Меню

Страницы

Статья

Жоғарғы Сот мектептерде орамал тағуға тыйым салуды жойған жоқ

Жоғарғы Сот мектептерде орамал тағуға тыйым салуды жойған жоқ

◾️ Бұқаралық ақпарат құралдарының жарияланымдарында және әлеуметтік желілерде Жоғарғы Сот мектептерде орамал тағуды заңды деп тапты деген жалған ақпарат таралуда.

◾️ Істі қарау аясында Жоғарғы Соттың әкімшілік істер жөніндегі сот алқасы білім беру мекемесінде орамал тағудың заңдылығы жөніндегі мәселені талқылауға араласпаған.

◾️ Кассациялық саты мектептің оқушыны сабаққа жібермеуін заңсыз деп таныды, өйткені білім алу құқығы Қазақстан Республикасы азаматтарының негізгі конституциялық құқықтарының бірі болып табылады.

◾️ Сонымен қатар, бейінді Министрлікте орта білім беру ұйымдары үшін міндетті мектеп формасына қойылатын талаптарды бекіту жөніндегі өкілеттіктер бар. Министрдің тиісті бұйрығы заңсыз деп танылмаған және күші жойылмаған.

◾️ Сондай-ақ, ата-аналар мектеп жарғысы мен мектеп формасына қойылатын талаптарды сақтау міндетіне жауапты екенін атап өтеміз.

◾️ Бұл ретте ата-аналардың балаларды тәрбиелеу мен білім беру, олардың құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі өздеріне алған және заңда белгіленген, оның ішінде Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексте көзделген міндеттерді орындамауы жауаптылыққа әкеп соғады.

https://t.me/Jogargy_sot
Дата публикации
26 сентября 2024
Дата обновления
26 сентября 2024
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

Пайдалы ақпарат
04 марта 2026
Алтын сапа сыйлығы
Пайдалы ақпарат
17 декабря 2025
Мүгедектігі бар адамдардың сайлау құқықтарын қамтамасыз ету бойынша бейнекурс
Пайдалы ақпарат
08 декабря 2025
Қарасай ауданының аумағында қолданыстағы нормативтік құқықтық актілермен тұрғындарды таныстыру үшін құқықтық ақпаратқа («Заң» ДБ-ға қолжетімділігі бар компьютер) қол жетімділігі бар жұмыс орнымен жабдықталған «Құқық кабинеттері» жұмыс істейді.

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы