Меню

Страницы

Статья

«Қарасай ауданы Райымбек ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде 2024 жылғы мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі есебін жария талқылау

 «Қарасай ауданының Райымбек ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде көрсетілетін мемлекеттік қызметтің 2 түрі көрсетіледі:

  1. «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру»
  2. «Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекеттік меншігінде жер учаскелеріне құқықтарды алу»;

2024 жылы «Қарасай ауданының Райымбек ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік қызметтің 2 түрі бойынша 398 өтініш қаралды. Барлық өтініштер  «Е-лицензия» электрондық  порталы арқылы түскен. Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекеттік меншігінде жер учаскелеріне құқықтарды алу бойынша 137 өтініш, жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру бойынша 261 өтініш электронды түрде көрсетілді.

Тұрғындардың алған қызметтерімен қанағаттану деңгейін арттырудың бірден бір жолы, ол халық арасында қызметтердің алу тәсілі, реті, мерзімі бойынша ақпараттық - насихаттау жұмыстарын жүргізу болып табылады.

2024 жылы «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бойынша  газетте                2 мақала жарық көрді. Тұрғындарға мемлекеттік қызметтің қолжетімділігі мен тиімділігі тұралы 400-ге жуық үн парақ таратылды.

Сонымен қатар округ тұрғындарының арасында «Е-gov» электронды Үкімет порталын насихаттауға арналған түсінік жұмыстары жүргізіліп, 200 брошюра таратылды және «Қазақстан Республикасының «Е-gov» электрондық үкімет порталы» тақырыбында 1 билборд ілінді.

Райымбек ауылдық округі әкімдігінің ғимаратында өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы құрылып, қажетті электрондық құрылғылармен жабдықталған. Аталған бұрышда әр азамат «E-gov» электронды үкімет порталы арқылы өзіне қажетті анықтамалар мен басқада қызметтерді ала алады. Аталған қызметтерді алуға көмек көрсету мақсатында жауапты маман бекітілген. 2024 жылы «E-gov» электронды порталы арқылы  1200 адам электронды қызмет алды. Қызмет алушылар үшін қолайлы жағдайлар жасалған.

  «Қарасай ауданы Райымбек ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінің тарпынан тиісті нормативтік құжаттар қабылданған, мемлекеттік қызметті көрсетуге, жинақтауға жауапты тұлғалар бекітілген.

Мемлекеттеік қызметтерді көрсету тәртібі «Қарасай ауданы Райымбек ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінің ресми сайтында, «Электронды үкімет» веб-порталында жарияланған.

Тиімділік бағасының критерилерінің бірі уақытылы сапалы қызмет көрсету болып табылады.

 

Дата публикации
30 апреля 2025
Дата обновления
30 апреля 2025
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Пайдалы ақпарат
04 марта 2026
Алтын сапа сыйлығы
Пайдалы ақпарат
17 декабря 2025
Мүгедектігі бар адамдардың сайлау құқықтарын қамтамасыз ету бойынша бейнекурс
Пайдалы ақпарат
08 декабря 2025
Қарасай ауданының аумағында қолданыстағы нормативтік құқықтық актілермен тұрғындарды таныстыру үшін құқықтық ақпаратқа («Заң» ДБ-ға қолжетімділігі бар компьютер) қол жетімділігі бар жұмыс орнымен жабдықталған «Құқық кабинеттері» жұмыс істейді.

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы