
Спорт саласы; Жібек жолы ауылында спорттық алаңына бөлінген 1,2 га жер телімінің толық құжаттары рәсімделген. Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасына дене шынықтыру-сауықтыру кешенін салуға сұраныс берілді. Сонымен қатар, дене шынықтыру-сауықтыру кешенін салу үшін Тұрар ауылында 0,50 га жер учаскесі бөлінді, ағымдағы жылы демеушілердің көмегімен құрылыс жұмыстары басталады.
Ойын алаңы; Тұрар ауылы, Көпбаев көшесі, Жібек жолы ауылы, Қабанбай батыр, Жамбыл көшелеріне воркаут алаңын орналастыруға 0,040 га жер учаскесі бөлініп, мемлекеттік акт алынды. Ағымдағы жылы Тұрар ауылы, Көпбаев көшесінде балалар үшін воркаут алаңын салуға 5 млн бөлініп тамыз айына дейін құрылыс жұмысы аяқталды.

Мәдениет саласы;
Жібек жолы ауылы Байқоңыр көшесінен мәдениет үйін салу үшін 0,50 га жер учаскесі бөлінді. Алматы облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасына сұраныс берілді. Одан бөлек, Тұрар ауылында саябақ орнластыру үшін 0,50 га жер учаскесі бөлінді, құрылыс жұмыстары басталуда.
