Қарасай ауданы Райымбек ауылдық округінің көшелеріне атау беру туралы
2024 жылдың наурыз айының 18 күні Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпандағы № 211 қаулымен бекітілген «Әкімшілік аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау, сондай– ақ, олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеру қағидаларының» 8– тармағының 1), 2) – тармақшаларына сәйкес Райымбек ауылдық округінде орналасқан К.Әзірбаев атындағы орта мектеп АКТ залында жиын өтті.