- Халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз топтарына қайырымдылық акцияларын ұйымдастырады.
- Қоғамдық жұмысқа, мәжбүрлі еңбекке тарту және жастар тәжірибесі бойынша жұмысқа келген азаматтардың құжаттарын әзірлеп, аудандық жұмыспен қамту орталығына тапсырады.
-Қала тұрғындарына әлеуметтік көмектер көрсетумен және атаулы әлеуметтік көмек тағайындау үшін нормативтік-құқықтық актілер негізінде жұмыстарды ұйымдастырып, орындалуын қамтамасыз етеді.
-Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау комиссиясының жұмысын ұйымдастырып, жүргізеді.
-Атаулы әлеуметтік көмек алуға тілек білдіруші азаматтардың арыздары бойынша олардың тұрмыс жағдайына акт жасап құжаттарын жинақтап, комиссиясында қарап, аудандық жұмыспен қамту бөліміне тапсырады.
-Е-халық» ақпараттық жүйесінің жұмыстарын жүргізеді
-Ардагерлер мәселелері бойынша ҰОС, ауған соғысы, тыл және еңбек ардагерлері, Чернобыль қатысушылармен жұмыс жүргізеді.
- Гендерлік саясат және демография мәселесімен айналысады;
- Денсаулық сақтау мекемелерімен байланыста болады.