
Қарағандыда «1С бағдарламашы» мамандығын оқыту курстарына мүгедектігі бар адамдарды және оларға күтім жасайтындарды қабылдау жүріп жатыр. Өтінімдер 7 мамырға дейін қабылданады.
Оқыту барысында:
- 1С бойынша 4 ай практикалық сабақтар мен дәрістер өтеді;
- 2 ай тағылымдама;
- Қарағанды компанияларына жұмысқа орналастыру қарастырылады.
Оқуға кім өтініш бере алады?
- мүгедектігі бар адамдар;
- мүгедектігі бар адамдарға күтім жасайтын адамдар.
Өтінім беру және қосымша ақпарат алу үшін +7-705-289-16-09 нөміріне хабарласуға болады.
Жоба Қарағанды облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының тапсырысы бойынша іске асырылуда.