«Қарқаралы ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ережесі

«Қарқаралы ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі (әрі қарай – Дене шынықтыру және спорт бөлімі) аудандағы дене шынықтыру және спорт салаларында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органы болып табылады.

Дене шынықтыру және спорт бөлімі өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң актiлерiне, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерге, сондай – ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

Дата публикации
08 октября 2025