2021 жылға «Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ қызметі туралы мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша есеп
2020 жылғы 31 қаңтардағы Қазақстан Республикасы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м.а. №39/НҚ бұйрығымен бекітілген мемлекеттік көрсетілетін қызметтер Тізіліміне сәйкес, «Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ (әріқарай-Бөлім) 1 мемлекеттік қызмет түрі ("Спорттық разрядтарды беру: 2-разрядты спортшы, 3-разрядты спортшы, 1-жасөспірімдік разрядты спортшы, 2-жасөспірімдік разрядты спортшы, 3-жасөспірімдік разрядты спортшы және біліктілік санаттары: біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы, біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы-оқытушы, біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы, біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы-оқытушы біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты әдіскер, біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты әдіскер, біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты нұсқаушы-спортшы, спорт төрешісі") бекітілген.
2021 жылы 12 мемлекеттік қызмет көрсетілді. Мемлекеттік қызметтер мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін регламенттейтін НҚА-ға сәйкес көрсетіледі.
Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпараттың қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік мекеменің ақпараттық стендінде және Бөлімнің ресми мемлекеттік органның интернет-ресурсында (МО ИРБП) «Мемлекеттік қызметтер» бөлімінде мемлекеттік қызметтер көрсету жөніндегі нормативтік-құқықтық актілер, мемлекеттік қызметтерге шағымдану тәртібі және басқа да пайдалы ақпарат орналастырылған. Тиісті бөлімде қамтылған ақпаратты өзектендіру бойынша жұмыс тұрақты негізде жүргізіледі.
Аудан тұрғындарының «Senim109» бірыңғай үйлестіру орталығы арқылы мемлекеттік қызметтер бойынша сұрақтарға да жауап алуға мүмкіндігі бар.
Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерінің сақталуына күнделікті бақылау жүргізіледі.
Азаматтардың көрсетілетін қызметті берушімен байланысын азайту мақсатында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмау үшін азаматтардың электрондық форматта мемлекеттік қызметтерді алуы бойынша жұмыстар белсенді жүргізілуде.
Мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыру мақсатында Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Қарағанды облысы бойынша филиалында курстар өткізіледі.
Мемлекеттік қызмет көрсететін мамандарға консультациялық және практикалық көмек көрсету бойынша іс-шаралар тұрақты негізде жүргізіледі.
Көрсетілетін қызметті алушыларды қолжетімді және сапалы мемлекеттік қызметтермен одан әрі қамтамасыз ету мақсатында көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыруға тұрғындармен түсіндіру жұмыстары жалғастырылатын болады.