ХАБАРЛАНДЫРУ КӨШЕЛЕРГЕ АТАУ БЕРУ ТУРАЛЫ

«Әкімшілік-аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2023 жылғы 1 тамыздағы № 211 бұйрығына сәйкес 2025 жылғы 18 шілдеде, сағат 11.00-де Қарасай ауданы, Іргелі ауылдық округі, Іргелі ауылының Мәдениет үйінде жиын өтеді.

Жиналысқа жергілікті қоғамдастық мүшелері мен аталған көшелердің тұрғындары шақырылады.

Күн тәртібінде:

Іргелі ауылдық округіндегі Кемертоған ауылы, солтүстік бөлігі көшелеріне:

бірінші көше – Байтақ,

екінші көше – Ордабасы,

үшінші көше – Оқжетпес,

төртінші көше – Медеу,

бесінші көше – Таукент,

алтыншы көше – Жұмбақтас,

жетінші көше – Ақкия,                                   

атауын беру туралы мәселе қаралатынын хабарлаймыз.

 

Іргелі ауылдық округінің ауылдық округінің әкімдігі

 

ХАБАРЛАНДЫРУ КӨШЕЛЕРГЕ АТАУ БЕРУ ТУРАЛЫ
Дата публикации
20 июня 2025