Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің, Алматы облыстық мәслихатының және Қарасай аудандық мәслихатының депутаттарын сайлауға байланысты кандидаттардыұсынубасталды
"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 87 бабына сәйкес 2023 жылғы 19 наурызда Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі, Алматы облыстық мәслихаты және Қарасай аудандық мәслихаты депутаттарының сайлауы өтеді.
Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің, Алматы облыстық мәслихатының және Қарасай аудандық мәслихатының депутаттарының сайлауын тағайындады. Сайлауды тағайындау, сайлау округтерін құру туралы қаулылар, сайлауды әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары, аудандық аумақтық сайлау комиссиясының құрамы және сайлау учаскелерінің шекаралары аудан әкімдігінің сайтының «Сайлау» парақшасында орналастырылды.
Сайлау науқанына бір мандаттық мәжіліс – 1, облыстық – 1, бір мандаттық Қарасай аудандық – 30 округтік және 111 учаскелік сайлау комиссиялары құрылған. Сайлау комиссияларында 999 сайлау комиссияларының мүшелері жұмыс істейді. Қарасай ауданы бойынша сайлаушылар саны 197629 адамға жуық санды құрайды.
2023 жылғы қаңтар айының 19-нан бастап кандидаттарды ұсыну басталды, ұсыну құқығы саяси партияларға, қоғамдық ұйымдарға, өзін-өзі ұсыну жолымен азаматтарға тиесілі.
2023 жылдың 25 қаңтардағы жағдай бойыншаҚазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутатына 1 кандидат өзін-өзі ұсыну жолымен ұсынылды.
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарын сайлауға кандидаттарды ұсыну 2023 жылғы 08 ақпан күнгі сағат 18-00 дейін жалғасады.
Қарасай аудандық сайлау комиссиясы