ХАБАРЛАНДЫРУ

«Әкімшілік-аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2023 жылғы 1 тамыздағы № 211 бұйрығына сәйкес 2025 жылғы 20 маусым, сағат 10.00-де Қарасай ауданы, Іргелі ауылдық округі, Көксай ауылы, Наурызбай батыр көшесі, №108 мекенжайда орналасқан М.Мәметова атындағы орта мектебінің мәжіліс залында және  2025 жылғы 20 маусым, сағат 12.00-де Қарасай ауданы, Іргелі ауылдық округі, Кемертоған ауылы, Жібек жолы көшесі, №52 мекенжайда орналасқан Кемертоған орта мектебінің мәжіліс залында «Іргелі ауылдық округінің Көксай және Кемертоған ауылдарында орналасқан құрамдас бөліктеріне атау беру туралы» қоғамдастық жиналысы өтіп, төмендегідей қаулы қабылданғанын хабарлайды:

Көксай ауылының атауы қайталанатын көшелеріне келесі атау берілсін:

  1. Атауы қайталанатын Береке көшесіне «Садықхан Дүйсенбаев» атауы берілсін;
  2. Атауы қайталанатын Арай көшесіне «Әлім Тутадзе» атауы берілсін;
  3. Атауы қайталанатын Ақсай көшесіне «Білял Жақұбаев» атауы берілсін;
  4. Атауы қайталанатын Тәуелсіздік көшесіне «Сәрсенбай Керімтаев» атауы берілсін;

Кемертоған ауылының атауы жоқ көшесіне келесі атау берілсін:

  1. Кемертоған ауылы, атауы жоқ көшеге «Дәулетқұл Әбдиев» атауы берілсін;

 

Жиынның қорытындысы бойынша аталған мәселені облыстық ономастика комиссиясының қарауына ұсыну туралы шешім қабылданды.

 

Іргелі ауылдық округінің әкімдігі

ХАБАРЛАНДЫРУ
Дата публикации
27 июня 2025