
«Ашық диалог» порталында 16 қыркүйекте сағат 15.00-ден 18.00-ге дейін Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Серік Шайдаровпен интернет-конференция өтеді. Онлайн кездесудің тақырыбы - «Қарағанды облысында ауыл шаруашылығын дамыту туралы».
Сұрақ қою үшін dialog.egov.kz порталында тіркелу қажет.
«Ашық диалог» ҚР «Ашық үкімет» құрамбөлігінің бірі және мемлекеттік органдар мен қоғам арасында тиімді кері байланысты орнатуға арналған алаң болып табылады.