
Жеке меншігінде жер учаскелері мен жылжымайтын мүлкі бар барлық жеке тұлғалар 2019 жылға жер салығы мен мүлік салығын төлеуге тиіс. Төлеу мерзімі – 2020 жылдың 1 қазанына дейін, деп хабарлайды ҚР Қаржы министрлігінің баспасөз қызметі.
Осы салықтар бойынша есептелген сомалар туралы ақпарат «Салық әмиянында» қол жетімді.
Бұл деректерді ЖТ (жеке тұлғалар) және ЖК алдағы төлемдердің ашық сервисінен e-Salyk мобильді қосымшасында немесе осы мобильді қосымшадағы «Салық әмияны» Сервисінің жеке кабинетінде алуға болады.
Мұнда есептелген сомалар екінші деңгейлі банктердің, «Қазпошта» АҚ төлем карталарының көмегімен толтырылған деректемелер бойынша төленеді.
E-Salyq бағдарламасын Play Market немесе App Store-дан жүктеуге болады.