2021 жылғы Қаскелең қаласындағы әлеуметтік – экономикалық даму қорытындысы

ҚР Президенті Қ. Тоқаев 2022 жылғы 7 қаңтардағы Қазақстан Халқына Үндеуінде «Қастерлі Отанымыз – Қазақстан әлем картасындағы егемен ел ретінде қуатты мемлекетке айналады, экономикамыз анағұрлым қарқынды дамиды, азаматтарымыздың әлеуметтік жағдайы жақсара түседі. Мен мұны зор сеніммен айтып тұрмын. Өйткені, оған қол жеткізу үшін қажетті реформалар мен нақты іс-шаралар жоспарын ұсынатын боламын»-деді.

Өткен 2021 жылы қаламыздың экономикалық-әлеуметтік дамуы өз деңгейінде болды. _

65 мың 232 халық санын құрайтын Қаскелең қаласына, Көктөбе ауылы мен 41 саяжай қарайды.

Экономиканың ең маңызды саласы - инвестициялық саясат болып табылады. 2021 жылы негізгі капиталға тартылған инвестиция көлемі - 68 млрд.572 млн. 48 мың тенге болып отыр. Пайдалануға берілген тұрғын үйлер мен нысандардың жалпы алаңы бойынша  орындалғаны 69 мың 465 шаршы метрді құрады.

Қаскелең қаласында 1-ірі, 4750 – шағын және орта кәсіпкерлік нысандар, және 3135 – жеке кәсіпкерлер тіркеліп жұмыс атқаруда.

«Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы» негізінде 3 қала тұрғыны, өз кәсібін жүргізуге және дамытуға, яғни, мал шаруашылығын дамыту үшін ең төмен пайызбен 14 млн. теңге несие алды.

Ал 2022 жылға «Жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың» жаңа бағдарламасы әзірленуде.  2021 жылы – грант сомасы 500 000 теңгені құраса, 2022 жылы 612 000 теңгені құрайды. Мал, ауыл шаруашылықтарын дамытуға несиелер алуға болады.

 «Жеке ісін ұйымдастыру немесе кеңейту арқылы кәсіпкерлікті ынталандыруды және экономикалық белсенділікті арттыру» бағыты бойынша Қаскелең қаласынан 7 адамға 103 млн. 360 мың теңге кәсіпкерліктерін жүргізуге, атап айтсақ, 4 адамға мал шаруашылығын  жүргізу үшін 16 млн. теңге, 2 адамға тігін цехын ашуға 10 млн. теңге, 1 адамға дүкеніне құрал- жабдықтар алу үшін 6 млн. теңге несие берілді, жаңа бизнес –идеяларды іске асыру мақсатында 50 адамға 29 млн. 170 мың теңге мемлекеттік гранттар берілді.

«Өз бетінше жұмыспен айналысушыларды, жұмыссыздарды және табысы аз адамдарды оқыту және олардың жұмысқа орналасуына жәрдемдесу» бағыты бойынша әлеуметтік жұмыс орындарына - 24 адам жұмысқа орналастырылды, кәсіптік қайта даярлау курсына -64 адам қатысты, жастар тәжірибесінен -50 адам өтті, қоғамдық жұмыстарға -99 адам тартылды Жалпы 2021 жылы  тұрақты жұмыспен қамтылғандар саны – 600 адам.

Қаскелең қаласы бойынша атаулы әлеуметтік көмекті 328 отбасы алды, 81 – мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында тәрбиеленген балаларға 9 млн. 660 мың 010 теңге қаражат төленді, яғни 1 балаға 5 мрп, 1 мрп-2917 тенге.

 Жыл бойы мемлекеттік әлеуметтік көмек алатын (ГСП)- 498 отбасына азық-түлік қоржыны берілді, 100 отбасына мандарин және балаларына жаңа жылдық тәттілер таратылды.

 

Үй құрылысы және мемлекеттік бағдарламалар:

  1. «7-20-25» мемлекеттік бағдарламасымен өз төлем қабілеттілігін дәлелдеген 13 үміткерге мемлекет тарапынан  17,0 млн.теңге әлеуметтік көмектөленді. Оның ішінде:Медицина қызметкерлері  - 4;Мұғалімдер - 8;Мемлекеттік қызметкер      - 5.
  2. «Шаңырақ» бағдарламасы бойынша102 отбасына жолдама беріліп, оның ішінде өз төлем қабілеттілігін дәлелдеген40 үміткерге мемлекет тарапынан 41,3 млн.  теңге әлеуметтік көмек төленді. Оның ішінде:Медицина қызметкерлері – 8,Мұғалімдер- 17, Мемлекеттік қызметкерлер  - 5,Толық емес отбасылар – 6, Көп балалаы отбасылар          -4.
  3. 3. «Бақытты отбасы» мемлекеттік бағдарламасымен  85 отбасына жолдама берілді,  оның ішінде 46 үміткерге мемлекет тарапынан                   41,0 млн. теңге әлеуметтік көмек төленді. Оның ішінде:

Көпбалалы отбасылар  - 23, Толық емес отбасылар – 8, Мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеушi отбасылары - 15. 

