бөлімі» ММ қызметі туралы мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша есеп
2020 жылғы 31 қаңтардағы Қазақстан Республикасы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м.а. №39/НҚ бұйрығымен бекітілген мемлекеттік көрсетілетін қызметтер Тізіліміне сәйкес, «Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ (әріқарай-Бөлім) 6 мемлекеттік қызмет түрі (("Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке қою және кезекке қою, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үй беру туралы шешім қабылдауы»; «Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйлерді жекешелендіру»; "Ауданаралық (облысішілік қалааралық), ауданішілік, қалалық (селолық) және қала маңындағы қатынастардағы әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша автомобиль жолаушылар тасымалдарын жүзеге асыруға байланысты тасымалдаушының шығындарын субсидиялау"; "Жолаушылар мен багажды тұрақты қалалық (селолық), қала маңындағы және ауданішілік автомобиль тасымалдарының маршруттары мен қозғалыс кестесін бекіту"; "Дайындық паспортын беру энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдарға күзгі-қысқы кезеңде жұмыс істеуге"; "Ағаштарды кесуге рұқсат беру") бекітілген.
2022 жылы 137 мемлекеттік қызмет көрсетілді..
Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпараттың қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік мекеменің ақпараттық стендінде және Бөлімнің ресми мемлекеттік органның интернет-ресурсында (МО ИРБП) «Мемлекеттік қызметтер» бөлімінде мемлекеттік қызметтер көрсету жөніндегі нормативтік-құқықтық актілер, мемлекеттік қызметтерге шағымдану тәртібі және басқа да пайдалы ақпарат орналастырылған. Тиісті бөлімде қамтылған ақпаратты өзектендіру бойынша жұмыс тұрақты негізде жүргізіледі.
Аудан тұрғындарының «Senim109» бірыңғай үйлестіру орталығы арқылы мемлекеттік қызметтер бойынша сұрақтарға да жауап алуға мүмкіндігі бар.
Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерінің сақталуына күнделікті бақылау жүргізіледі.
Азаматтардың көрсетілетін қызметті берушімен байланысын азайту мақсатында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмау үшін азаматтардың электрондық форматта мемлекеттік қызметтерді алуы бойынша жұмыстар белсенді жүргізілуде.
Мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыру мақсатында Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Қарағанды облысы бойынша филиалында курстар өткізіледі.
Мемлекеттік қызмет көрсететін мамандарға консультациялық және практикалық көмек көрсету бойынша іс-шаралар тұрақты негізде жүргізіледі.
Көрсетілетін қызметті алушыларды қолжетімді және сапалы мемлекеттік қызметтермен одан әрі қамтамасыз ету мақсатында көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыруға тұрғындармен түсіндіру жұмыстары жалғастырылатын болады.