GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Қызметі
Құжаттар
Бөлім туралы
Баспасөз орталығы
Онлайн қабылдау
Байланыс ақпараты
Все материалы
20 октября 2026
Қарқаралы ауданының Көктас ауылында жаңа дене шынықтыру-сауықтыру кешені ашылды

Қарқаралы ауданының Көктас ауылында Республика күні қарсаңында жалпы ауданы 542 шаршы метр болатын жаңа дене шынықтыру-сауықтыру кешені ашылды.

Ашылу салтанатына аудан әкімі Саят Мусин мен облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Нүркен Нұратов қатысты. Шара барысында бұқаралық спортты дамытуға қосқан үлесі үшін ардагер-спортшы Жұмаш Құрманғалиев аудан әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.

«Нұрай Құрылыс Сервис» ЖШС салған жаңа екі қабатты кешенде спорт залы, әкімшілік бөлме және душ кабиналары қарастырылған. Нысан ауыл тұрғындары мен жастар арасында бұқаралық спортты дамытуға және салауатты өмір салтын қалыптастыруға бағытталған.

02 октября 2026
Қарқаралыда аудандық ветеринариялық станция мен зертхананың жаңа ғимараты ашылды

25 қыркүйек күні Қарқаралы қаласында аудандық ветеринариялық станция мен ветеринариялық зертхананың жаңа ғимаратының ашылу салтанаты өтті.

Салтанатты шараға Қарқаралы ауданының әкімі Саят Мусин, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті Республикалық ветеринариялық зертханасының бас директоры Темірхан Елшібаев және сала мамандары қатысты.

Жаңа зертхана заманауи талаптарға сай жабдықталып, жануарлардың аса қауіпті ауруларын зерттеу, ветеринариялық-санитариялық сараптама жүргізу және қауіпсіздігі талапқа сай келмейтін өнімдерді анықтау бағытында қызмет атқарады.

Шара барысында қонақтар сынама қабылдау, серология және ветеринариялық-санитариялық сараптау кабинеттерінің жұмысымен танысты.

06 октября 2025
Облыс әкімі орынбасарының жұмыс сапары

Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Ораз Қайсаұлы Тәуірбеков жұмыс сапарымен ауданымызға келді.
Сапар барысында О. Тәуірбеков Қарағайлы кентіндегі денешынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысымен танысып, дәрігерлік амбулаторияда болды.
Одан кейін Үлкен көл жанындағы 5,5 шақырым жолдың жағдайын көріп, кәріз суларын тазарту ғимаратының құрылысына соғып, жұмыс барысы мен мәселелерін назарға алды.
Келесіде арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы мен оңалту орталығын аралап, науқастарға көрсетілетін қызметтермен таныс болды.
Сондай-ақ, Т. Әубәкіров көшесінің қайта жаңғырту жұмыстарының мердігерімен кездесті.
Ораз Қайсаұлы жұмыс сапарының қорытындысында аудан әкімдігінде жауапты бөлім басшыларымен жиын өткізіп, ауданның бірқатар өзекті мәселелерінің шешу жолдарын қарастырып, сала жетекшілеріне тапсырма жүктеді.

Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы