ШЕШІМ ЖОБАСЫ
«Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес, Елтай ауылдық округінің Көкөзек ауылы халқының пікірін ескере отырып және Алматы облысының ономастикалық комиссиясының 2022 жылғы 24 қарашасындағы қорытындысы негізінде, ШЕШТІМ:
- Көкөзек ауылында жаңа түскен көшелеріне келесі атаулар берілсін:
- Көкөзек ауылының солтүстік батысында орналасқан: бірінші көшеге - «Ақжар»; екінші көшеге - «Ақжүніс»; үшінші көшеге -«Ақмоншақ»; төртінші көшеге - «Ақсарай»; бесінші көшеге - «Ақсу»; алтыншы көшеге - «Жоламан»; жетінші көшеге - «Майбұлақ»; сегізінші көшеге - «Алматы»; тоғызыншы көшеге - «Құмбел»; оныншы көшеге - «Көкбастау»; он бірінші көшеге - «Сауран»; он екінші көшеге - «Алаш»; он үшінші көшеге - «Алтай»; он төртінші көшеге - «Толағай», он бесінші көшеге - «Ақмешіт»; он алтыншы көшеге - «Тасбөгет»; он жетінші көшеге - «Нұрлы»; он сегізінші көшеге - «Қызғалдақ».
Көкөзек ауылының оңтүстік шығыс бөлігінде орналасқан: бірінші көшеге - «Несібелі»; екінші көшеге - «Медеу»; үшінші көшеге - «Отырар»; төртінші көшеге - «Талас»; бесінші көшеге - «Самал»; алтыншы көшеге - «Тобыл»; жетінші көшеге - «Арасан»; сегізінші көшеге - «Белкөл».
- Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
- Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі