
«Қарасай ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Аудандық мәдениет үйі» КМҚК №2 филиалы Шамалған ауылдық мәдениет үйі
«Аудандық мәдениет үйі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының №2 филиалы Шамалған ауылдық мәдениет үйі 2007 жылғы 03 желтоқсан №12-1948 қаулысымен бекітілген жарғысына сәйкес: мәдениет мекемелерін тиімді пайдалану және селодағы мәдени-демалыс обьектілерін дамыту мақсатында халыққа қызмет көрсетеді.
Орталықтың негізгі бағыттары:
Мемлекет басшысының Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог - Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауын жүзеге асыру бойынша, «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру», «Ұлы даланың жеті қыры» мақалаларындағы мақсат, міндеттерді және Қазақстан Республикасының Мәдени саясатының Тұжырымдамасын жүзеге асыру негізінде жоспарланған шараларды жоғарғы дәрежеде өткізу.
Террористік тұрғыдан осал объектілердің басшылары мен қызметкерлерінің террористік акт болған жағдайдағы қарсы қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты ұйымдастыру.
Мәдениет нысандарының саны мен сапасын арттыру. Ұлттық салт-дәстүрлерді, әдет-ғұрыптарды аудан тұрғындары арасында кеңінен насихаттау;
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің, облыс әкімінің әлеуметтік-мәдени жағдайды көтеру және мәдениет, өнер салаларына қолдау көрсету мақсатында қабылдаған шешімдерін, бағдарламаларын жүзеге асыру;
Әлеуметтік желілілермен тығыз жұмыс атқару. Аудандық, ауылдық байқаулар мен фестивальдердің жаңа жобаларын ұйымдастыру;
Ауыл мәдениетін көтеру, халық арасынан жас дарынды өнерпаздарды анықтап, оларға қолдау көрсету, білімді, өнегелі ұрпақ тәрбиелеу жолындағы жұмыстарды жандандыру;
Ауылдық үздік мәдениет мекемелерінің іс-тәжірибелерін зерделеу, тәжіребие алмасуды ұйымдастыру.
Шамалған ауылдық мәдениет үйі дыбыс беру аппараттарымен, жарық беру құралдарымен заманауи Led-экранмен жабдықталған.
Шамалған ауылы, Жібек жолы №45 көшесінде орналасқан. Мекеме 1986 жылы арнайы салынып, ғимарат 1987 жылы пайдалануға беріліп тоқырау жылдары жеке меншік иелегінде болып , мәдениет үйінің ғимараты 2000 жылы мемлекет меншігіне қайтарылып, 2005-2006 жылдары күрделі жөндеуден өтіп, 2007 жылдан бастап қайта пайдалануға берілді. Мәдениет үйінің жұмысы ауыл халқымен, ақсақалдар алқасы, мектеп, колледж оқушыларымен жұмысы жалғасын тапты. Мәдениет үйінің директоры Шарбану Шәриқызы Қалиева қызмет атқарады. 2019 жылы Шамалған ауылдық мәдениет үйінің жобалық-сметалық құжаттамасы жасақталып, екінші рет күрделі жөндеуден өтті.
Мекемеге қарасты жер учаскесі көлемі - 0,0700 га, ғимараттың жалпы көлемі - 2 392 шаршы метр, жылытылатын бөлігі көлемі - 2 392 шаршыны құрайды. Көрермен залы көлемі: 270 орындық, 3 қабатты ғимарат.
Жалпы бөлме саны – 50, әкімшілік, шығармашылық қызметкерлер отыратын бөлмелер - 27, дыбыс жазу студиясы - 1, қосалқы бөлмелер -15, спорт зал-1. Ғимаратта ауылдық кітапхана орналасқан. Жылу және су жүйесі орталықтандырылған. Кәсіпорынның 15 штат бірлігі қамтылып барлығы 15 адам қызмет атқарады. Оның ішінде: әкімшілік – 4, шығармашылық – 3 техникалық – 8 адам жұмыс істейді.
