
Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің «Адалдық Алаңы» жобалық кеңсесінің қызметкерлері Қарағанды облысының экологиялық проблемаларының Жол картасын талқылау бойынша онлайн-кездесу өткізді. Конференцияға сондай-ақ табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының басшысы, өңір экологтары және ірі табиғат пайдаланушылардың өкілдері қатысты.
Сонымен қатар, «Адалдық Алаңы» жобалық кеңсесінің басшысы Дмитрий Калмыков 2020 жылдың 8 айындағы жұмыс қорытындысын баяндап, өтініштердің сапалы қаралу мысалдарын келтірді.
Сондай-ақ, ол Қарағанды облысының кез келген тұрғыны қоршаған ортаны қорғау мәселелері бойынша «Адалдық Алаңы» жобалық кеңсесіне жүгіне алатынын атап өтті. Кеңсе Бұқар жырау даңғылы, 47-де орналасқан.
«Адалдық Алаңы» жобасының мақсаты - мемлекеттік органдардың ашықтығын, жариялылығын, есептілігін арттыру және қоғамда парасаттылық мәдениетін қалыптастыру болып табылады.
Қарағанды облысы экология департаментінің ақпараты бойынша