Қарағанды облысында «Шұбаркөл Көмір» АҚ (ERG) белсендірілген көмірдің сынамалық өндірісін бастады. Бірінші партия тәжірибелік-өнеркәсіптік қондырғыдағы іске қосу-жөндеу жұмыстары барысында алынды. Өнімнің сапасын химиялық зертханада жүргізілген талдаулар растады.
- Шұбаркөл белсендірілген көмірінің негізгі артықшылығы – оның өзіндік құнынің төмендігі болып табылады. Шикізат ретінде арзан кокс ұсақ-түйегі қолданылады, ал энергия ретінде қазіргі уақытта жағылып жатқан кокс газы қолданылады. Бұл өндірістік қалдықтарды кәдеге жаратудың өте маңызды проблемасын шешуге көмектеседі, - деді «Шұбаркөл Көмір» АҚ операциялық тиімділік бөлімінің бастығы Александр Лапшин. - Бұл ретте осы технология бойынша алынған активтендірілген көмір сапасы жағынан нарықтағы осындай өнімдерден кем түспейді. Бірақ құны бойынша ол негізгі бәсекелестерге қарағанда 1,5-3 есе төмен болады.
Іске қосу-жөндеу жұмыстарына кәсіпорынның, ERG ғылыми-зерттеу инжинирингтік орталығының және «Аймлаб» ЖШС мердігерлік ұйымының мамандары қатысты. Қашықтықтан қол жеткізу бойынша жабдықты дайындаушы зауыттың мамандары – «Сплайн – М» ЖШҚ (Ресей Федерациясы) қосылды.
Кәсіпорын стандартын алу үшін белсендірілген көмірдің сынама үлгілері тәуелсіз зертханаға жіберілді. Сапа сертификатын алғаннан кейін өнеркәсіптік өндіріс басталады. Қондырғының қуаттылығы - жылына 1 000 тонна белсендірілген көмір болады деп жоспарлануда.
Жоба – импорт алмастырушы. Қазақстан қазір белсендірілген көмірді шетелден әкелуде, елдің қажеттілігі жылына 7 000 тоннадан асады. Бұл өнім гидрометаллургиялық, алтын өндіру, фосфат өнеркәсібінде, суды тазартуда қолданылады.
«Шұбаркөл Көмір» АҚ – Қазақстандағы жоғары сапалы күлі аз көмірдің ірі өндірушісі. Еуразиялық Топтың (ERG) құрамына кіреді. Кәсіпорын көмірді ашық тәсілмен өндіреді, сондай-ақ кокс газынан арнайы кокс және электр энергиясын өндіреді.
Шұбаркөл көмірінің күлділігі төмен (бар болғаны 4%) және калориясы жоғары (6 000 ккал/кг дейін). ERG көмірді Еуропа, Азия және әлемнің басқа да бөліктеріндегі 20-дан астам елге жеткізеді.
«Шубаркөл көмір» АҚ Корпоративтік коммуникациялар қызметінің ақпараты бойынша