Округте 5 білім беру мекемесі орналасқан: Жамбыл атындағы орта мектебі - 1384 оқушы (орын саны - 624); Жамбыл ауылындағы №2 мектебі - 1475 оқушы (орын саны - 600); Ұлан орта мектебі - 771 оқушы (орын саны - 540); Бата орта мектебі – 487 оқушы (орын саны - 450); Қ.Қошмамбетов атындағы орта мектеп - 2299 оқушы (орын саны - 600). Ондағы білікті мұғалімдердің саны – 535, ал білім алатын оқушылар саны – 6416.
Сондай-ақ, Жамбыл ауылында 12 кабинеті замануи талапқа сай жабдықталған «Мектепаралық оқу-өндірістік комбинаты» орналасқан. Қазіргі таңда, 1894 оқушы ВС1 санатының жүргізушісі, тігінші, тракторист, механизатор мамандықтары бойынша білім алуда.
Округ бойынша 11 жекеменшік балабақша жұмыс істейді, онда 910 бала қамтылған.