
Қарағандыда бейбіт жиындар туралы заң қабылданғаннан кейін алғаш рет митинг өтті. Қала тұрғындары қазақстандық жерлерді шетелдіктерге жалға беруге қарсы шығып, мемлекетті несиелерін өтеуге көмектесуге шақырды. Абай ескерткіші жанындағы алаңға плакаттармен он адам шықты. Жиналыс туралы қала әкімшілігіне алдын ала хабарланды.
Митингті ұйымдастырушы – Теміртас Нағметуллаев. Қарағанды тұрғыны қазақстандық жерді шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға жалға беруге болмайды деп есептейді. Бейбіт митингке келген ол және оның жақтастары мемлекет азаматтарға, әсіресе пандемия кезінде, тұтынушылық несиелерді мемлекеттік бюджет есебінен өтеу арқылы көбірек қамқорлық көрсетуі керек деген пікір білдірді.
- Қазір пандемия. Көптеген бизнесмендер несие алған кезде, олардың кәсіпорындары ұзақ уақыт тұрып қалатынын болжаған жоқ. Сондықтан, әрине, пайда да болған жоқ, несиелерді жабатын қаражаттары жоқ. Мемлекет осындай қиын кезеңде кәсіпкерлерге қамқорлық көрсетіп, қолдау білдіруі тиіс, - деп есептейді митингке қатысушы Рамазан Ақашев.
Алаңда наразылық білдірушілердің плакаттары өтіп бара жатқан адамдардың назарын аударды. Олардың кейбіреулері де сөйлеуге шешім қабылдады, бірақ бәрі бірдей жиналыстың бастамашыларын қолдамайды.
- Бұл сонда қалай? Миллиондаған несие алып, кенеттен оны кешіру керек пе? Оларды кім және қайдашығынға шығармақ? Олар ненің есебінен жабылады? Ал мемлекетке бұл ақша қайдан келеді? Мұнда бәрі сауатты жасалған деп ойлаймын. Адамдарға әрқашан несие алу шарттары түсіндіріледі, сіз оларды қалай төлейтіндігіңізді ойлауыңыз керек. Барлық несие алғандар борыштарын әрқашан өздері төлеп келді. Несие, былай қарасаңыз қарыз, ал біз өз қарыздарымызды әрқашан өзіміз өтейміз Бұл несиелерді біздің салықтарымыздың есебінен жабудың қажеті жоқ. Бұл біздің балаларымыз біреудің несиесін өтейтінін білдіреді, - дейді зейнеткер Елена Касымова.
Кейбір өтіп бара жатқан адамдар митингіге өткен жылы ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жариялаған кредиттік рақымшылық туралы еске салды. Ол халықтың әлеуметтік осал топтарының өкілдеріне қатысты болды: көп балалы отбасылар; мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар; жалғыз асыраушысынан айрылғандар; түрлі себептерге байланысты өмірлік қиын жағдайға тап болған жетім балалар; атаулы әлеуметтік көмек алушылар.
Борышкерлерге 300 мың теңгеден қарыздары өтелді. Бұдан басқа, жарты миллион қазақстандық қосымша несиені өтеу үшін 300 мың теңгеден алды.
Қазақстандық жерлерді кімге болса да беру мәселесіне келетін болсақ, Мемлекет басшысы бұл мәселеге де нүкте қойған. 2020 жылдың 10 шілдесінде ол жер шетелдіктерге сатылмайтынын және бұл түпкілікті шешім екенін айтты. Ол игерілмеген жерлерге түгендеу жүргізуді тапсырды, нәтижесінде 12,8 миллион гектар пайдаланылмайтын жердің 7 миллион гектары мемлекетке қайтарылды.
Митингке қатысушылар барлық нормалар мен талаптарды сақтағанын атап өткен жөн: маска режимі және әлеуметтік қашықтық, сондай-ақ ұйымдастырушының киімінде тиісті ерекшелік белгілері болды.
Тәртіп сақшыларының қауіпсіздігі үшін жедел жәрдем көлігі мен полиция қызметкерлері кезекшілікте болды.
Естеріңізге сала кетейік, осы жылдың мамыр айында ел Президенті йҚазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» Заңға қол қойды. Оған сәйкес бейбіт митинг үшін бұдан былай рұқсат алудың қажеті жоқ - бұл туралы Жергілікті атқарушы органға хабарласа жеткілікті.