
- Қала аумағында төтенше жағдайлардың алдын алу, өрттің, су тасқының және судағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету немесе жою мақсатында жұмыстар жүргізуді ұйымдастырады. - Қаланы абаттандыру, көгалдандыру және санитарлық тазарту жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады.
- Ауыз су және кәріз жүйесі, қоғамдық тасымалдау, электр жарығы, көгілдір отынмен қамтамасыз ету, жылыту маусымына дайындық және көпқабатты үйлердің жай-күйі және осы мәселелер бойынша қала тұрғындарымен жиын ұйымдастырады.
-Бюджеттік мекемелердің және тұрғындардың қысқы жылыту маусымына дайындығын ұйымдастырады.
-Қалада орналасқан мекемелердің және тұрғындардың қысқы жылыту маусымының уақтылы қосылуын қадағалау және қысқы жылыту маусымына дайындық паспорттарын тексеру;
-Қаскелең қаласының автокөлік жолдарын жөндеу және жол белгілерін орнату бойынша хат әзірлеп, жоғарғы органға ұсыныс жасайды.
-Қала көшелерінің жағдайы туралы акт жасайды.
- Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарайды.
Алдынғы жылы
1. «7-20-25» мемлекеттік бағдарламасымен өз төлем қабілеттілігін дәлелдеген 13 үміткерге мемлекет тарапынан 17,0 млн.теңге әлеуметтік көмек төленді. Оның ішінде:Медицина қызметкерлері - 4;Мұғалімдер - 8;Мемлекеттік қызметкер - 5.
2. «Шаңырақ» бағдарламасы бойынша 102 отбасына жолдама беріліп, оның ішінде өз төлем қабілеттілігін дәлелдеген 40 үміткерге мемлекет тарапынан 41,3 млн. теңге әлеуметтік көмек төленді. Оның ішінде:Медицина қызметкерлері – 8,Мұғалімдер- 17, Мемлекеттік қызметкерлер - 5,Толық емес отбасылар – 6, Көп балалаы отбасылар -4.
3. «Бақытты отбасы» мемлекеттік бағдарламасымен 85 отбасына жолдама берілді, оның ішінде 46 үміткерге мемлекет тарапынан 41,0 млн. теңге әлеуметтік көмек төленді. Оның ішінде:
Көпбалалы отбасылар - 23, Толық емес отбасылар – 8, Мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеушi отбасылары - 15.
Қаскелең қаласы бойынша электр қуаты тұтынушы абоненттер саны 13 мың 732, оның ішінде жеке тұлға -12 мың 525, заңды тұлға-1207. Қосалқы станциялар саны - 639.
2022 жылы Қаскелең қаласындағы Саржайлау, Тлендиев, Тлендиев бұрылысы, 22 квартал көшелеріне түнгі жарық бағаналары жаңадан орнатылды. Осындай жарық бағаналары ҚР Тәуелсіздігіне 10 жыл, Райымбек, Төле би көшесіндегі 3 көпқабатты үйлердің алаңдарына да орнатылды.
Қала жолдарына келсек, 2021 жылы орташа жөндеу жұмысы Сарыарқа көшесіне 24 млн. 105 мың 760, Қонаев көшесіне 97 млн. 451 мың 715, Көшек батыр көшесіне 89 млн. 676 мың 827, Байжарасов көшесіне 61 млн. 504 мың 006 теңге жұмсалды.
Көшелерді күтіп ұстауға, атап айтсақ Жанғозин көшесіне 8 млн. теңге, Сарқырама – 8 млн., Сәукеле – 5 млн. теңге жұмсалды.
Қала әкімінің жеке қабылдауына келіп, жаңа құрылыс түскен жеке-меншік үйлердің түрғындарының өтініш қанағаттандыру мақсатында, 10 көшеге құм-қиыршық тас (ПГС) төселді, 2022 жылы осындай құм-қиыршық тас 7 көшеге төселеді. .
2022 жылы күрделі жөндеу жұмысы 150 млн теңгеге Қарлығаш шағын ауданына кіре беріс жолына (ұзындығы 2 км), 50 млн.теңгеге РЭС-қа кіре беріс жолына (ұзындығы 1,4 км), ағымдағы жөндеу жұмысы 36 млн. 326 мың теңгеге Сәукеле көшесіне (ұзындығы 1,36 км МТФ), 93 млн. 856 мыңға Саркырама көшесіне (ұзындығы 2,2 км), 70 млн. теңгеге Жанғозин көшесіне (ұзындығы 3,1 км) жасалады. Жобалау-сметалық құжаттамасы жасалған.
2021 жылы Қаскелең қаласы Төле би көшесінде 409 пәтерлі 10- көпқабатты тұрғын үйге 5 бөлшек – модульдік қазандық салуға қаражат бөлініп, мердігер «Азия Энерго Проект Монтаж» ЖШС тарапынан құрылыс жұмыстарын жүргізді. Алайда қазандықтар әлі іске қосылмай тұр.
Көшек батыр, Наурызбай батыр, Төле би көшесіндегі көп пәтерлі үйдің алаңы абаттандырылып, 5- «Воркаут» заманауи тұрғыдағы 1- балалар алаңы жасалып, ойын құрылғылары қойылды.