
- Округ аумағында төтенше жағдайлардың алдын алу, өрттің, су тасқының және судағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету немесе жою мақсатында жұмыстар жүргізуді ұйымдастырады. - Қаланы абаттандыру, көгалдандыру және санитарлық тазарту жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады.
- Ауыз су және кәріз жүйесі, қоғамдық тасымалдау, электр жарығы, көгілдір отынмен қамтамасыз ету, жылыту маусымына дайындық және көпқабатты үйлердің жай-күйі және осы мәселелер бойынша округ тұрғындарымен жиын ұйымдастырады.
-Бюджеттік мекемелердің және тұрғындардың қысқы жылыту маусымына дайындығын ұйымдастырады.
-Округте орналасқан мекемелердің және тұрғындардың қысқы жылыту маусымының уақтылы қосылуын қадағалау және қысқы жылыту маусымына дайындық паспорттарын тексеру;
-Ұмтыл ауылдық округінің автокөлік жолдарын жөндеу және жол белгілерін орнату бойынша хат әзірлеп, жоғарғы органға ұсыныс жасайды.
-Округ көшелерінің жағдайы туралы акт жасайды.
- Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарайды.