Меню

Ұялы байланыс
Бекітілген байланыс
Пошта байланысы
Ұялы байланыс сапасын тексеру
Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру
Байланыс саласындағы жаңа технологиялар мен инфрақұрылымды дамыту
Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат
Жолаушылар көлігі және көлік жолдары

Жібек жолы  ауылдық округі бойынша 300-ге жуық көше бар, осы  жолдың жалпы ұзындығы 170 шақырым құрайды. Жалпы 26 шақырым көше асфальтталған бұл 15% құрайды. Қалған 144 шақырымда асфальтталмаған, яғни 85% жасалмаған.

       Ағымдағы жылы аудан тарапынан 76 млн тенгеге жуық қаражат қарастырылып, Көлашы ауылындағы Бәрібаев (ұзындығы 1 шақырым) және Аронов (ұзындығы 1 км) көшелеріне асфальт төсеу жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, аумақтарды дамыту бағдарлама аясында 18 млн қаражат бөлініп  Жібек жолы ауылы Төле би көшесіне (ұзындығы 618 м) асфальт төгілді. Одан бөлек, облыстық бюджеттен қаржы қарастырылып  Жібек жолы ауылындағы Жамбыл, Амангелді, Б.Майлин, Ы.Алтынсарин және Қонаев көшелеріне ағымдағы жылдың қазан айына дейін орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді. 

     Аудандық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөліміне  Жібек жолы ауылы бойынша Алатау, Жандосов, Жетісу, Кенесары, Баян жүрек, Көлащы ауылы бойынша Жамбыл, Атығай. Тұрар ауылы бойынша Ұлан көшелеріне биылғы жылға жобалау-сметалық құжаттамасын жасау үшін    сұраныс  берілді.

Қоғамдық көлік

         Округ аумағынан халықты тасымалдау бойынша № 6 автобус Алматы (Сайран автостанциясы)-Әйтей-Тұрар саяжай бағытында, №11.    Қаскелең қаласы-Көлащы ауылына, № 8 Көлащы- Жетісу- Мерей- Алтын Орда бағытына,  № 12 Алтын Орда - Көлащы ауылы бағытында қоғамдық көліктер жүреді.

           Жалпы әкім аппаратының зерделеуі бойынша тұрғындардың әлеуметтік қажеттілігіне байланысты барахолка әмбебап базарына қатынасушылардың саны өте көп. Осыған орай, аудан әкімінің қолдауымен    Көлащы- Сәлем әмбебап базары бағытына қоғамдық көлік қатынауда. Алайда, тұрғындар тарапынан Оңай автоматты төлем карточкасын алу мәселесі қарқынсыз болуда. Осы мәселе салдарынан жол ақысын төлеуде көптеген заң бұзушылықтар орын алып қоғамдық көлік жұмысына айтарлықтай зиян келтіруде.

    Сонымен қатар, аудандық   тұрғын үй-коммуналдық   шаруашылығы, жолаушылар көлігі,автомобиль жолдары  және тұрғын үй    инспекциясы    бөліміне   

  1. Қаскелең қаласы –Көлашы ауылына дейін жүретін № 11 қоғамдық көлікті және Сәлем әмбебап базары – Көлащы ауылы бағытында қатынайтын қоғамдық көлікті Тұрар ауылына дейін созып  беруді;
  2. Алматы қаласының-Қаскелең қаласы- Әйтей ауылына дейін жүретін № 202 қоғамдық көлікті Алматы –Бишкек трассасының бойындағы  Тұрар ауылының бұрылысына дейін созып беру жөнінде ұсыныстар берілді.

 

 

Документы
Новости
Полезные материалы
Медиагалерея
События
Реализуемые проекты
Услуги
Организации
Часто задаваемые вопросы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы