«Қарасай ауданының кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесі, өз құзыреті шегінде мынадай атқарушылық және бақылау функцияларын орындайды:
- кәсіпкерлік қызметті дамыту үшін қолайы жағдайларды жасау;
- мемлекеттің мүдделері мен тұтынушылардың құқықтарын қорғау;
- кәсіпкерлік қызметті қорғау мен қолдауды қамтамасыз ету
- жеке кәсіпкерлікті қолдау мен дамытудың мемлекеттік саясатын жүргізу;
- шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау мен дамытудың мемлекеттік шараларының орындалуын ұйымдастыру және үйлестіру;
- жеке кәсіпкерлік субьектілерін қаржыландыру және кредит беру жөніндегі шараларды жетілдіру туралы ұсыныстар әзірлеу;
- өз құзыретi шегiнде сауда қызметi субъектiлерiнiң қызметiн реттеудi жүзеге асыруға қатысады;
- жеке кәсіпкерлік субьектілеріне әдіснамалық көмекті ұйымдастыру;
- жеке кәсіпкерлікті дамыту үшін жағдайлар жасау;
- кәсіпкерлік ортаға, инвестициялық ахуалға талдау жүргізу;
- туристік ақпаратты, оның ішінде туристік әлеует, туризм объектілері және туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалар туралы ақпарат беруге қатысады;
- әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына өз құзыреті шегінде мониторинг жүзеге асыруға қатысады, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына сауда үстемесі мөлшерінің сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыруға байланысты шараларды қамтамасыз ету
- жергiлiктi атқарушы органдардың жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң бiрлестiктерiмен, Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсiпкерлер палатасымен және нарықтық инфрақұрылым объектiлерiмен өзара қарым-қатынастарын дамыту стратегиясын айқындауға қатысады;
- Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өз құзреті шегінде өзге де құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру.
Қарасай ауданының 2021 жылғы әлуметтік-экономикалық дамуының қысқаша қортындысы бойынша,2021 жылы өнеркәсіп өнімінің көлемі 395 691,6 млн.теңгені құрады, нақты көлем индексі – 110,9%.Кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазу аудан өндірісінің жалпы көлемінде 0,4% алады, есепті кезеңде 1684,7 млн.теңгенің өнімі өндірілді, өңдеу өнеркәсібі – 88,3%, 349,2 млрд. теңгенің өнімі шығарылды.Электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауа баптау көлемі аудандағы өнеркәсіп өндірісінің жалпы көлемінің 10,7% құрады (42 413,2 млн.теңге), сумен жабдықтау; кәріз жүйесі, қалдықтардың жиналуын және таратылуын бақылау, тиісінше-0,6% (2 359,3 млн. теңге).Жыл ішінде 2 жаңа өнеркәсіп нысаны пайдалануға берілді, қосымша 130 жаңа жұмыс орны құрылды.
Аудан экономикасының басым бағыттарының бірі шағын кәсіпкерлікті дамыту болып табылады.2021 жылдың қорытындысы бойынша ауданда шағын бизнеспен 15 579 субъект жұмыс істейді, атап айтқанда шағын бизнес кәсіпорындары 2 367, жеке кәсіпкерлер 11 299 субъект, шаруа қожалықтары 1 913 субъект.ШОБ өндірілген өнім көлемі 162 396,8 млн. теңгені құрады, бюджетке 20,5 млрд. теңге салық төленді. Жұмысшылардың жалпы саны 66651 мың адамды құрады - экономикалық белсенді халықтың 24,0%.Ауданның шағын және орта бизнесі экономиканың сауда, қызмет көрсету және қоғамдық тамақтану салаларында кеңінен таралған.
Бюджет қаражатының атқарылуы туралы мәлімет
08 сентября 2026
01.07.2026 жылға «Қарасай ауданының кәсіпкерлік бөлімі» ММ-нің бюджетінің атқарылуы туралы ақпарат
Бюджет қаражатының атқарылуы туралы мәлімет
08 сентября 2026
01.06.2026 жылға «Қарасай ауданының кәсіпкерлік бөлімі» ММ-нің бюджетінің атқарылуы туралы ақпарат
Бюджет қаражатының атқарылуы туралы мәлімет
08 сентября 2026
01.05.2026 жылға «Қарасай ауданының кәсіпкерлік бөлімі» ММ-нің бюджетінің атқарылуы туралы ақпарат