолдау үшін алғыстарын білдірді.
Ауданда тұрғындарды баспанамен қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасады.
От имени новосёлов с благословением выступила обладательница подвески «Алтын алқа», труженица тыла Омарова Шамишкен. Семьи, получившие новое жильё в преддверии Наурыза, выразили искреннюю благодарность за оказанную поддержку.
Работа по обеспечению жителей района жильём будет продолжена и в дальнейшем.