
Қарағандыдағы QARAGANDY MARATHON 2020 күзгі марафонына дайындық қызу жүріп жатыр. Ол 10 қазанда өтеді. Карантиндік шектеулерге байланысты жарыс онлайн режимде өтеді. Тіркеу qaragandy-marathon.kz сайтында басталды. Ұйымдастырушылар дәстүрді сақтап, жаңашылдық енгізді.
Биыл алғаш рет «отбасылық» қашықтық пайда болды. Ата-аналарға балаларымен бірге 3 шақырым жүгіруге кеңес беріледі. Жүгіруді ұнататындар өздерінің мүмкіндіктеріне сай қашықтықты таңдай алады: 5 немесе 10 шақырым, жартылай марафон - 21 шақырым 97,5 м, марафон - 42 шақырым 195 м.
Марафон медалі бірегей болады. Ұйымдастырушылар Қарағандының көрікті жерлері бейеленген наградалармен марапаттау дәстүрін жалғастырды. Өткен жылы медаль дизайнында «Кенші даңқы» монументінің фрагменті пайдаланылды. Биыл таңдау Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығына орай Кеңес Одағының Батыры ұшқыш Нүркен Әбдіровтың ескерткішіне түсті.
Медальдің көлемі - 70 те 65,3 миллиметрге дейін. Бет жағында Нүркен Әбдіровтің ұшу формасындағы бейнесі бейнеленген. Артқы жағында - QARAGANDY MARATHON 2020 бас серіктесінің логотипі болады.
Қарағандылық Armana jol және Kúzdik Jarty Marathon жартылай марафондарының тарихында Нүркен Әбдіров ескерткіші ерекше мәртебеге ие. Осы жерден 2018 және 2019 жылдардағы жарыстар трассасының учаскелерінің бірі өтті.
QARAGANDY MARATHON 2020 ұйымдастырушыларының айтуынша, жарыс халықаралық деңгейде болуы мүмкін. Онлайн-жүгіруге шетелдік жеңіл атлеттер қызығушылық танытып, қашықтықтан қатысуға ниет білдіруде.
Жүгірушілер өз смартфонында нәтижелерді тіркейтін кез келген мобильді қосымшаны орнатуы қажет. Қашықтықты бағындырған соң ұйымдастырушыларға жүгіріп өткен тррекердің скриншотын жіберу керек.
Теміртаулық 63 жастағы жүгіруші Любовь Асанова жарысқа қатысатынын мәлімдеді. Оның спорттық қоржынында халықаралық және республикалық жарыстардың көптеген марапаттары бар. Ол велоспорттан КСРО спорт шебері, ҚР құрметті спорт қайраткері, Халықаралық супер марафоншылар қауымдастығының мүшесі. 2012 жылы «Бейбітшілік елшісі» атағына ие болды.
- Әрине, бұл күрделі жыл барлық жоспарларды шатастырды. Мен 40 жылдан астам уақыт жүгірдім. Қазақстанда бірде-бір марафонды өткізіп алмауға тырысамын. Барлық маусымдық жүгіру жарыстарына қатысамын. Қарағанды күзгі марафоны ерекше форматта өтеді. Әрине, мен қатысамын. Мен әлі қашықтықты таңдамадым. Мен күн сайын жүгіремін - әрқашан формадамын, - дейді Любовь Асанова.
Жарыс 10 қазан күні сағат 06:00-ден 22:00-ге дейін онлайн-режимде өтеді. Біріншілік ережесі, тіркеу формасы және барлық мәліметтер qaragandy-marathon.kz сайтында орналастырылған.
Естеріңізге сала кетейік, 2017 жылдың мамыр айынан бастап Қарағандыда Armanǵa jol халықаралық жартылай марафоны өтеді. 2019 жылы қыркүйек айында Kúzdik Jarty Marathon күзгі жартылай марафоны өтті.