
Қарағанды техникалық-құрылыс колледжінде жаңғыртылған жылыжай қондырғысы орнатылуда. Жоба Жаһандық Экологиялық Қордың шағын гранттар бағдарламасы бойынша жүзеге асырылуда. Студенттер энергия тиімді және ылғал үнемдеуші технологияларды өз бетінше сынай алады.
Жастардың экологиялық білімі саласындағы республикалық жобаны Қазақстандағы БҰҰДБ бастамасы бойынша "Ақбота" қоғамдық қоры жүзеге асырады. Оның мақсаты - қосарлы білім беруді дамыту, экологиялық технологиялардың мүмкіндіктерін көрсету.
Колледжде жарықдиодты жарықтандыру, ылғалдандыру және тамшылатып суару жүйесі бар жылыжай орнатылады. Жабдық жиынтығына қозғалыс датчиктері, фитодиодты шамдар жиынтығы, агрофибр және т. б. кіреді.
Қарағанды колледжіне Жаһандық Экологиялық Қордың шағын гранттар бағдарламасының өкілдері келді. Оның негізінде деректі фильм түсіріледі.
umckrg.gov.kz