1. «Қарқаралы ауданының мемлекеттік активтер және сатып алу бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – мемлекеттік мекеме) – өз құзыреттілігі шегінде аудандық коммуналдық мүлікті басқару, Қарқаралы ауданының әкімі анықтайтын бюджеттік бағдарламалар немесе тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша бірыңғай мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және жүргізу саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
2. Мемлекеттік мекеме өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.