
Жібек жолы ауылдық округінде халыққа медициналық көмекті Жібек жолы ауылындағы Жаңашамалған алғашқы медициналық -санитарлық көмек көрсету орталығы көрсетеді, аурухана күніне 400 келушіні қабылдайды.Округте 2 ФАП, 1 медициналық пункт, 4 жеке медициналық орталық тіркелген.
Жаңашамалған алғашқы медициналық -санитарлық көмек көрсету орталығы көмек көрсетеді,оған кіретіндер:
- Стационарды алмастыратын көмек (күндізгі стационар және үйдегі стационар)
- Алғашқы медициналық -санитарлық көмек
Ауруханада 117 дәрігер жұмыс істейді,оның ішінде жоғары санатты -6, 1 санатты -4, 2 санатты -4, орталық медициналық қызметкерлер -80. Жаңашамалған алғашқы медициналық -санитарлық көмек көрсету орталығының бас дәрігері- Кушкумбаева Айнагүл Ертасқызы
Мекен-жайы:Алматы облысы,Қарасай ауданы,Жібек жолы ауылы,Дүйсеков көшесі №49