Мәдениет үйінде спорт үйірмелері, домбыра үйірмесі, дәстүрлі ән, айтыс үйірмесі, би үйірмелері және «Үшқоңыр Ақ әжелер» ансамблі , «Шежіре тәлім отауы» әжелер үйірмесі халықпен тығыз жұмыс жасауда.
2021 жылы ауылдың тұрғындарымен, ұстаздарымен бірлесе «Назқоңыр» көркемөнерпаздар ансамблі құрылды.
Шамалған ауылдық мәдениет үйі аудан, ауыл көлемінде жоспарға сай іс- шаралар, түрлі байқаулар ұйымдастырады.
Мәдениет үйінің марапаттары:
Шамалған ауылдық мәдениет үйі 2020 жылғы Қарасай аудандық мәдениет үйлері арасында «Үздік онлайн жұмыс-2020» кубогін иеленді.
Жемқорлыққа қарсы парасаттылық мәдениетін ілгерілету жөніндегі 2021 жылға арналған кешенді жұмыс жоспарын жүзеге асыру мақстаныда «Жемқорлық СТОП» атты байқауының аудан бойынша 1-орын иегері.
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл толу аясында ауылдық мәдениет үйлерінің жетістіктерін көрсету мақсатында ұйымдастырылған «Ауылдың гүлденуі-Қазақстанның гүлденуі» атты байқауының Алғыс хатымен марапатталды.
Сонымен қатар, түрлі үйірмеге қатысушы оқушылар Халықаралық,республикалық дәрежеде байқаулардың жеңімпаздары.

Қалиева Шарбану Шәриқызы
Білімі жоғары, 2002 жылы Қыздар педагогикалық институтытын «Музыка және ән айту» мамандығы бойынша, 2015 жылы Қазақ Қыздар Педагогикалық Университетін «Педагогика және психология» мамандығы бойнша тәмамдады.
Мектеп жасынан музыкалық мектепте қосымша домбыра аспабы бойынша тәлім алған. «Әнші балапан» , «Таңшолпан» балалар байқауына қатысып лауреат атанды. Университет қабырғасында «Ұлар» фольклорлық және «Айгул» (кіші құрамы Томирис) ансамбльдерінде өнер көрсетіп гострольдік сапарларда өнер көрсетті. Қызметтік жолын мектептерде музыка пәні мұғалімі болып бастады. Жалпы еңбек өтілі 20 жыл. Жамбыл ауданы Мыңбаев мектебі және С.Бердіқұлов мектептерінде музыка пәнінің мұғалімі. 2004-2015 жылдары аралығында Қарасай ауданы «Үшқоңыр» орта мектеп гимназиясында музыка пәні мұғалімі, 2015-2017 жылдар аралығында мектеп- гимназия тәрбие саласының педагог-ұйымдастырушысы , 2018-2019 жылдары педагог-психолог қызметтерін атқарды. 2019 жылдың қараша айынан бастап Шамалған ауылдық мәдениет үйінің директоры қызметін атқарады.
Марапаттары:
Қалиева Шарбану Шәриқызы өз ісінің маманы, әншілік өнерімен қатар шәкірт тәрбиелеуді мақсат тұтқан ұлағатты ұстаз, отбасында адал жар, отаншыл тұлға. Шамалған ауылының рухани-мәдени дамуына зор ықпал етіп, ауыл тұрғындарының, жастарының таланттарын танытып, өркендеуіне үлес қосуда. Өз ортасында беделді, адамдармен қарым-қатынаста ерекше мән беріп, жұмысына жауапкершілікпен қарап, ұжымына талап қоя білетін, білікті басшы. «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасын негізге алып Ш. Қалиеваның ұйымдастырған жоспарға сай іс-шаралары көрерменнің көңілінен шығып, аудан жұртшылығының қошеметіне бөленіп, Республикалық, аудандық баспасөз беттерінде жарияланғанын зор мақтанышпен айтуға болады.