Кенжебай Аркен Уланулы – 1983 жылы Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Ұзынағаш ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары. 2006 жылы Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Тарих құқық және экономика негіздері» мамандығы бойынша білім алып, 2011 жылы Қазақ қатынас жолдары университетін аяқтап Экономика ғылымдарының магистрі дәрежесін алды.
Еңбек жолын 2021-2022 жылдар аралығында Қарасай ауданынының Іргелі ауылдық округі әкімі аппаратының жетекші маманы болып бастаған. 2022 жылдың қараша айына дейін Қарасай ауданынының Іргелі ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы. 2022-2023 жылдары Қапшағай қаласының білім бөлімінің бас маманы, Қонаев қ. 2023 жылдың мамыр айынан 2024 жылдың наурыз айына дейін - Қарасай ауданының Іргелі ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы болып қызмет атқарды.