КӨШЕЛЕРГЕ АТАУ БЕРУ ТУРАЛЫ

«Әкімшілік-аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2023 жылғы 1 тамыздағы № 211 бұйрығына сәйкес 2025 жылғы 27 қазан сағат, сағат 10.00-де Қарасай ауданы  Жібек жолы ауылдық округі Ахмет Байтұрсынұлы атындағы орта мектебінің мәжіліс залында жиын өтті.

​Күн тәртібінде:

Жібек жолы ауылдық округіндегі Жібек жолы ауылының көшелеріне:

бірінші көше – Ақмешіт,

екінші көше – Бозоқ,

үшінші көше – Ақжібек,

төртінші көше – Аютас,

бесінші көше – Ақтекше,

алтыншы көше – Талас,

жетінші көше – Тұран,

сегізінші көше – Ақкент,

тоғызыншы көше – Айнабұлақ,

оныншы көше – Ойыл,

он бірінші көше – Қойлық,

он екінші көше – Бұланты,

он үшінші көше – Елтінжал,

он төртінші көше – Имантау,

он бесінші көше – Тақсай,

он алтыншы көше – Көкжар,

он жетінші көше – Тораңғыл.

Жібек жолы ауылдық округі, Тұрар ауылының көшелеріне:

бірінші көше – Шымқорған,

екінші көше – Нұра,

үшінші көше – Қостөбе,

төртінші көше – Жұмбақтас,

бесінші көше – Қарғалы,

алтыншы көше – Тұран,

жетінші көше – Құлан,

сегізінші көше – Марқакөл,

тоғызыншы көше – Сырдария,

оныншы көше – Шарын,

он бірінші көше – Шалқар,

он екінші көше – Алаш,

он үшінші көше – Алтай,

он төртінші көше – Тастөбе деп атау беру туралы мәселе қаралғандығын хабарлаймыз.

Атаулар тарихи жер-су, ұлттық танымға жақын дәстүрлі атаулармен берілді.

 

Жібек жолы ауылдық округінің әкімдігі

Дата публикации
04 ноября 2025