
Қате есептелген салықтар немесе меншігінде жоқ жылжымалы немесе жылжымайтын мүлік бойынша салық міндеттемелерін түзету мүмкіндігі «салық әмияны» сервисінің «салық салу объектілері» бөлімінде қолданылады.
Мұнда сіздің атыңызға тіркелген салық салу объектілері (мүлік, жер, көлік құралдары) бойынша деректерді қарауға болады.
Салық салу объектілері бойынша қате деректермен проблемаларды шешу үшін деректерді түзету сервисі іске асырылды:
- 7 қыркүйекте көлік құралдары салығы бойынша салық салу объектілерін түзету функционалы іске қосылды;
- 11 Қыркүйек - мүлік салығы бойынша салық салу объектілерін түзету функционалы.
Енді «салық әмияны» арқылы объектілер бойынша мәліметтерді өзектендіруге уәкілетті мемлекеттік органдарға (ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті және «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ) электрондық өтінімдерді беруге болады.
Жер салығы бойынша салық салу объектілері бойынша деректерді түзету сервисі 2020 жылдың соңына дейін іске асырылатын болады.
Естеріңізге сала кетейік, ҚР Салық әмияны – салық төлемдерін бірнеше салық түрлері бойынша берешекті өтеу үшін бірыңғай деректемелерден бөліп, оларды қабылдауға және өңдеуге мүмкіндік беретін арнайы сервис. Бұл автоматты режимде жасалады. Ал Сервистің өзі ыңғайлы eSalyq мобильді қосымшасы арқылы жүзеге асырылады, оны App Store және Play Market-тен жүктеуге болады.
Оның көмегімен жеке тұлғалар мен ЖК үшін салық төлеу рәсімі жеңілдетіледі.
ҚР Қаржы министрлігінің ақпараты бойынша