
Қарағандылықтарды нұсқаушымен тегін йога сабақтарына шақырады. Жаттығулар жексенбі күндері өтеді.
Баршаны сағат 08:00 Каскад алаңында («Шахтер» футбол клубының монументінің оң жағында) күтеді. Өзіңізбен бірге кілемше мен су алу керек.
Жаңадан келгендер де, бұрыннан айналысатындар да айналыса алады. Жүйелі жаттығулардың арқасында дене нығайтылады, икемділік артады, күйзеліс деңгейі төмендейді, дейді Қарағанды саябақтарын басқару басқармасы.