Хабарландыру
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2023 жылғы 1 тамыздағы №211 бұйрығымен бекітілген «Әкімшілік-аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеру қағидаларының» 1-2-тармақтарына сәйкес, 2026 жылғы 15 қазан күні сағат 11:30-да Іргелі ауылдық округі, Іргелі ауылы, Іргелі ауылының мәдениет үйі мәжіліс залында жергілікті қоғамдастық мүшелері мен ауыл тұрғындарының жиналысы өткізіледі.
КҮН ТӘРТІБІ:
Іргелі ауылдық округіне қарасты Көксай және Кемертоған ауылдарындағы атауы жоқ көшелерге атау беру мәселесі қаралады.
Кемертоған ауылы бойынша:
Ақжайлау, Аққайың, Ақтүбек, Алдаспан, Байшұбар, Баянтау, Жерұйық, Киікті, Құлаша, Найзалы, Нұрлы, Ордалы, Самұрық, Серпін, Үшқара, Хантау, Шалқар, Ықылас, Ағанас, Аралтөбе, Байдалы, Белқұдық, Берел, Бозарал, Бұланты, Бұғылы, Ботай, Жидебай, Жартау, Көктал, Қаратал, Қарғалы, Құлан, Нұра, Орбұлақ, Сарайшық, Тарбағатай, Тұран, Тобыл, Үстірт, Қаратау, Ақсу-Жабағылы, Жайық көшелері.
Көксай ауылы бойынша:
Ақсарай, Ақтоған, Арна, Қағанат, Назқоңыр, Несібелі, Тайбурыл, Ақыртас, Байғара, Бұқтырма, Жасыбай, Есік, Қарағайлы, Қаршығалы, Қарқаралы, Ойқарағай, Ойыл, Сығанақ көшелері.
Аталған көше атауларын беру туралы ұсыныстар талқыланып, жергілікті қоғамдастықтың пікірлері ескеріліп, тиісті қарау үшін Қарасай аудандық мәслихатына және Алматы облысының ономастикалық комиссиясына ұсынылады.
Жергілікті қоғамдастық мүшелері мен ауыл тұрғындарын жиналысқа қатысуға шақырамыз.
«Қарасай ауданының Іргелі ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі