Қарағанды облысын индустрияландыру: өндіріс көлемі үш есеге, еңбек өнімділігі бір жарым есеге артты

Қарағанды облысын индустрияландыру: өндіріс көлемі үш есеге, еңбек өнімділігі бір жарым есеге артты

Қарағанды облысында индустрияландырудың екі бесжылдығының нәтижелері баяндалды. Осы жылдар аралығында 7 400-ден астам жұмыс орнын құрумен жалпы сомасы 353 млрд.теңгеден астам қаражатты құрайтын 92 жаңа жоба іске асырылды. Жаңа импортты алмастыратын өнім шығару игерілді.

2020-2025 жылдарға арналған индустриялық-инновациялық дамудың мемлекеттік бағдарламасы аясында Индустрияландыру картасы жобаларын іске асыру барысы онлайн режимінде аппараттық кеңесте талқыланды.

- 2010 жылдан бастап іске қосылған жобалармен 1,5 трлн теңгеге өнеркәсіп өнімі өндірілді, оның ішінде ағымдағы жылдың І жартыжылдығында - 252 млрд теңгеден астам сомаға. Жобаларды іске асыру өндіріс көлемін 3,1 есеге, еңбек өнімділігін 1,5 есеге арттыруға мүмкіндік берді (2009 ж. - 30,8 мың АҚШ долл. бір адамға, 2019 ж. - 46,1 мың АҚШ долл. адам басына), негізгі капиталға инвестициялар - 2,5 есе (2009 ж. - 76,6 млрд теңге, 2019 ж. - 188,7 млрд теңге), - деп баяндады Өнеркәсіп және индустриялық-инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары Қайрат Шорманбаев.

Ол облыста шығарылатын өнімнің бірнеше түрін атады. Бұл болат арқандар, барит концентраттары, шарлы крандар, отқа төзімді материалдар, ферросилиций және т.б. Мұның бәрі импортты алмастыратын өндіріс, осыған дейін ұқсас тауарлар шетелден жеткізілетін.

Индустрияландыру картасына жалпы сомасы 911 млрд.теңгеге 13 мыңнан астам жұмыс орнын құрумен 118 жоба енді. Олардың үшеуі республикалық Картаға енгізілген.

Бірінші бесжылдықта (2010-2014 жж.) жалпы сомасы 123 млрд. теңгеге 58 жоба іске қосылды, 4 596 жұмыс орны құрылды. Екінші кезеңде (2015-2019 жж.) 2 828 жұмыс орнын құрумен 202,7 млрд. теңгеге 33 жоба іске асырылды.

Қазіргі уақытта облыста 2 трлн теңге сомасына 45 ірі инвестициялық жоба іске асырылуда, оның ішінде 20 шетелдік компаниялардың қатысумен. 2020 жылға 12 инвестициялық жобаны іске қосу жоспарланған болатын. Олардың алтауы іске қосылды, және тағы осынша бөлігі жыл соңына дейін қалды.

«Qaz Carbon» ЖШС байыту фабрикасының құрылысымен құю өндірісін жаңғыртуды аяқтайды. «Жәке» және «Шанс» шаруа қожалықтары етті және сүтті мал шаруашылығын дамыту саласында жобаларды іске асыруда. «Polymet Solutions Corporation» ЖШС резеңке-техникалық бұйымдар шығаратын жаңа кәсіпорын ашады.

 «QazTehna» ЖШС Yutong автобустары мен карьер және жол-құрылыс техникасын шығаратын зауыт ең ірі жоба болып табылады. Жыл сайын 1 200 автобус пен 500 бірлік арнайы техника мен арнайы көлік шығару жоспарланып отыр.

«YDD Corporation» ЖШС үшінші пешті іске қосудың арқасында өнім шығаруды екі есеге арттырады. Бұл Қазақстанға ферросилиций өндірісі бойынша әлемде бесінші орынға шығуға мүмкіндік береді.

Облыс әкімі Жеңіс Қасымбек жаңа инвестициялық жобаларды іздеу қажеттігін атап өтті. Өңір басшысы кәсіпкерлікті қолдау картасын толтыру бойынша жұмысты күшейтуді тапсырды.