- Халықтың әлеуметтік осал топтары үшін қайырымдылық шараларын ұйымдастырады.
- Қоғамдық жұмыстарға, мәжбүрлі еңбекке және жастар тәжірибесіне тарту үшін жұмысқа келген азаматтардың құжаттарын дайындап, облыстық жұмыспен қамту орталығына тапсырады.
-Қала тұрғындарына әлеуметтік көмек көрсету және атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау бойынша нормативтік құқықтық актілер негізінде жұмыстарды ұйымдастырады және жүзеге асыруды қамтамасыз етеді.
- Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау жөніндегі комиссияның жұмысын ұйымдастырады және жүргізеді.
– Атаулы әлеуметтік көмек алуға тілек білдірген азаматтардың өтініші бойынша олардың тұрмыстық жағдайларына акт жасалып, құжаттармен толықтырылып, комиссияда қаралып, аудандық жұмыспен қамту бөліміне беріледі.
- «Е-халық» ақпараттық жүйесінің жұмысын жүргізеді.
-Ұлы Отан соғысы, Ауған соғысы, тыл және еңбек ардагерлерімен, Чернобыль апаты ардагерлерімен ардагерлер мәселесі бойынша жұмыс жүргізеді.
- Гендерлік саясат және демография мәселелерімен айналысады;
- Денсаулық сақтау мекемелерімен байланыс.