«Әкімшілік-аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2023 жылғы 1 тамыздағы № 211 бұйрығына сәйкес 2025 жылғы 18 шілдеде, сағат 10.00-де Қарасай ауданы, Іргелі ауылдық округі, Іргелі ауылының Мәдениет үйінде жиын өтеді.
Жиналысқа жергілікті қоғамдастық мүшелері мен аталған көшелердің тұрғындары шақырылады.
Күн тәртібінде:
Іргелі ауылдық округіндегі Көксай ауылы, 11 квартал, шығыс бөлігі көшелеріне:
бірінші көше – Сарыарқа,
екінші көше – Жерұйық,
үшінші көше – Отырар,
төртінші көше – Құлан,
Іргелі ауылдық округіндегі Көксай ауылы, Оңтүстік бөлігі көшелеріне:
бірінші көше – Шалқар,
екінші көше – Ақдала,
үшінші көше – Ақотау,
төртінші көше – Асқартау,
Іргелі ауылдық округіндегі, Көксай ауылы, Солтүстік бөлігі көшелеріне:
бірінші көше – Ақкент,
екінші көше – Ақсу,
үшінші көше – Арасан,
атауын беру туралы мәселе қаралатынын хабарлаймыз.
Іргелі ауылдық округінің ауылдық округінің әкімдігі