-Округ аумағында төтенше жағдайлардың алдын алу, өрттің, су тасқының және судағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету немесе жою мақсатында жұмыстар жүргізуді ұйымдастырады.
-Округтегі абаттандыру, көгалдандыру және санитарлық тазарту жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады.
-Ауыз су және кәріз жүйесі, қоғамдық тасымалдау, электр жарығы, көгілдір отынмен қамтамасыз ету, жылыту маусымына дайындық және көпқабатты үйлердің жай-күйі және осы мәселелер бойынша қала тұрғындарымен жиын ұйымдастырады.
-Бюджеттік мекемелердің және тұрғындардың қысқы жылыту маусымына дайындығын ұйымдастырады.
-Округте орналасқан мекемелердің және тұрғындардың қысқы жылыту маусымының уақтылы қосылуын қадағалау және қысқы жылыту маусымына дайындық паспорттарын тексеру;
-Округтің автокөлік жолдарын жөндеу және жол белгілерін орнату бойынша хат әзірлеп, жоғарғы органға ұсыныс жасайды.
-Округ көшелерінің жағдайы туралы акт жасайды.
-Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарайды.