2026 жылғы 1 қазан күні Қаратөбе аудандық мәслихатының VIІІ шақырылымдағы кезектен тыс ХХХХІV сессиясы өткізілді. Сессияның күн тәртібіне сай аудандық, округтік және учаскелік сайлау комиссияларының құрамдарына өзгерістер енгізілді. Қаратөбе ауданы әкімдігі жанындағы жер комиссиясы құрамы бекітілді. Сонымен қатар, «Қаратөбе аудандық мәслихаты аппараты» мемлекеттік мекемесінің ережесі бекітілді.
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 19-бабына сәйкес шешім ҚАБЫЛДАДЫМ:
Қаратөбе аудандық мәслихатының VIІІ шақырылымдағы кезектен тыс ХХХХІV сессиясы 2026 жылдың қазан айының 1 күні сағат 10-00-ге аудандық мәслихаттың мәжіліс залына шақырылсын.
Сессияның күн тәртібінде қаралатын мәселелер:
- Аумақтық, округтік және учаскелік сайлау комиссиялары туралы.
Хабарламашы: Б.Муса – мәслихат аппаратының басшысы.
Мәслихат төрағасы Н.Мендешов
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 17-бабына және 10-бабының 3-тармағына сәйкес Қаратөбе аудандық мәслихаты сайлау комиссияларының құрамынан босап қалған мүшелері үшін ұсыныстар қабылдау басталғанын хабарлайды.
Қаратөбе аумақтық сайлау комиссиясында 1 бос орын.
№ 2 Егіндікөл округтік сайлау комиссиясы 1 орын
№ 4 Ақтай-сай округтік сайлау комиссиясы 3 орын
№ 7 Қоскөл округтік сайлау комиссиясы 2 орын
№ 8 Саралжын округтік сайлау комиссиясы 1 орын
№ 272 Жусандой учаскелік сайлау комиссиясы 1 орын
№ 279 Қоскөл учаскелік сайлау комиссиясы 3 орын
№ 280 Шалғын учаскелік сайлау комиссиясы 1 орын
№ 282 Сәуле учаскелік сайлау комиссиясы 1 орын
№ 284 Үшана учаскелік сайлау комиссиясы 1 орын
Саяси партиялардан ұсыныстарды қабылдау 2026 жылдың 15 қыркүйектен бастап 30 қыркүйекке дейін белгіленеді, белгіленген мерзімде саяси партиялардан ұсыныстар болмаған жағдайда өзге қоғамдық бірлестіктердің ұсыныстары қабылданады.
Үміткерлер туралы ұсыныстарды Қаратөбе аудандық мәслихатына мына мекенжайға: Қаратөбе ауылы, Ғ.Құрманғалиев көшесі № 14 үй, 2 қабатта, сағат 9:00-ден 18:30-ға дейін қабылдайды. Байланыс телефоны 31-1-70.
Учаскелік сайлау комиссияларының құрамына ұсынылатын үміткерлер Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 19-бабы 2-1 тармағының талаптарына сәйкес болуға тиіс.
8 қыркүйек күні «Әлеуметтік мәселелер мен гендерлік саясат, үкіметтік емес ұйымдармен байланыс» жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысы болып өтті.
Комиссия отырысын «Әлеуметтік мәселелер мен гендерлік саясат, үкіметтік емес ұйымдармен байланыс» жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы С.Абденов жүргізді.
Отырыстың күн тәртібіне сай Қаратөбе аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің, Қаратөбе аудандық мансап орталығының 2025 жылғы және ағымдағы жылдың есепті кезеңіне атқарылған жұмыстары туралы есептері тындалды. Сонымен қатар, «Қаратөбе ауданы бойынша жергілікті атқарушы органдардың қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жұмысының, соның ішінде «Қауіпсіз өңір» жобасының орындалуы туралы» аудан әкімінің орынбасары Ғ.Газиевтің және «Қаратөбе ауданы бойынша 2028 жылға дейінгі қоғамдық тәртіпті сақтау саласындағы индикаторларға қол жеткізу мақсатында Қаратөбе аудан әкімдігінің және аудандық полиция бөлімінің міндеттерін және қызметтерін бағалау кретерий туралы» аудандық полиция бөлімінің қызмет жөніндегі орынбасары, полиция подполковнигі С.Жасталапов баяндама жасады.
Ағымдағы жылдың 8 қыркүйек күні Қаратөбе аудандық мәслихатының VIІІ шақырылымдағы кезекті ХХХХІІІ сессиясы өткізілді.
Сессияның күн тәртібіне сай Саралжын, Қоскөл ауылдық округі әкімдерінің 2025 жылғы және ағымдағы жылдың есепті кезеңіне атқарған жұмыстары туралы хабарламалары тындалды. Және де Қаратөбе аудандық ветеринариялық зертханасының, Қаратөбе ауданының полиция бөлімінің 2025 жылғы және ағымдағы жылдың есепті кезеңіне атқарған жұмыстары туралы хабарламалары тындалды.
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 19-бабына сәйкес шешім ҚАБЫЛДАДЫМ:
Қаратөбе аудандық мәслихатының VIІІ шақырылымдағы кезектен тыс ХХХХІІI сессиясы 2026 жылдың қыркүйек айының 8 күні сағат 10-00-ға аудандық мәслихаттың мәжіліс залына шақырылсын.
Сессияның күн тәртібінде қаралатын мәселелер:
43-1. «Қаратөбе ауданы, Саралжын ауылдық округі әкімінің 2025 жылғы және ағымдағы жылдың есепті кезеңіне атқарған жұмыстары »туралы.
