ХАБАРЛАНДЫРУ
КӨШЕЛЕРГЕ АТАУ БЕРУ ТУРАЛЫ
«Әкімшілік-аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2023 жылғы 1 тамыздағы № 211 бұйрығына сәйкес 2025 жылғы 18 шілде, сағат 11.00-де Қарасай ауданы, Іргелі ауылдық округі, Іргелі ауылының Мәдениет үйінде жиын өтіп, төмендегідей қаулы қабылданғанын хабарлайды:
Іргелі ауылдық округіндегі Кемертоған ауылы, солтүстік бөлігі көшелеріне:
бірінші көше – Байтақ,
екінші көше – Ордабасы,
үшінші көше – Оқжетпес,
төртінші көше – Медеу,
бесінші көше – Таукент,
алтыншы көше – Жұмбақтас,
жетінші көше – Ақкия,
атауын беру туралы мәселе қаралғандығын хабарлаймыз.
Жиынның қорытындысы бойынша аталған мәселені облыстық ономастика комиссиясының қарауына ұсыну туралы шешім қабылданды.
Іргелі ауылдық округінің ауылдық округінің әкімдігі.