
-Қала бойынша кіші және орта бизнесті дамыту жөніндегі іс-шараларды ұйымдастырады;
-Қала бойынша кәсіпорындармен жиналыстар дайындап, ұйымдастырады;
-Кәсіпкерлік қызметпен айналысушыларға заңдық және құжаттамалық көмек көрсетеді.
- Қала бойынша инвестиция және іске қосылған коммерциялық, тұрғын үй объектілердің жұмысын жүргізіп, ақпарат жинақтайды.
- Заңсыз, рұқсат етілмеген орындардағы сауда нүктелерін анықтап, кәсіпкерлікке қатысты жұмыстарды ұйымдастырады.
-Қалада орналасқан дүкендердегі азық - түліктің бағасының тұрақты болуына қатысты жеке кәсіпкелермен дөнгелек үстел ұйымдастырады.
- Заңсыз коммерциялық құрылыс нысандарының салынуына жол бермеу үшін тиісті мекемелерге хат әзірлеп, жолдайды.
- Жаңадан салынатын құрылыс нысандарына мониторинг жүргізеді.
Алдынға жылда
«Жеке ісін ұйымдастыру немесе кеңейту арқылы кәсіпкерлікті ынталандыруды және экономикалық белсенділікті арттыру» бағыты бойынша Қаскелең қаласынан 7 адамға 103 млн. 360 мың теңге кәсіпкерліктерін жүргізуге, атап айтсақ, 4 адамға мал шаруашылығын жүргізу үшін 16 млн. теңге, 2 адамға тігін цехын ашуға 10 млн. теңге, 1 адамға дүкеніне құрал- жабдықтар алу үшін 6 млн. теңге несие берілді, жаңа бизнес –идеяларды іске асыру мақсатында 50 адамға 29 млн. 170 мың теңге мемлекеттік гранттар берілді.