Хабарламашы: Оразақаев Дәулет Жұмабайұлы – Саралжын ауылдық округі әкімі.
43-2. «Қаратөбе ауданы, Қоскөл ауылдық округі әкімінің 2025 жылғы және ағымдағы жылдың есепті кезеңіне атқарған жұмыстары »туралы.
Хабарламашы: Мусағалиев Әділет Қайратұлы – Қоскөл ауылдық округі әкімі.
43-3. «Қаратөбе орталық аудандық ауруханасы 2025 жылғы және ағымдағы жылдың есепті кезеңіне атқарған жұмыстары туралы»
Хабарламашы: Мұқанова Әсемгүл Жайықбайқызы - Қаратөбе орталық аудандық ауруханасының емдеу ісі жөніндегі орынбасары.
43-4. «Қаратөбе аудандық ветеринариялық зертханасының 2025 жылғы және ағымдағы жылдың есепті кезеңіне атқарған жұмыстары» туралы.
Хабарламашы: Бекқарнаева Рита Хайдарқызы – Қаратөбе аудандық ветеринариялық зертханасының директорының міндетін уақытша атқарушы.
43-5. «Қаратөбе ауданының полиция бөлімінің 2025 жылғы және ағымдағы жылдың есепті кезеңіне атқарған жұмыстары »туралы.
Хабарламашы: Каримов Асылбек Мұратұлы – Қаратөбе ауданының полиция бөлімінің басшысы.
Мәслихат төрағасы Н.Мендешов
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 19-бабына сәйкес шешім ҚАБЫЛДАДЫМ:
Қаратөбе аудандық мәслихатының VIІІ шақырылымдағы кезекті ХХХХIII сессиясы 2026 жылдың қыркүйек айының 8 күні сағат 10-00-ға аудандық мәслихаттың мәжіліс залына шақырылсын.
Сессияның күн тәртібінде қаралатын мәселелер:
43-1. «Қаратөбе ауданы, Саралжын ауылдық округі әкімінің 2025 жылғы және ағымдағы жылдың есепті кезеңіне атқарған жұмыстары »туралы.
Хабарламашы: Оразақаев Дәулет Жұмабайұлы – Саралжын ауылдық округі әкімі.
43-2. «Қаратөбе ауданы, Қоскөл ауылдық округі әкімінің 2025 жылғы және ағымдағы жылдың есепті кезеңіне атқарған жұмыстары »туралы.
Хабарламашы: Мусағалиев Әділет Қайратұлы – Қоскөл ауылдық округі әкімі.
43-3. «Қаратөбе орталық аудандық ауруханасы 2025 жылғы және ағымдағы жылдың есепті кезеңіне атқарған жұмыстары туралы»
Хабарламашы: Мұқанова Әсемгүл Жайықбайқызы - Қаратөбе орталық аудандық ауруханасының емдеу ісі жөніндегі орынбасары.
43-4. «Қаратөбе аудандық ветеринариялық зертханасының 2025 жылғы және ағымдағы жылдың есепті кезеңіне атқарған жұмыстары» туралы.
Хабарламашы: Бекқарнаева Рита Хайдарқызы – Қаратөбе аудандық ветеринариялық зертханасының директорының міндетін уақытша атқарушы.
43-5. «Қаратөбе ауданының полиция бөлімінің 2025 жылғы және ағымдағы жылдың есепті кезеңіне атқарған жұмыстары »туралы.
Хабарламашы: Каримов Асылбек Мұратұлы – Қаратөбе ауданының полиция бөлімінің басшысы.
Мәслихат төрағасы Н.Мендешов
Қаратөбе аудандық қоғамдық кеңесінің отырысы өткізілді. Күн тәртібіне сай "Қаратөбе аудандық мәслихатының 2024 жылғы 26 наурыздағы №13-13 "Қаратөбе ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы" шешім жобасымен аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Б.Бердіғалиев таныстырды.
2026 жылғы 7 шілде күні Қаратөбе аудандық мәслихатының VIІІ шақырылымдағы кезектен тыс ХХХХІІ сессиясы өткізілді. Сессияның күн тәртібіне сай Қаратөбе ауданының ауылдық округтерінің бюджеттеріне өзгерістер енгізілді. Сонымен қатар, «Қаратөбе аудандық мәслихатының 2025 жылғы 30 желтоқсандағы «Қаратөбе ауданының 2026-2030 жылдарға арналған даму жоспарын бекіту туралы» № 35-4 шешіміне толықтырулар енгізу туралы» шешім жобасымен аудандық қаржы және экономика бөлімінің басшысы Б.Нұрмағамбетов таныстырды. Қаратөбе ауданы әкімдігі жанындағы жер комиссиясы құрамына өзгеріс енгізілді.
Бүгін Қаратөбе аудандық қоғамдық кеңесі отырысы өтті. Кеңес отырысын аудандық қоғамдық кеңестің төрағасы Р.Қыдырашев жүргізді.
Күн тәртібінде «Аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің мемлекеттік көрсетілетін қызметтері туралы» аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Қ.Бадақовтың хабарламасы тындалды. Сонымен қатар, «2024-2028 жылдарға арналған коммуналдық қалдықтарды басқару бағдарламасы туралы» шешім жобасымен аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бас маманы Н.Ақсұлтанов және «Қаратөбе аудандық мәслихатының 2025 жылғы 25 желтоқсандағы №35-4 "Қаратөбе ауданының 2026-2030 жылдарға арналған даму жоспарын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы» шешім жобасымен Қаратөбе аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Б.Нұрмағамбетов таныстырды.