Қаскелең қаласы бойынша электр қуаты тұтынушы  абоненттер саны 13 мың 732, оның ішінде жеке тұлға -12 мың 525, заңды тұлға-1207. Қосалқы станциялар саны - 639.

2022 жылы Қаскелең қаласындағы Саржайлау, Тлендиев, Тлендиев бұрылысы, 22 квартал көшелеріне түнгі жарық бағаналары жаңадан орнатылды. Осындай жарық бағаналары ҚР Тәуелсіздігіне 10 жыл, Райымбек, Төле би көшесіндегі 3 көпқабатты үйлердің алаңдарына да орнатылды.  

Қала жолдарына келсек, 2021 жылы орташа жөндеу жұмысы Сарыарқа көшесіне 24 млн. 105 мың 760, Қонаев көшесіне 97 млн. 451 мың 715, Көшек батыр көшесіне 89 млн. 676 мың 827, Байжарасов көшесіне 61 млн. 504 мың 006 теңге жұмсалды.

Көшелерді күтіп ұстауға, атап айтсақ Жанғозин көшесіне 8 млн. теңге, Сарқырама – 8 млн., Сәукеле – 5 млн. теңге жұмсалды.

Қала әкімінің жеке қабылдауына келіп, жаңа құрылыс түскен жеке-меншік үйлердің түрғындарының өтініш қанағаттандыру мақсатында, 10 көшеге құм-қиыршық тас (ПГС) төселді, 2022 жылы осындай құм-қиыршық тас 7 көшеге төселеді. .

2022 жылы күрделі жөндеу жұмысы 150 млн теңгеге Қарлығаш шағын ауданына кіре беріс жолына (ұзындығы 2 км), 50 млн.теңгеге РЭС-қа кіре беріс жолына (ұзындығы 1,4 км),  ағымдағы жөндеу жұмысы 36 млн. 326 мың теңгеге Сәукеле көшесіне (ұзындығы 1,36 км МТФ), 93 млн. 856 мыңға Саркырама көшесіне (ұзындығы 2,2 км), 70 млн. теңгеге Жанғозин көшесіне (ұзындығы 3,1 км) жасалады. Жобалау-сметалық құжаттамасы жасалған.    

2021 жылы Қаскелең қаласы Төле би көшесінде 409 пәтерлі 10- көпқабатты тұрғын үйге 5 бөлшек – модульдік қазандық салуға қаражат бөлініп, мердігер «Азия Энерго Проект Монтаж» ЖШС тарапынан құрылыс жұмыстарын жүргізді. Алайда қазандықтар әлі іске қосылмай тұр.  

Көшек батыр, Наурызбай батыр, Төле би көшесіндегі көп пәтерлі үйдің алаңы абаттандырылып, 5- «Воркаут» заманауи тұрғыдағы 1- балалар алаңы жасалып, ойын құрылғылары қойылды.   

Туған –тумасыз жалғыз бастыларды жерлеуді ұйымдастыру және жерлеу орындарын күтіп ұстау бағыты бойынша, 2022 жылы Қаскелең қаласындағы 6 жерлеу орындарын күтіп ұстауға  қаражат бөлініп отыр.

Қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулауды және жоюды «Ветеринария туралы» 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 4-тармағына сәйкес, Қарасай ауданы бойынша қаңғыбас иттерді ұстап, жою «Алматы облысының ветеринария басқармасы мемлекеттік мекемнің «Ветеринариялық пунктері бар Қарасай ауданының ветеринариялық станциясы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын құзіретінде.

Қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау аумақтарда тұратын тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделері, адамгершілік қағидаттар (атуға, улауға болмайтыны ескеріліп) сақтала отырып, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес, 2021 жылы 1 млн. 100 мың теңге қаражат бөлініп, қала тұрғындарының өтініштері бойынша 222 ит ұсталып, жойылды.

Қаңғыбас иттерге арналған уақытша ұсталатын оқшаулағыш құрылысын салу үшін Әйтей ауылында, 144 квартал №5 мекен жайында көлемі 0,3000 га жер теліміне Қарасай ауданы, Қаскелең қаласы әкімдігі мемлекеттік мекемесіне тұрақты пайдалану құқығы берілді.

Білім саласы бойынша Қаскелең қаласында 8 жалпы орта білім беретін   мектеп,  1- жеке-меншік мектеп, 1- облыстық зерде бұзылыстары бар балаларға арналған арнайы мектеп-интернаты бар. Қазіргі жағдайға орай мектептер жартылай офлайн, жартылай қашықтықтан оқыту ұйымдастырылған.

2021 жылы Белинский атындағы орта мектепке күрделі жөндеу жұмыстары «Авторемстрой ЛТД» ЖШС-н жүргізілуде. Орындалу мерзімі 2022 жылдың сәуір айы. Нысан дайындығы 80%. Сонымен қатар Қаскелең қаласында Қарлығашта 1500 орындық орта мектеп құрылысын жүргізуге 2021 жылдың 12 наурыз айында «BiGlobal» ЖШС-мен келісім шарт тұжырымдалды. Орындалу мерзімі 2023 жылдың наурыз айы. Нысан дайындығы - 16 %.

Қалада мемлекеттік тапсырыс алған мектепке дейнгі білім беру ұйымдары (балабақшалар ме шағын орталық) -36, оның ішінде 5-і мемлекеттік, 31-жекеменшік балабақша. жұмыс істейді.

Сонымен қатар, 7000 студент білім алып жатқан Сулейман Демирель университеті  және 5 колледж бар, ондағы білім алушылар саны – 2656.

Әлеуметтік саланың бір бағыты ол халықтың денсаулығын қорғау. 2021 жылы Қаскелең қаласына жаңадан күніне 1000 келуші қабылдауға арналған емхана, 250 төсек қорымен стационар салу үшін облыстық масилахатқа берілген ұсыныс қанағаттандырылып, бүгінгі таңда жобалық сметалық құжаттар дайындалуда.Сонымен қатар, Қаскелең қаласы, Гоголь көшесі №1 мекен-жайда орналасқан жұқпалы бөлімі ғимаратын қайта күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін жобалық сметалық құжаттар әзірленді.. 2022 жылы 1935 жылы салынған ғимаратты бұзып, қайта құрылымдаумен (пристройка) күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіледі деп күтілуде.

Covid -2019 індетінің тарауына және еліміздегі эпидемиологиялық жағдайдың тұрақсыздығына байланысты дайындық, алдын алу, емдеу жұмыстары күшейтілді.

2020 – 2021 жылдары стационарларда ем алған пациенттер саны төмендегі кестедегідей:

№

Регион

Инфекциялық стационар

Провизорлық стационар

2020 жыл

2021жыл

2020 жыл

2021 жыл

1

Қарасай ауданы

258

1069

1294

4061

 

2

Оның ішінде: Қаскелең қаласы

58

185

378

496

 

2021 жылдың қортындысы бойынша Қаскелең қаласы бойынша 2682 бала дүниеге келген, 405 адам қайтыс болды. Табиғи өсім 2277 адамды,  48,2 промильді  құрайды.

Коронавирусқа қарсы «Pfizer» вакцинасы салдыру жұмыстары жүргізілді. Вакцинаның бұл түрін 12 жастағы және одан үлкен жасөспірімдер, жүкті әйелдер (жүктіліктің 16 аптасынан бастап 37 аптасына дейін), лактация кезеңіндегі әйелдер босанғаннан кейінгі кезең аяқталған 42 күннен кейін) салдыра алады. Бүгінгі күні Қаскелең қаласы бойынша 18 мың 685 адам екпе алды.

Мәдениет саласы бойынша Қаскелең қаласында мәдениет, мұрағат мекемелерінің желісі 19 нысанды құрайды. Оның ішінде 1-мәдениет үйі, 1-кітапхана, 6- ескерткіш, 1- жасөспірімдер спорт мектебі, 2- спорт кешені және 7 спорт алаңы, 1- бассейн бар.

Қаскелең қаласындағы дене шынықтыру және сауықтыру кешенінде және жасөспірімдер спорт мектебінде  жастар мен  жасөспірімдердің салауатты өмір салтын ұстануы үшін, қазақ күресі, бокс, дзюдо, грек-рим күресі, еркін күрес, волейбол, самбо, таэквондо, баскетбол, футбол, гандбол, армрестлинг, үстел теннисі, тоғызқұмалақ, жеңіл атлетика, каратэ спорт түрлерінен тегін үйірмелер жүріп жатыр. аталған үйірмелерге аудан бойынша 2326 бала қатысып жүр.  Тегін үйірмелерге балаларыңызды қатыстырамыз десеңіздер, сауықтыру-кешенінің есігі Сіздер үшін ашық.

Ономастика жұмысы бойынша, 2021 жылы сәуір айының 12 күні Қаскелең қаласы тұрғындары жиналысының № 1 хаттамасында қабылданған шешімге сәйкес, облыстық ономастика комиссиясы отырысының қарауына «Қаскелең қаласына жаңа түскен көшелерге атау беру және қайта атау туралы» 104 көшге  ұсыныс енгізілді. Алматы облысы ономастика комиссиясының оң қорытындысы берілген жағдайда, «Қаскелең қаласына жаңа түскен көшелерге атау беру және қайта атау туралы» бірлескен Қарасай ауданы әкімдігінің қаулысы және мәслихат шешімінің жобасы, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің бекітуіне ұсынылады. Бекітілгеннен кейін Қарасай аудандық мәслихатының сессиясында қаралады.

 

  Жастармен жұмыс. Қаскелең қаласы бойынша 2021 жылға 18-29 жас аралығындағы жастар саны- 8 мың 683. Жұмыссыз жастар саны-31.

 

 

2021 жылғы Қаскелең қаласындағы әлеуметтік – экономикалық даму қорытындысы
Дата публикации
25 августа 2022