
Үкімет отырысында премьер-министр Олжас Бектенов туризм және спорт министрлігіне балалардың тарихи-мәдени мұра объектілеріне, белгілі туристік аймақтарға баруы үшін әкімдіктердің өңіраралық өзара іс-қимылын үйлестіруді тапсырды.

— Батыс өңіріндегі балаларға еліміздің шығыс аймақтарын көріп-білу қызықты болмақ. Ал оңтүстік облыстардағы оқушылардың солтүстік аймақтарға және керісінше саяхаттап баруын ұйымдастыру қажет. Балалар еліміздің көрікті жерлері мен бай мәдени мұрасын танып-білуге тиіс, — деп атап өтті Олжас Бектенов. Мәдениет министрлігіне демалыс кезінде балалардың мұражайларға, театрларға, қорықтарға, ұлттық саябақтарға тегін баруын қамтамасыз ету тапсырылды.
@KZgovernment