Қарағандыда 102 жасқа келген Ұлы Отан соғысының ең қарт ардагері қайтыс болды

Қарағандыда 102 жасқа келген Ұлы Отан соғысының ең қарт ардагері қайтыс болды

Қарағандылықтар аты аңызға айналған тұлға – бұрынғы әскери дәрігер, Ұлы Отан соғысының ардагері Нина Николаевна Сорокинамен қоштасты. Осы жылдың қаңтар айында ол 101 жасқа толды. Қарт майдангер Ұлы Жеңістің 75 жылдығына дейін өмір сүрді. Соңғы сапарына оны 15 қыркүйекте шығарып салды.
Карантиндік шектеулер үшін бұқаралық қоштасу рәсімі өткізілген жоқ. Қоштасу туыстары мен жақындарының арасында өтті. Жерлеуді ұйымдастыруға Қарағанды қаласының Октябрь ауданының әкімдігі, қалалық әскери комиссариат және ардагерлер кеңесі көмектесті.
Соңғы сапарқа шығарып салу рәсіміне округ қолбасшылығының өкілдері қатысты. Отставкадағы медицина қызметінің полковнигіне соңғы әскери құрмет көрсетілді.
Нина Николаевна қартайған шағында жастармен көп кездесулер өткізген. Оның пәтерінде мектеп оқушылары мен кадеттер жиі қонақта болған. Ардагер оларға басынан өткен оқиғалары туралы айтып, ардагерлерлік тәлім беруге тарысқан.
«Надежда» ардагерлер хорының жетекшісі болды.
«Мен бала кезімнен ән айтқанды ұнатамын, ата-анам ән айтты, бұл маған да дарыды. Менің ойымша, әрқашан адамдар арасында болу керек, басқаларға мүмкіндігіңше көмектесу керек, ұнжырғаңды еш уақытта түсірмеуің керек. Ұзақ өмір сүрудің барлық құпиясы оптимизмде», - деп айтатын кейуана.
Нина Сорокина 26 жылы 1919 Қаңтарда Воронеж облысының Россошь ауылында бұрынғы император полкінің гвардияшысының отбасында дүниеге келді. 1941 жылы Воронеж медициналық институтын бітіргеннен кейін Алтай өлкесінде учаскелік дәрігер болып жұмыс істеді. Ұлы Отан соғысы басталғанда, брондауға қарамастан, майданға қатты сұрана бастады, ал төртінші әрекетінде бойжеткен әскерге жіберілді.
1942 жылдың мамыр айында 315-ші мотоатқыштар дивизиясының 362-ші атқыштар полкіне кіші дәрігер лауазымына қабылданды. Жауынгерлік қатарға қабылдануы Сталинград майданында өтті. Дон, Оңтүстік және 4-ші Украин майдандарының құрамында соғысқан. Украина мен Қырымды юосатуға қатысқан.
Әскери дәрігер жүздеген жараланған жауынгерлердің өмірін құтқарды.
«20 жастағы автоматшы жігіт Саша қолынан айырылды. Оның қолы тері жамылғысына ілініп тұрды. Шешімді сол жерде, жартаста қабылдауға тура келді. Егер қазіргі заман болса, мұз үстіне қойсам, микрохирургтер қосылар еді. Ал ол кезде кесіп тастауға тура келді. Ол маған көзі жасқа толып: «Мен енді соғыса алмаймын ба?» деп сұрады. Ол өмір бойы мүгедек болып қалғанына емес, әскерден шығарылатынына алаңдады», - деп еске алды Ұлы Отан соғысына қатысушы.
Көрсеткен ерлігі мен батылдығы үшін әскери дәрігер 1-дәрежелі Отан соғысы орденімен, «Жауынгерлік еңбегі үшін», «Сталинградты қорғағаны үшін», «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Германияны жеңгені үшін» медальдарымен марапатталды. Бейбіт уақытта жауынгерлік наградаларға Еңбек Қызыл Ту ордені, «Еңбек ерлігі үшін», «Ел қорғаны» медальдары қосылды.
1950 жылы Нина Сорокина Қарағандыға келді. Ол бүкіл өмірін медицинаға арнады. 25 жылдан астам Октябрь аудандық әскери комиссариатында әскери-дәрігерлік медициналық комиссиясын басқарды.
Есімізде мәңгіге қаласыз! Ардагердің туған-туыстарына қайғыра көңіл айтамыз.